КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ! Ұстаз аты- биік әрі мәңгілік

Ұстаздық өте жауапты мамандық екені баршамызға белгілі. Ұстаз – мектептің де, қоғамның да, ғылымның да, білімнің де, ұлттың да, адамгершілік пен ерліктің де, жақсы мінез бен ақындықтың да нағыз жанды өкілі және көшбасшысы.Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім нәрін себеді.Әр шәкіртін аялап ,өсіріп өмір атты,шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады,яғни, өмір сүре білуге тәрбиелейді.Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп,тер төгетін ұстаздарымыздың бірі-Бастыкова Гүлбаран Жусипкызы. Бастыкова Гүлбаран Жусипкызы Түркістан облысы,Қазығұрт ауданы Қыдыр Мәмбетұлы аулында 27.03.1966 жылы дүниеге келген. 1987-1991 жылдар аралығында Жетісай қаласындағы Мәдени ағарту училищесін «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша бітірген соң, Мәдени жалпы орта мектебінде кітапханашы болып жұмыс атқарған. 1998-2001 жылдар аралығында Шымкет қаласындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітіріп, бұл күндері осы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып еңбек етіп келе жатыр.

Бастыкова Гүлбаран Жусипкызы – бірінші санатты, педагог-зерттеуші. Еңбек жолында педагогикалық білімімен, біліктілігімен биік белестерді бағындырып,көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, білім саласында шәкірттерге саналы тәрбие мен сапалы білім беруде аянбай еңбек етіп келе жатқан – ұлағатты ұстаз. Өз ісінің білікті маманы, қажыр-қайрат пен зор ізденісінің арқасында мектепте қоғамдық- гуманитарлық пәндердің көшбасшы, ұйымдастырушылық қабілеті мол, мектеп ұжымы мен шәкірттердің жүрегіне жол таба білген білікті ұстаз. Қазақстан Республикасының білім беру саласында 33 жылдан бері өз үлесін қосып келеді. Педагогикалық еңбек өтілінде атқарған жұмыстарының нәтижелерін Ғылыми жобалардан,олимпиядалардан жүлделі орындар алып,ұлттық бірыңғай тестілеуде грант иегерлерін дайындап олардың жақсы маман болуына өз үлесін қосуда. Облыстық аудандық марапаттары, наградаларының иегері.Бала тәрбиесіне жан дүниесімен берілген, оның нағыз мақсаты айқын маман екенін көруге болады.

Ұстаз еңбегінің жемісі шәкірттерінің жеткен жетістігімен бағаланады.

Атап айтсақ:

– мектебіміздің талантты шәкірттері Рысқұлбек Арайлым,Бимурза Самал аудандық пән олимпиадасынан жақсы көрсеткіш көрсетіп,II-III орындарды иеленген.

– 2018-2019 оқу жылында Қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожановтың өмірі мен шығармашылығына арналған аудандық ғылыми жоба жарысынан Жақан Назгүл I орын, Республикалық аймақтық ғылыми жоба жарысы бойынша сертификат және мадақтама ;

-2020-2021 оқу жылында аудандық Мәдениет бөлімі өткізген М.Мақатаевқа арналған байқауда 10- сынып оқушысы Расулбек Мадина I орын;

– 2021-2022 оқу жылында аудандық оқушылар арасында өткізілген ғылыми жоба жарысында оқу жылында 5- сынып оқушысы Оралбек Көркем III орын;

– 2021-2022 оқу жылында аудандық «Мағжан » оқуы бойынша 8-сынып оқушысы Теміралы Аяулым 2-орын;

-2022-2023 оқу жылында аудандық «Ақберен » байқауында шешендік,білгірлік номинациясы бойынша 1 орын,облыста мадақтама;

– 2022-2023 оқу жылында аудандық М.Мақатаев оқуынан 10-сынып оқушысы Байзақ Балзия 1 орын,облыстан II дәрежелі диплом;

-2022-2023 оқу жылында IV республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауының аудандық кезеңінен 10-сынып оқушысы Байзақ Балзия I орын,облыстық кезеңінен II дәрежелі диплом;

Ұстаздардың игі істері әрдайым ел есінде жүреді.Сондай игі істердің бірі Аудандық «Білімді ұлт- тұрақты даму кепілі» тақырыбындағы Тамыз кеңесінің Қазақ тілі мен әдебиеті пәні секция жұмысында өзінің кәсіби біліктілігі мен жаңашыл ізденісінің жаңалықтарымен бөліскені үшін білім бөлімінің Мадақтамасын иелеленді

«Мәңгілік Елдің Мәртебелі мұғалімі» жинағында озық тәжірибесі басылып шығып, Мәңгілік Елдің Мәртебелі мұғалімі төсбелгісімен марапатталды.Мектебіміздегі кәсіподақ ұйымында көп жылдар атқарған еңбегі еленіп, Үздік кәсіподақ қызметкері төсбелгісімен марапатталды.

«Ахмет Байтұрсынұлы-ұлттың ұлы ұстазы» республикалық ғылыми практикалық конфернцияның материалдары жинағының I томына мақаласы жарияланды.

 

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ!  Ұстаз аты- биік әрі мәңгілік КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ!  Ұстаз аты- биік әрі мәңгілік КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ!  Ұстаз аты- биік әрі мәңгілік КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ!  Ұстаз аты- биік әрі мәңгілік КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ!  Ұстаз аты- биік әрі мәңгілік КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ!  Ұстаз аты- биік әрі мәңгілік