КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ. Ұстаз-келер күннің ұстасы.

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Көкарал ауылы, М.Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектептің химия пәнінің мұғалімі Нұрымбетов Ернар Амангелдіұлы.
Ұстаз-келер күннің ұстасы. Балалардың қалыптасып келе жатқан дүниетанымының, өмірге деген көзқарасының иесі. Біздердің бүгінгі болмысымыз әліппені жаттатқызып, қолға қалам ұстатқан кешегі ұстаздарымыздың еңбегі. Ендеше, ұрпағымыздың ертең қандай адам болып өсетіні – мұғалімдердің бүгінгі еңбегінің жемісі болмақ.
Ернар Амангелдіұлы 1983 жылы бірінші қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Көкарал ауылында дүниеге келген. 1989 жылы М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебіне 1-ші сыныпқа қабылданып, 2000 жылы орта білім алып шықты. 2000-2004 жылдары Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Кентау қаласындағы бөлімінде химия пәні мұғалімі мамандығы бойынша оқып, жоғары білім алған. Ұстаздық еңбек жолын 2004 жылы қыркүйек айында Ордабасы ауданы, Көкарал ауылында өзі білім алған Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебінде химия пәнінің мұғалімі болып бастады. Білімі-жоғары. Санаты:Педагог-зерттеуші. 20 жылға жуық педагогика саласында қызмет атқарып келе жатқан, білікті маман. 2014 жылдан Түркістан облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің комиссия мүшесі.
2013 жылы Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші деңгей бағдарламасы бойынша,
2021 жылы Шымкент қаласында Педагогикалық шеберлік орталығында «Жаратылыстану және химия мұғалімдерінің пәндік құзіреттерін дамыту»,
2021 жылы «Өрлеу» БАҰО АҚ Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институтында «Педагогтердің цифрлық құзырлығын дамыту» оқыту курстарынан өткен.
Ернар Амангелдіұлының және шәкірттерінің жетістіктері:
2013 жылы аудандық мұғалімдер олимпадасында 1 орынды иеленді.
Аудандық пән олимпиадасында 2012 жылы 9-сынып оқушысы Байболат Гүлбала жүлделі 1 орынды,
2015 жылы 9-сынып оқушысы Г.Хасанова 3 орынды,
2016 жылы 10-сынып оқушысы А.Уалихан 3 орынды,
2017 жылы 9-сынып оқушысы Ұ.Әсілхан 2 орынды,
2018 жылы 10-сынып оқушысы Н.Қосымбай 2 орынды,
2020 жылы 11-сынып оқушысы Н.Қосымбай 1 орынды иеленсе,
2021 жылы 8-сынып оқушысы А.Әбдіжапбар Ресбуликалық «Айқанат» олимпиадасының республикалық кезеңінің абсолютті чемпионы атанды.
2022 жылы 9-сынып оқушысы А.Әбдіжапбар пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінен 3 орынды,
2022 жылы 9 сынып оқушысы Е.Жақып Қ.Сәтбаев олимпиадасының аудандық кезеңінен 1 орынды,
2024 жылы Ауыл балаларына арналған пәндік олимпиадада 10-сынып оқушысы А.Жаңабай республикалық кезеңінде 3 орынды, 9-сынып оқушысы Д.Әбдірахман облыстық кезеңінде 1 орынды,
2024 жылы 8-сынып оқушысы М.Әбдіжапбар жасөспірімдер олимпиадасының аудандық кезеңінде 2 орынды иеленіп, білім нәрімен сусындатқан шәкірттері ұрпақ тәрбиесі жолында қызмет етіп келе жатқан жаңашыл ұстаз Ернар Амангелдіұлының еңбегін еш кетірмеді.
«Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады»-деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, Қазақстан мемлекетінің өсіп-өркендеп, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу ұстаз атаулының міндеті деп өзіне серт берген Нұрымбетов Ернар Амангелдіұлына мықты денсаулық, отбасына бақ-береке, шығармашылық табыстар, елiмiздiң дамуына үлес қосатын шәкірт тәрбиелеуіне тілектеспіз!

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ. Ұстаз-келер күннің ұстасы. КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ. Ұстаз-келер күннің ұстасы. КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ. Ұстаз-келер күннің ұстасы.