КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ ҰСТАЗ – ҰЛЫҚ ЕМЕС, ҰЛЫ ҚЫЗМЕТ

Түркістан облысы, Төле би ауданы, Көксәйек ауылы «Нұрсәт» бөбекжай бақшасы меңгеруші Муздыбаева Жамила Исаевна-ұстаздық, бала тәрбиелеу – зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және азаматтық құндылықтарды ұрпақ бойына дарыту. Алға талпынған оқушының алдында ұстаздың жауапкершілігі зор. Сондықтан, оқытушылық жолды таңдауда, алдымен, мың ойланып, жүз толғану керек. Өйткені, ол – жауапты мамандық. Адамның адам болып қалыптасуында үлкен рөл атқарады.
«Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» – деп бекер айтылмаған. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие — әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық.
Бала өмірге қадам жасаған сәтте оның жолында небір қиындықтар кездеседі, сол кезде өзінің тәжірибесімен бөлісетін адам сол баланың өмірінде өшпес із қалдырады. Ата-анамыз біз өмірге келген күннен бастап: жүріп-тұруға, оқуға, санауға, жаза білуге, қоғамдық орындарда өзімізді қалай ұстау керек екендігін үйретеді. Алайда ата-ананың үйде берілген тәрбиесі жеткіліксіз, өйткені олар балаға өзінің нәрестесі ретінде қарайды. Ата-анамыздан кейінгі ақылымен бөлісер, ар-ұятты бойғы сіңірер бірде-бір адам болса, ол – ұстаз.
Білікті маманның еңбек жолына зер салсақ: 1991 – 1995 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы Әл- Фараби атындағы Шымкент педогокикалық мәдениет институтын «Музыка пәні мұғалімі» мамандығын алып шығады. Еңбек жолын 2001 – 2006 жылдары Шымкент қаласындағы №106 «Красная шапочка» бөбекжай бақшасы МКҚК – музыка жетекшісінен бастайды. 2007 – 2012 жылдары Шымкент қаласы, №86 «Алтынай» бөбекжай бақшасы МКҚК – музыка жетекшісі болып жұмыс атқарады, 2006 – 2007 жылдары Шымкент қаласы, №95 «Алтын дән» бөбекжай бақшасы МКҚК – музыка жетекшісі, 2012 – 2021 жылдары Түркістан облысы, Төле би ауданы, Бірінші мамыр ауылы «Айсұлтан» бөбекжай бақшасы МКҚК – музыка жетекшісі, 2021 – 2022 жылдары Ленгер қаласы, «Жансая» бөбекжай бақшасы МКҚК – музыка жетекшісі, 2021 – 2022 жылдары Ленгер қаласы, «Боташым» бөбекжай бақшасы МКҚК – әдіскер қызметін атқарды.
Қазіргі таңда 2022 – 2024 жылдары Түркістан облысы, Төле би ауданы, Көксәйек ауылы «Нұрсәт» бөбекжай бақшасы меңгерушісі болып жұмыс істеп келеді.
Осы орайда соңғы жылдағы кәсіби жетістіктеріне тоқталып өтсек:
2022 жылы Түркістан облысы, Төле би аудандық семинар.
Халықаралық ІІ конференция «Махаббат жүректің даналығы», тақырыбы «Педогог от Сердца».
Республикалық конференция «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту моделін іске асыруда мектепке дейінгі білім берудегі басқару және менеджмент» – 72 сағат (22.04 – 30.04.2024ж.).
Республикалық ғылыми – әдістемелік конференциясы «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымындағы жобалық қызмет» 05.11.2024 жыл Алматы қаласы.
Осы жетістіктеріннің нәтижесінде:
Оқу – ағарту министірі Ғани Бейсембаевтан алғыс хат.
Төле би аудандық білім бөлімінен алғыс хат.
«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасы.
Төле би ауданы, Көксәйек ауылдық округі әкімнен Құрмет грамотасы.
Төле би аудандық мәслихатының грамотасымен 2023 жылы марапатталды.
Төлеби аудандық кәсіаодақ комитетінің баспасөз қызметі.