КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ. ӨМІРДІҢ ӨЗІ ДЕ ҰСТАЗ.
Бірақ осынау «ұстаз» сөзінің астарында мыңдаған білім мен ғылым, махаббат пен сүйіспеншілік жатқанын вся байқай бермейміз. Ұстаз болу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Шәкірт тәрбиелеу, оны биікке жетелу, қанаттандыру, жаны мен тәнін, болмысы мен барын беру тек ұстаздың қолынан келетін қасиеттер.
Қайнар жалпы білім беретін мектебі директорының екінші біліктілік санатты оқу ісінің орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің педагог-шебер санатты ұстазы Сытышев Ертуған Сәрсенбайұлы 1976 жылы 1 қаңтарда қазіргі Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Қайнар ауылында ұстаздар отбасында дүниеге келген. 1981 жылы Қайнар жалпы білім беретін мектебінің (бұрынғы Карл Маркс атындағы орта мектеп) 1-сыныбына қабылданып, 1992 жылы осы мектепті «Күміс медальмен» бітіріп шығады. 1993 жылы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, 1997 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Гуманитарлық университетін қызыл дипломмен бітіреді.
1997 жылы Қайнар жалпы білім беретін мектебіне қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қабылданып, қазіргі күнге дейін осы мектепте абыройлы қызмет атқарып келеді.
1997 жылы ұжымның қолдауымыен 2017 жылға дейін мектепішілік кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
2016 жылдан бері мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарып келеді.
Сытышев Ертуған Сәрсенбайұлының шәкірт тәрбиелеу жолында жеткен жетістіктері аз емес. Атап айтар болсақ:
2017 жылы оқушысы Сәрсенбай Бақыт аудандық пән олимпиадасында ІІІ орын;
2018 жылы оқушысы Сәрсенбай Айдана аудандық шығармалар байқауында І орын;
2018 жылы оқушысы Сәрсенбай Айдана облыстық шығармалар байқауында І орын;
2018 жылы оқушысы Сәрсенбай Бақыт аудандық пән олимпиадасында ІІ орын;
2018 жылы оқушысы Болыс Нұргүл аудандық «Махамбет оқулары» байқауында І орын;
2018 жылы оқушысы Болыс Нұргүл облыстық «Махамбет оқулары» байқауында ІІІ орын;
2019 жылы республикалық «Altyn tobylgy» зияткерлік олимпиадасында оқушысы Мадуалы Шұғыла І орын;
2019 жылы республикалық «Altyn tobylgy» зияткерлік олимпиадасында оқушысы Мақұлбек Ақнұр ІІ орын;
2019 жылы оқушысы Тастанбек Айтолқын «IQANAT» олимпиадасында І орын алып, мектеп мерейін көтерген болатын.
Сытышев Ертуған Сәрсенбайұлы еңбек еткелі түрлі марапаттарға ие болып келеді. Атап айтар болсақ
2008 жылы «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен;
2015 жылы Аудандық білім бөлімінің алғыс хаты;
2015 жылы «Нұр Отан» партиясының алғыс хаты;
2018 жылы Төлеби аудандық білім бөлімінің алғыс хаты;
2018 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының әдістемелік кабинетінің алғыс хаты;
2019 жылы Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқарамасы облыстық әдістемелік орталығының мадақтамасы;
2019 жылы Түркістан облысының білім басқармасы облыстық әдістемелік орталығының ІІІ дәрежелі дипломы;
2019 жылы Түркістан облысы білім басқармасының алғыс хаты;
2019 жылы Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының құрмет грамотасы;
2020 жылы Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының құрмет грамотасы;
2021 жылы «Нұр Отан» партиясының алғыс хаты;
2022 жылы Түркістан облыстық білім беруді дамыту орталығының ІІІ дәрежелі дипломы;
2022 жылы Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің алғыс хатымен марапатталған.
Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.