КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ
Республикалық «Үздік оқырман» байқауына қатысушы ұстаз.
Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Қараспан ауылы, Бейсен Оңтаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Шарипова Айжан Сабырқанқызы.
«Мектептің жаны-мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақ. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім»-деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай бұл мамандық иелерінің білімді болашақ ұрпақ қалыптасуындағы еңбегі ерен.
Айжан Сабырқанқызы 2002 жылы Түркістан қаласындағы Қ.А. Яссауи атындағы қазақ-түрік университетіне түсіп, 2007 жылы информатик мамандығын алды. 2008 жылдан қазіргі таңға дейін Ордабасы ауданы, Қараспан ауылында Бейсен Оңтаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде жұмыс жасап келеді. 2013 жылдан бастап информатика пәнінің мұғалімі болып жұымыс атқаруда. Қазіргі таңда 10 “а” сыныбының жетекшісі. Білімі-жоғары. Техника ғылымдарының магистрі. Педагог- модератор.
Айжан Сабырқанқызының жетістіктеріне тоқталаатын болсақ;
2019 жыл «Үздік сынып жетекші» аудандық байқауында ІІ орынды иеленіп алғыс хатпен,
2019 жылы облыстыұ «Ең білімді педагог» байқауынан І орын дипломымен,
2019 жыл «Ең үздік сынып жетекші» аудандық байқауынан І орын дипломымен,
2020 жылы «Мың бала» ұлттық олимпиадасының жеңімпазы 6 «А» сынып оқушысы Оразбек Аружан Ермаханқызын дайындағыны үшін алғыс хатпен,
2021,2022,2023 жылдары «АМАNAT» партиясы, Ордабасы аудандық филиалы төрағасының алғыс хатымен,
2021 жылы «Тәуелсіз Қазақстан және Елбасы» үздік ғылыми-зерттеу жобасына республикалық байкауының аудандық кезеңінен өткен 8 «А» сынып оқушысы Адил Әсел Асхатқызының жетекшісі ретінде I орынды дипломмен,
2022 жылы Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің Құрмет грамотасымен,
2022 жылы «Республикалық ғылыми жобалар» аудандық кезеңі, «Информатика» секциясы, 9 «А» сынып оқушысы Қабылбек Гүлжан Бақытханқызын дайындағаны үшін III дәрежелі дипломмен,
2022 жылы «Зерде» республикалық конкурсының аудандық кезеңі, «Математика, информатика» секциясы, 2 «А» сынып оқушысы Қабылбек Аружан Бақытханқызының жетекшісі ретінде III дәрежелі дипломмен,
2022 жыл Ордабасы аудандық мәслихатының алғыс хатымен,
2022 жылы «AMANAT AQYLMAN» интелектуалды ойынының аудандық деңгейінде қатысқаны үшін, «AMANAT» париясы, Ордабасы аудандық филиалының Алғыс хатымен,
2022 жылы «Бала тәрбиесі және дін» тақырыбындағы аудандық тәжірибелік семинар өткізген үшін, Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің алғыс хатымен,
2023 жылы «Алғашқы әскери дайындық сабағында озат тәжірибені қолдана отырып білім сапасын арттыру» аудандық тәжірибелік семинар өткені үшін, Ордабасы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім алғыс хатымен,
2023 жылы Ордабасы аудандық мәслихатының алғыс хатымен,
2024 жылы «Үздік оқырман» Республикалық мұғалімдер байқауы, «А.Байтұрсынұлы Білім Академиясының» мадақтамасымен,
Республикалық «Оқуға құштар мектеп» жобасына үлес қосу және оқушылар мен мұғалімдер арасында кітап оқу мәдениетін насихаттау мақсатында «А.Байтұрсынұлы Білім Академиясы» өткізген «Үздік оқырман» байқауынының шарттары бойынша ІІІ кезеңнен топ жарып, әр кезеңде іріктелген 5 кітапты оқып, ашык сұрақ жауаптар арқылы қатысқан 3500 педагогтан І кезеңнен 2500, ІІ кезеңнен 900 педагог іріктеліп, ақтық мәреге 50 педагогпен бірге өткен Айжан Сабырқанқызы ағымдағы жылдың 27 қаңтар күні Астана қаласында Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектеп базасынд оқыту ісінің үздік әдіскер-тренерлері Қисымова Алима Қисымқызы мен Дюсупбаева Қарлығаш Советханқызының «Кітап адам миының кинотеатры», «Кітап шабыттың көзі» тақырыбында шебер сыныптарға қатысып, қорытынды мараптаттау рәсімінде Шарипова Айжан мақтау грамотасымен марапатталып ҚР Ұлттық Академиялық Кітапханасына және «Ogyrman» кітап дүкеніне экскурсия жасап құнды материалдармен танысып қайтты.
Айжан Сабырқанқызының жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жолындағы еңбегіне табыс, шығармашылық жетістіктер, саламатты денсаулық және білім мен ғылымды игеруде ізденісте болуына тілектеспіз.
«Кітап-өмір ұстазы. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай өмірді білу. Білім алу мүмкін емес»,-деген Серке Қожамқұловтың өмірлік сабағын ұрпақтарымыздың дағдысына айналдыруға ықпал етейік.
Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.