КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

«№35 Болашақ жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің биология пән мұғалімі Бекназарова Алтынкуль Алибаевна

Бекназарова Алтынкуль Алибаевна жоғары білімді. Мұғалімдік саласын осы аталған мекемеде 2009 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.

Бекназарова Алтынкуль Алибаевна қызметі барысында өзін білікті, білімді маман, іскерлік қабілеті жоғары мұғалім ретінде көрсете білді. Жұмысына өте жауапты, белсенді, ұжыммен тез тіл табыса алатын, беделді маман иесі.Білім саласында оқушыларға берген білім мен тәрбие беруде өзін жақсы маман ретінде көрсетіп аянбай еңбек етіп келеді. Өте тиянақты, шыншыл, білікті, сауатты маман.

Бекназарова Алтынкуль Алибаевна-нағыз маман иесі, шәкірттерінің жүрегіне жол таба білген ұстаз. Сабағында жаңа технология элементтерін жүйелі түрде қолданып, оқушылардың білім сапасын көтеріп келеді. 11-ші сынып оқушыларын ҰлттықБірыңғай Тестілеуге дайындауда, мықты маман иесі. Өз жұмысына аса ұқыптылықпен, жауапкершілікпен қарайтын байсалды, тыным таппайтын ұстаз. Әрбір баланың сапалы білім алуына, адамгершілік пен ізгілікті тәрбие алуына көп көңіл бөледі. Өз еңбегінің, қажырлығының арқасында түрлі марапаттар алған. Атап айтсақ Республикалық «EL QURMETI»қоғамдық қорының атынан білім беру саласына қосқан үлесі үшін «Ы.АЛТЫНСАРИН » медалі, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ «АЛҒЫС ХАТ»,

Республикалық ғылыми-әдістемелік «PEDAGOGIKALYQ SEBERLIK »журналына «БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМДЫ ҰШТАСТЫРУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫҢ ҚҰЗЫРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ» мақаласын жариялағаны үшін ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ, «АЛҒЫС ХАТ», «Жылдың үздік авторы-2022» атты шығармашылық байқауына «Адам генетикасының ерекшеліктері»тақырыбында I дәрежелі DIPLOM, «Жас зерттеуші академиясы» ғылыми жобалар журналы «ТАБИҒАТ-ЖАСЫЛ ДӘРІХАНА»тақырыбындағы үздік жұмысы үшін оқушысы Сарсенбай Айнара және биология пән мұғалімі Бекназарова Алтынкуль I дәрежелі DIPLOM, Алғыс хат және медалі, Мұғалімдер арасында өткен пән олимпиадасының аудандық кезеңінде II дәрежелі ДИПЛОМ, АЛҒЫС ХАТ.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша аудандық кезеңінен II дәрежелі диплом 8 сынып оқушысы Худайберген Әсем Пәні:Биология, Жалпы білім пәндер бойынша Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі Алғыс хат 10 сынып оқушысы Ахмет Гүланар, Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша аудандық кезеңінен I дәрежелі диплом 9 сынып оқушысы Есимхан Аулым Пәні: Биология. Биология пән мұғалімі Бекназарова Алтынкуль Алибаевна өзінің адамгершілік, іскерлік қасиеттері арқасында ұжымда үлкен құрметке ие. Қазіргі таңда тәжірибелі ұстаз және білікті маман ретінде білім саласына өз үлесін қосып келеді.

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ