КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Т.Тоғысбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Сеитжаппарова Гульнара Джаппарханқызы 1965 жылдың 6 қазанында Шымкент облысы Киров ауданы «Октябрьге 30жыл» мөлтек ауданында педагогтар жанұясында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1984 жылы Жетісай қаласындағы Қазақ педагогикалық училищесін бастауыш сынып мұғалімі мамандығы және 1992 жылы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтын осы аталған мамандық бойынша бітірген. Еңбек өтілі – 40жыл. Кәсіби біліктілігі бойынша педагог-зерттеуші. Еңбек жолы: 1984-1990жылдар аралығында «Георгиев бастауыш мектебінде» бастауыш сынып мұғалімі, 1990жылдан бері «Т.Тоғысбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс атқарып келеді.

Сеитжаппарова Гульнара Джаппарханқызы өзінің еңбек жолында көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, білім саласында шәкірттерге саналы тәрбие мен сапалы білім беруде аянбай еңбек етіп келе жатқан ұлағатты ұстаз. Бар саналы ғұмырын ұстаздық жолға арнаған, ұстаздықтың мәртебесін көтерген, өз ісінің білікті маманы. Қажыр- қайрат пен зор ізденістің иесі.Көшбасшылық ұйымдастырушылық қабілеттері мол.Шәкірттерінің жүрегіне жол таба білген білікті ұстаз. Білім беру саласындағы 40 жылдық өтілінде жас ұрпаққа тәлім – тәрбие мен үздіксіз сапалы білім беруде бала тәрбиесіне жан дүниесімен берілген.Мақсаты айқын білікті ұстаз.Ғылыми жобаларға оқушыларды дайындау, пәндік олимпиадалар нәтижесі және балаларды отан сүйгіштікке тәрбиелеу барысындағы еңбектері орасан зор.Жаңашыл, инновациялық әдіс-тәсілдерді сабақтарында молынан пайдаланады және оны жас мамандар мен әріптестеріне үйретуден жалыққан емес.

Педагогикалық қызметі барысында төмендегідей нәтижелерге қол жеткізген:

1.Аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің алғыс хаты, 2016ж,2021ж

2.Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде, қазақ тілінде оқытылатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы сертификаты. «Өрлеу» АҚ филиалы, 2018ж

3.Qaztest.kz сайты «Бастауыш білім беру педагогикасы» республикалық олимпиадасының жеңімпазы, 2019ж

4. «Алтын сандық» зияткерлік олимпаидасының жеңімпазын дайындағаны үшін мақтау қағазы,2019ж

5.Іс-тәжірибесі аудандық,облыстық баспасөз беттерінде және «Жаңа ұрпақ» республикалық әдістемелік ғылыми-педагогикалық журналында «Жақсыдан үйрен» Ы.Алтынсарин «Малды пайдаға жарату» тақырыбында жарияланды, 2019ж

6. «Назарбаев зияткерлік мектебі»: «Қашықтықтан оқытуды үйренемін» курс сертификаты, 2020ж

7. Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының «Құрмет грамотасы»,2020ж

8.Аудан әкімінің «Алғыс хаты»,2020ж

9.Аудандық білім бөлімінің мадақтамасы, 2020ж

10.www.tio.kz Республикалық дәстүрлі интернет олимпиада порталы «Құрмет грамотасы» 11.Республикалық виртуалды олимпиада жеңімпазы, 2020ж

12. «Ең білімді педагог-2020» ІҮ республикалық пән олимпиадасы жүлдегері, 2020ж

13.Республикалық дәстүрлі интернет олимпиадаларда жеңімпаз және жүлдегер оқушылар дайындағаны үшін алғыс хаттар (5дана), 2020ж

14.Daryn online Qaztest.kz республикалық олимпиадасының жүлдегері 2020,2021жылдар

15.Оқушылары «Самұрық», «Алтын ұрпақ» Республикалық Ұлттық Интернет олимпиадалар жүлдегерлері мен жеңімпаздары.

Жолдасы Асилбеков Марат екеуі 40 жылдан астам отбасылық өмірінде 5 қыз 1 ұл тәрбиелеп отыр. Сеитжаппарова Гульнара Джаппарханқызы Жаңа Қазақстанның даму жолында аянбай еңбек етіп келеді. Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың өркендеуі мен жаңа заманға сай намысты ұл-қыздарын тәрбиелеу жолында зор еңбек сіңіруде.

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ