КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ
Түркістан облысы, Сауран ауданы , Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшесі Ташенов Абуталип Нурышович
Ұстаз болу — жүректің батырлығы,
Ұстаз болу — сезімнің ақылдығы
Ұстаз болу — мінездің күн шуағы
Ұстаз болу — адамның асылдығы.
«Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп қалай дәл тауып айтқан. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық.Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі – бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Ұстаздық жолын сонау бастауыш сыныпта оқып жүргенде кім боласың деген сұраққа ойланбастан бастауыш сынып мұғалімі боламын деген сөзін періште амин деп қойдыма сол мектепті бітірісімен мұғалім мамандығын таңдап , саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнап келе жатқан Ташенов Абуталип Нурышович туралы айтпақпыз.
Бүгінгі кейіпкеріміз Түркістан облысы, Сауран ауданы, Абай ауылында орналасқан Абай атындағы атындағы жалпы білім беретін мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істейді.
Ташенов Абуталип Нурышович 1968 жылдың 8 шілдесінде Шымкент облысы (қазіргі Түркістан облысы), Түркістан ауданы (қазіргі Түркістан облысы ), Абай ауылында дүниеге келді.Осы мектептің сеғіз жылын тамамдап, Түркістан педагогикалық училишесіне түсті. Бітіре салысымен Чардара ауданына Байырқұм совхозының фермасына жолдамамен барып , ол жақтада Абай сегіз жылдық мектепте жұмыс жасап,сол жақтан СА қатарына барып келіп , 1991жылдан өзімнің туып өскен ауылын келіп Бастауыш мұғалім болып жұмыс жасауда. Қазіргі білімі жоғарғы. Санаты зерттеуші. Пед стажы 37жыл.
Қазіргі таңда осы мектепте еңбек жолын жалғастырып келеді. Бастауыш сынып мұғалімі және мектептегі бастауыш Аманат партия ұйымының төрағасы қызметін қоса атқарып келеді. Ұжымда өзіндік орны, барлық ұстаздармен қарым қатынасы жақсы. Әрбір ұстазға көмек қолын созуға дайын, білікті, білімді, өз ісіне жауапты қарайтын мейірімді жан.
Бойындағы бар білімі мен тәлімін шәкірттерді тәрбиелеу жолына арнаған ұлағатты, үлгілі ұстаз. Еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, мектепшілік, аудандық, облыстық, республикалық сайыстарға қатысып мектептің мерейін асқақтатып жүрген ізденімпаз мұғалім. Іскерлігі мен ұйымдастырушылық қабілеті жоғары қызметкер, болашағынан үлкен үміт күттіретін білімді де білікті ұстаз.
Ұстаздық қызмет пен қоғамдық жұмыстарды қатар алып жүрген Ташенов Абуталип Нурышовичтің жетістіктеріне тоқтала кетсек. Енді қазіргі заман талабына сай кейінгіі 5жылдық мадақтамалар мен Алғыс хаттарын ғана жазамыз
1. Пед старт байқауынан ІІ дәрежелі Диплом, 2024 ж
2. Дарын республикалы Ғылыми практикалық орталығынан Ақбота зияткерлік олимпиадасынан 3-дәрежелі Дипломы оқушыға және мұғалімге 2024ж
3. Алтын сақа олимпиадасынан Аудандық кезеңінен 3-орын екі оқушысына және және мұғалімге , Диплом 2023ж
4. «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасы», 2023 жыл
5. Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» КММ «Білім сапасының алшақтығы мен тәжірибелер жәрмеңкелерін өткізу тақырыбында өткізілген обылыстық семинарда озық идеялары мен жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерімен бөліскені үін, «Мадақтама» Түркістан, 2023 ж.
6. Бастау Республикалық математикалық турнирде аудандық кезеңде 3орын алғаны үшін . оқушы мен мүғалімге Диплом2023 ж
7. Республикалық Бәйтерек зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздарын дайындап оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мен білімдерін тереңдетуге үлес қосқаны үшін пән мұғалім ретінде Алғыс хат 2023ж
8 Түркістан облысы Аманат партиясының Алғыс хаты 2023ж
9. Білім саласын дамыту жолындағы қол жеткен табыстары және оған қосқан үлестері үшін Қазақстан Республикасының оқу -ағарту министрлігінің Алғысы 2023ж
10… «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасы», 2022 жыл.
11Республикалық ALTYN URPAQ олимпиадасында 3 оқушысына Алғыс хат және мұғалімге 2022ж
12.Ustaz Tilegi ғылыми -әдістемелік орталығы ұйымдастырған Үздік ұстаз пәнінен ұстаздар арасындағы онлайн блиц-турнирдің жеңімпазы Диплом 1-дәрежелі 2021ж.
13.Түркістан облысының адами әлеуеттік басқармасы облыстық әдістемелік орталығының Құрмет грамотасы 2021ж
14. Мұғалімдерге арналған бәскелестік Қазақстан таланттары сайысы Диплом 1орын Астана
15. Түркістан облысы Кентау қаласы 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай Кентау қббб Алғыс хат 2020ж
16. Қазақстан Республикасы Білім жіне Ғылым министрлігі NOBEL EDUCATION Халықаралық Педагогикалық орталығының Құрмет грамотасымен және төс белгісі 2020 Қызылорда
17. Түркістан облысының адами әлеуеттік басқармасы Түркістан обылысының әдістемелік орталығы КММ
Президенттік Жас Ұлан ұйымы Білім шыңы қоғамдық бірлестігі ұйымдастырумен Пән олимпиадасының үзік педагогы Бас жүлде Диплом және Төс белгсі
18. Кентау қалалық білім бөлімі Үздік бастауыш сынып мұғалімі -2019ж Бас жүлде Мадақтама 2019ж.
Сауран аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.