КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

«Ұстаз – ұлағатты есім. Ұстаз шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар және тәлім-тәрбие беріп, әрқашанда өзгелерге жол сілтеуші, қолдау көрсете білетін, жылы жүрегімен сәулесін шашып, мейірім шуағын төгіп тұратын тұлға».

Калыбаева Райхан Куанышевна- «М.Х.Дулати жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде география пәнінің мұғалімі.

Педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасы аясында үшінші деңгей бойынша сертификатталған көшбасшы мұғалім.

«Тәжірбедегі рефлекция» курсы бойынша мектеп тренері.

«Инновационные задачи в обучении экономической и социальной географии мира»

Авторлық бағдарлама кітабының және оқу дәптерінің авторы. (2023 жыл)

«Педагог-зерттеуші» біліктілік санатындағы мұғалім.

Еңбек өтілі-31жыл. Педагогикалық еңбек өтілі-31 жыл.

Райхан Куанышевна 1998 жылдан бастап «М.Х.Дулати жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде география және биология пәндері бойынша жемісті еңбек етіп келеді.

Осы уақытқа дейін Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының аудандық пән олимпиадасында бірнеше жыл қатарынан 3шәкірті жүлделі орын иеленсе, 1 оқушысы облыстық пән олимпиадасына қатысып жүлделі 3орынға ие болды.

«Желтоқсан» айында География пәнінен оқушылар арасындағы олимпиаданың жеңімпазы Асал Сапаметова марапатталды.

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық Дарын олимпиадасына қатысып Орынтай Әсем, Тимурова Лабар жүлделі орын иеленді.

«Формирование экологической культуры у учащихся на уроках географии» атты мақаласы жарыққа шықты.

2019 жыл Калыбаева Райхан Куанышевна мерзімді баспасөз басылымында «Үздік сабақ» көрсетіп білім беру жүйесіндегі іс-шараларға қосқан үлесі мен шығармашылық табыстары үшін алғыс хатпен марапаталды.

2019 жылы Калыбаева Райхан Куанышевна оқушыларды оқытуда талмай еңбек етіп, біліммен сусындатып,оқушылардың бойында адамгершілік асыл қасиеттерді сіңіріп, білікті ұстаз ретінде аянбай қажырлы еңбек етіп, білімге құштар, жаны жайсаң нағыз патриот тәрбиелегені үшін марапаталды.

2019-2020 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде қатысып Серых Вадим Владимирович 3 дәрежелі жүлделі орын иеленді.

2020 жыл Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының алғыс хатымен марапатталған.

2020 жылы Калыбаева Райхан Куанышевна Түркістан облысы педагогтарының кәсіби шеберлігін шыңдау, біліктілігін дамыту, талантты педагогтарды анықтау және қолдау көрсете отырып мұғалім мамандығының мәртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылған «Пән олимпидасының үздік педагогы-2020» байқауында белсенділік танытып, жақсы нәтиже көрсеткені үшін алғыс хатпен марапаталды.

2022 жыл Түркістан облысы, Төле би ауданы «М.Х.Дулати атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. География пәні мұғалімі Райхан Куанышовна Тарих, география пәндері бойынша 7-11сынып оқушылары арасында өткен республикалық «ALTYN URPAQ» зияткерлік олимпиадасында шәкірті Рустамбекова Ситора жеңімпаз болғаны үшін марапаталды.

2022 жылы Республикалық «KemengerUstaz.kz» журналында

2022-2023 оқу жылы Жаратылыстану-математикалық пәндері бойынша 7-8 сынып оқушылары арасында өткізілген олимпиаданың аудандық кезеңінде география пәнінен жүлделі 3орын иеленгені үшін Сапаметова Асыл марапаталды.

2023 жылы 25желтоқсан күні Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Аудандық шығармашылық топтың мүшесі. Осы еңбегі үшін Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Облыстық және аудандық білім бөлімінің Алғыс хаттарымен, мақтау кағаздарымен және кұрмет грамоталарымен марапатталған.

Соңғы 10 жылда ҰБТ бойынша аудандық аппеляция комиссияның мүшесі болып жұмыс атқарды.

М.Х.Дулати атындағы жалпы білім беретін мектепте2009 жылдан еңбек етіп келеді. Мұғалімнің шығармашылық қабілеті мен шеберлігі өте жоғары.»

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.