КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ
Жақсы мұғалім — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі деп есептеледі. Және солай болуға тиіс.
Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді.
Ұлы мұғалім шабыттандырады демекші, 20 жылдан астам уақыт бала тәрбиелеп, ұстаздық жолында шәкірттерімен бірге талай белестерді бағындырған Ерназарова Рыскүл АНАСРАТДИНҚЫЗЫ білім берумен қатар кәсіподақ саласында белсенділігімен танылып, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы қоғамдық қызметін атқарып келеді.
Рыскүл АНАСРАТДИНҚЫЗЫ 2023-2024 оқу жылының өзінде біршама жетістікке жетіп, ауданның білім қоржынын толықтырды.
— «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының Өзге ұлттар арасында қазақ тілінен 5-11 сынып оқушыларына арналған «Тіл – тәуелсіздік тұғыры» олимпиадасына 8 «Б» сынып оқушысы Юмағожина Амина ІІІ дәрежелі диплом;
— шығармашыл оқушылар арасында аудандық «Ақберен» өнер байқауының «Ұлттық аспаптарда өнер көрсету» номинациясы бойынша 11 «Б» сынып оқушысы Нәзір Ақсауле ІІІ дәрежелі диплом;
— 8-11 сынып оқушылары арасында аудандық «Махамбет оқулары» байқауының «Шашақты найза, шалқар күй» бағыты бойынша 8 «Б» сынып оқушысы Назір Мадина ІІІ дәрежелі диплом;
— Жетісай ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» ұйымдастырған өзге этнос жастары арасында өткен «Менің Отаным –Қазақстан» атты шығарма жазу байқауында 11 «Б» сынып оқушысы Фрейндорф Мария жүлделі ІІ орын, өзі Алғыс хат;
— 2023-2024 оқу жылындағы ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне 11 «Б» сынып оқушысы Фрейндорф Мария Георгиевна ІІІ орын;
— 2024 жылы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған жалпы білім беретін мектептерге арналған «Ақбота» зияткерлік олимпиадасында Сыдықова Ақмарал, Юмағожина Амина 3 дәрежелі диплом;
— 2024 жылы Түркістан облысының білім басқармасы білім беру жүйесіндегі шығармашылық еңбегі және жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін Құрмет грамотасы;
— 2024 жылы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған қазақ тілі пәнінен «Педстарт» Республикалық қашықтық олипиадасының ІІІ дәрежелі дипломы;
— «Білім- өркениеті» Ұлттық инновациялық ғылыми – зерттеу орталығының «Ыбырай Алтынсарин атындағы педагогтердің ұлттық сыйлығы» атты Республикалық байқауда І дәрежелі диплом және Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласына қосқан айрықша еңбегі үшін «Ы. Алтынсарин» төсбелгісі.
Құрметті Рыскүл АНАСРАТДИНҚЫЗЫ!
Білім саласының дамуына қосқан елеулі еңбегіңіз бен кәсіподақ саласындағы белсенділігіңізге Алғыс айта отырып, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз!
Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.