КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ
Калыбекова Нагима Абеновна1991 жылдан бастап бүгінге дейін № 59 Қ. Жандарбеков атындағы жалпы білім беретін мектебінде технология пәні мұғалімі. Шымкент педагогикалық институтында «Кәсіптік білім» мамандығы бойынша жоғары білім алған.
Нағима қоғамдық жұмыстардың көшбасшысы. Қызметкерлердің әлеуметтік, құқықтық қорғалуына үлкен үлес қосып келе жатқан кәсіподақ комитетінің төрайымы.Ұжым арасында беделі жоғары, ортамен жақсы қарым-қатынас орната алады. Бойында ұйымдастырушы қабілеті жоғары, тиімді шешім қабылдай білетін, игі істерге ұйытқы бола алатын тәжірибесі мол маман. Көп адамдар оның мейірімділігін бағалайды. Әріптестерімен іскерлік қатынастарды ұстау қабілеті жоғары. Жұмысты жоспарлау және алдына қойған міндеттерді орындауды бақылау қабілеті жоғары.
«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі» деп Ы.Алтынсарин атамыз бекер айтпаса керек . Бүгінгі қоғамдағы мұғалімнің рөлі шәкіртіне ғылыми негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеуістігінен шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу керек.
Нағима жаңа заманауи білім беру жүйесінің бағдарламасын жетілдіруге, сапалы білім мен саналы тәрбие беруге, озық тәжірибелер мен ғылыми шығармашылық жұмысын дамытуға және насихаттауға қосқаны үлесі үшін көптеген грамоталармен марапатталған.
Калыбекова Нагима Абеновна Республикалық «Altyn urpaq»зияткерлік олипиаласында өсіріп отырған перзентіңіз үздік білімін дәлелдеп, сіздер берген жақсы тәрбие үлгісін көрсете білді. Балаңыз терең білімді игеру жолына қолдау жасап, жақсы тәрбие берегені үшін Алғыс хатпен марапатталған.
Халықаралық «Өрлеу- өркендеу» ғылыми- ақпараттық, танымдық- тәрбиелік журналының ұйымдастыруымен білім саласының үздік қызметкерлері арасында өткен «Педагогика- менің таңдауым» атты байқауында І -орын дипломымен марапатталған.
Халықаралық «Өрлеу- өркендеу» ғылыми- ақпараттық, танымдық- тәрбиелік журналының ұйымдастыруымен өткізілген «Үздік педагог» байқауында І- дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Жарқын» республикалық ғылыми- ақпараттық, танымдық- тәрбиелік журналының ұйымдастыруымен өткізілген «Парасатты педагог»байқауында І дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Жарқын» республикалық ғылыми- ақпараттық, танымдық- тәрбиелік журналының ұйымдастыруымен үздік ізденімпаз ұстаздар қызметкерлері арасында өткен «Мәңгілік ел ұстаздары» байқауында білім беру үрдісінде жаңашылдық енгізе отырып, ерекше қабілетімен көзге түскені үшін І- орын дипломымен марапатталды.
Калыбекова Нагима Абеновна технология пәні бойынша «Педагог –сарапшы» санатын алған.
Жұмыс барысында Калыбекова Нагима Абеновна өзін білімді ұстаз ретінде көрсете білді. Қазіргі таңда өз міндеттерін жауапкершілікпен және адал атқарып келеді. Қиын жағдайларда шешім қабылдауға қабілетті екенін және өз қызметінің нәтижесі үшін жауапкершілікті бола алатынын дәлелдеді. Калыбекова Нагима Абеновна үнемі өзінің кәсіби деңгейін көтеріп отырады. №59 Қ. Жандарбеков атындағы жалпы білім береті мектебінде педагог қызметкерлерінің арасында беделді.
Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.