КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ
Педагогикалық білімімен, біліктілігімен биік белестерді бағындырған
Егизекова Жазира Умирбековна – жас ұрпаққа өнеге!
Қай кезде де болмасын ұстазды ұлықтаған ұлы халықпыз. Шыбық тіксе, шынар болатын, таяқ тіксе, тал болатын, қыран ұшса, қанаты талатын кең байтақ қазақ даласының небір дарынды дарабоздарын дана еткен де ұстаз. Түркі әлеміне мәшһүр Мағжан Жұмабаев: «Алты алаштың басы қосылса, төрдегі орын – ұстаздікі» дегендей, ұстазға деген құрметті осы бір сөздің өзінен-ақ аңғаруға болады. Осындай ұлы істің, қызығы мен шыжығы мол мамандықтың иесі болу – үлкен бақыт. Себебі, аузынан ана сүті кеппеген, оңы мен солын білмейтін бүлдіршін баладан, еліміздің келер күнгі келбетін, бүгінгі заман талап етіп отырған маманды дайындап шығару оңай емес.
Егизекова Жазира Умирбековна Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Бадам ауылында 30.10.1985 жылы дүниеге келген. Үлкен отбасында тәрбиеленіп, өскен. Ұлты қазақ. Білім жолын 2003-2007 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы Халықаралық Қазақ -Араб университетінің «Бастауыш сынып» мамандығының күндізгі бөлімін үздік дипломмен тәмамдаған. 2023ж Шымкент қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы Университетінің магистрі атанды.
Еңбек жолы:
2009-2010 жылдар аралығында Төлеби ауданындағы Қ.Мамытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сынып пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарған.
2010-2016 жылдар аралығында Төлеби ауданындағы «Аяулым» бала-бақшасында тәрбиеші болып жұмыс атқарды.
2016 жылдан бері Төлеби ауданындағы Қ.Мамытов атындағы жалпы орта мектебінде бастауыш сынып пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарып келеді.
Егизекова Жазира Умирбековна екінші санатты, педагог-сарапшы. 2009 жылдан бері өзінің педагогикалық еңбек жолында көптеген жетістіктерге жетіп, білім саласында шәкірттерге білім мен тәрбие беруде аянбай еңбек етіп келе жатқан еңбекқор ұстаз.
Егизекова Жазира Умирбековна бала тәрбиесіне жан дүниесімен берілген маман екенін көруге болады. Оған дәлел педагогикалық еңбек өтілінде атқарған жұмыстарының нәтижелері ғылыми жобалардан, олимпиадалардан жүлделі орындар алып, Республикалық, облыстық, аудандық байқаулардың жүлдегері, Құрмет грамоталарының иегері.
2024 оқу жылында аудандық пән олимпиадасынан 3-сынып оқушысы Есмахан Алинур жаратылыстану пәнінен жүлделі ІІІ орынды иеленді. Облыстық ғылыми жоба байқауында оқушысы Нурмахан Жанел ІІІ орынды жеңіп алды.
Бастауыш сынып мұғалімдері арасындағы аудандық пән олимпиадасында Жазира ІІ –орынды иеленіп, өзінің білімді ұстаз екенін көрсете білді.
«Кенгру», «Ақбота», «Алтын ұрпақ», «Жас математик», «Байтерек» олимпиадаларынан шәкірттері І,ІІ,ІІІ орындарды иеленген.
«Абай оқулары», «Мақатаев оқулары», «Ілияс оқулары», «Бояулар құпиясы» атты Республикалық байқауларға қатысып, шәкірттері І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарды иленді.
Марапаттары:
«Жас зерттеуші академиясы» ғылыми жобалар байқауына шәкірт даярлап, ізденісі бен тәжірибесімен бөлісіп, ғылым мен білімнің дамуына қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Мемлекетіміздің рухани әлеуметін нығайту мен білім беру сапасын арттыру саясатын жүзеге асыруда кәсіби жаңашылдығы, үздіксіз ізденімпаздығы үшін марапатталады . Шымкент қаласы-2023 жылы, Қазақстан Республикасының оқу –ағарту министрлігі «Өрлеу» БАҰО директоры Л.Т.Искакова.
«Үздік пән мұғалімі» сырттай байқауында үздік тәжірибесі мен кәсіби шеберлігі үшін ІІІ орын иегері. Шымкент қаласы-2023 жылы, Қазақстан Республикасының оқу –ағарту министрлігі «Өрлеу» БАҰО директоры Л.Т.Искакова.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арналған жолдауын білім беру саласының мамандары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Білім беру саласының үздік педпагогі-2024» атты республикалық байқауына қатысып, жеңімпаз атанған. «Жаңа Қазақстан»Республикалық инновациялық орталығының директоры Б.Н.Сәлімгерей,«Bilim -orkenieti»ұлттық иновациялық ғылыми –зерттеу орталығының директоры А.Б.Сатылғанов.Астана қаласы-2024жыл.
«Білім беру саласының үздік педагогі» Төсбелгісі,«Bilim -orkenieti» ұлттық иновациялық ғылыми –зерттеу орталығының директоры А.Б.Сатылғанов. Астана қаласы-2024жыл.
Мақалалары:
«Бастауыш сыныптарда оқытудың өзекті мәселелері» атты эссесі «Білім беру саласының үздік педпагогі-2024» атты республикалық байқауының материалдар жинағында жарық көрді. -Астана:«Bilim -orkenieti»ұлттық иновациялық ғылыми –зерттеу орталығы»,2024ж-100б.қазақша ISBN 978-601-275-789-7
«Жас зерттеуші академиясы»Республикалық ғылыми-танымдық зерттеулер жинағы №11саны Тақырыбы:«Асқабақтың ерекше қасиеттері» 2023жыл Алматы қаласы.
«Ұстаз мектеп тірегі»Республикалық ғылыми әдістемелік журналы №131 саны Тақырыбы:«Оқушылардың сауатты жазу дағдыларын дамыту мақсатында жылдам оқудың да пайдасы зор»2024жыл Алматы қаласы.
«Педагогика жаңалықтары» Республикалық ғылыми әдістемелік журналы №4 саны «Бастауыш мектепте білім беру процесін ұлттық тәрбиелеу негізінде ұйымдастыру»2023жыл
Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі