КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Қарақұм ауылы, “Қарақұм” жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алпысбай Әлия Темірханқызы.

Әлия Темірханқызы ұстаздық еңбек жолында білім алушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруді ұштастырып қана қоймай, жас жеткіншектердің ерекше қабілеттерін шыңдап, болашақ өмірге бейімдеп, аянбай еңбек етіп келе жатқан ұстаздың бірі. Ол әрбір сабағында интербелсенді әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану арқылы білім алушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, талай жеңіс тұғырын бағындырған, жаңашылдыққа жаны құмар ұстаз. Отбасында 4 ұл, 3 қыз тәрбиелеп отырған батыр ана, “Алтын алқа” иесі болса, мектепте ізденімпаз ұстаз, қоғамда мұқтаж жандарға көмек қолын созып, көмектесетін жанашыр жан, ұжымда ойып алар орны бар қадірлі әріптес. Мектепте қосымша “Эверест” дебат үйірмесін жүйелі жүргізіп, аймақтық, аудандық дебаттық турнирлерде төрешілік етіп, мұғалімдік қызметті қатар атқара жүріп, үнемі өз білімін арнайы білім жетілдіру курстарынан жетілдіріп отырады.

Әрбір сабағын оқу мақсатына сай жүйелі жоспарлап, өз пәнін терең білетіндігі, күнделікті сабақ тақырыбын толық қамту үшін әртүрлі деңгейлік тапсырмаларды орындата білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі және дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерін, құралдарын еркін меңгеруі, оқытудың педагогикалық-психологиялық негіздерінен хабардар екендігі байқалады.

Әлия Темірханқызы 1979 жылы Ордабасы ауданы, Шұбар ауылында дүниеге келген. Қазіргі Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін мектепте білім алып, сол ауылдағы N18 колледжде аспаз мамандығын оқып, кейін Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын тәмәмдаған.

Алпысбай Әлия Темірханқызы өзінің ұстаздық жолын 2010 жылы Қарақұм ауылындағы “Қарақұм” жалпы білім беретін мектепте тәлімгер болып бастап, кейін әлеуметтік педагог қызметіне ауысып, қазіргі таңда аталмыш мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметін атқарып келеді.

Мектепте негізгі және жалпы білім беру ісі мен қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, биік белестерді бағындырып жүрген Әлия Темірханқызының жеткен жетістіктері жетерлік.

2010-2024 жылдар аралығында Әлия Темірханқызының атқарған еңбегі орасан зор. Республикалық, халықаралық, облыстық, аудандық түрлі сайыстарда өзі де, шәкірттері де жетістіктерге жетіп, жоғары дәрежедегі мұғалімдер қатарына қосылған. Өз пәні бойынша педагогика саласында үнемі білімін жетілдіре жүріп те, түрлі онлайн, офлайн байқауларға қатысады. Ұстаз талапты болса, шәкірт талантты болып шығары сөзсіз екенін дәлелдеді.

2023-2024 оқу жылында өткен пәндік Ауыл Олимпиадасының облыстық кезеңінде 10-сынып оқушылары Қалдыбек Бағымжан І орын алса, Алтынбек Әлия жүлделі ІІІ орынды иеленді. Алпысбай Әлия оқушыларды олимпиадаға сапалы дайындап, жетекшілік еткені үшін де Дипломмен марапатталды.

2022 жылы “Тіл-достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы” тақырыбында өткен аудандық дебаттық турнирде “Эверест” фракциясы, 10-сынып оқушылары Әбдуәлі Бақберсін, Анвар Заманбек І орын иеленіп, арнайы Дипломмен марапатталды.

2022 жылы Түркістан облысында өткен “Тәуелсіздік – биік болсын тұғырың” атты облыстық дебаттық турнирде ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталып, арнайы кубок, 60000 теңге қаржылай сыйлық ұтып алды.

Республикалық “Жас дарын” зияткерлік олимпиадасына қатысқан 6 сынып оқушылары Найман Інжу І орын, Кендебай Айзере ІІ орын, Маратұлы Азамат ІІ орын, Арал Інжу ІІ орын, 7 сынып оқушылары Арал Кәусар ІІ орын, Сардарбекқызы Назым ІІ орын иеленіп, Дипломмен марапатталды.

Аудандық оқушылар арасында “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” ғашықтар күніне арнайы ұйымдастырылған “Махаббат бекеті” атты сайыста оқушылары бас жүлде алды. Дипломмен қоса бағалы сыйлықты қанжығаларына байлап қайтты.

Аудан оқушылары арасында «Абайдың даналық сөздері- өнеге көздері» тақырыбында ұйымдастырылған эссе байқауында Әбілхан Айару оқушысы жүлделі ІІІ орын алып, Алғыс хатпен марапатталды.

Республикалық “Дарындылық kz” дарындылықты дамыту орталығының “Ғылыми жоба” бағыты сайысында оқушысы Нұрланқызы Сымбат І орын иеленіп, Дипломмен марапатталды.

Шымкент қаласында өткен Республикалық “Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы” атты жас ғалымдар мен жас зерттеушілерге арналған “Ғылыми жоба” байқауында 10 сынып оқушысы Қалдыбек Бағымжан ІІІ орын иеленіп, Дипломмен, сертификатпен марапатталды.

Республикалық “Жас толқын” балалар мен жасөспірімдер шығармашылық байқауында Ерназар Назым “Бас жүлде”, Еламан Анарғали “Бас жүлде”, Нұрланқызы Сымбат “Бас жүлде”, Алтынбек Әлия І орын, Қалдыбек Бағымжан І орын, Абай Камила ІІ орын, Кенже Әлихан ІІІ орын, Көпжасар Шахмаран І орын, Лесбек Жұлдыз І орын иеленіп, Дипломмен, медальмен марапатталды.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Республикалық олимпиадаға қатысқан Жәнібекқызы Кәусар ІІ орын, Еламан Тоғжан ІІІ орын, Арал Інжу ІІ орын иеленіп, Дипломмен марапатталды.

“АLTYN QYRAN- ерекше дарын иесі” зияткерлік байқауында Жәнібекқызы Кәусар І орын, Еламан Тоғжан ІІ орын, Арал Кәусар І орын, Мейірман Інжу ІІІ орын, Араппай Нұрлаулет ІІІ орын, Қарабай Нұрбала ІІІ орын иеленіп, Дипломмен марапатталды.

Түркістан қаласында өткен Республикалық “Дарабоз” байқауында Кендебай Айзере І орын, Еламан Анарғали І орын, Дүрмаханбет Ернар ІІ орын, Еламан Балжан ІІ орын, Аманылла Жарқын І орын, Амангелді Арайлым ІІІ орын, Найман Інжу ІІІ орын иеленіп, Дипломмен, медальмен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.

Аудан оқушылары арасында өткен “Ақберен” эссе байқауында 10 сынып оқушысы Жұмабек Мерей жүлделі ІІІ орын, Әсілбек Ұлан І орын иеленіп, Алғыс хатпен марапатталған.

Аудан оқушылары арасында өткен “Ілияс оқулары” байқауында Намен Гүлназ оқушысы ІІ орын иеленіп, Алғыс хатпен марапатталған.

Республикалық пікірсайыс турнирінің аудандық кезеңінде Рысбай Ұлдана І орын, облыстық дебаттық турнирде “Үздік спикер” номинациясы беріліп, Дипломмен марапатталды.

Алматы қаласында өткен Халықаралық “Ана туралы жыр” байқауында Еламан Анарғали “Бас жүлде”, Кендебай Айзере І орын, Аманылла Жарқын І орын, Дүрмаханбет Ернар ІІІ орын иеленіп, Дипломмен марапатталды, кубок пен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Аудан оқушылары арасында өткен ” KІТАП Life” кітап оқу сайысында 10 сынып оқушысы Алтынбек Әлия жүлделі ІІ орын иеленіп, арнайы Дипломмен марапатталып, бағалы телевизор ұтып алды.

Республикалық “Әз Наурыз ART-2023” байқауында Дүрмаханбет Ернар “Бас жүлде” алса , Найман Інжу ІІ орын, Мейірман Інжу ІІІ орын иеленіп, Алғыс хатпен марапатталды.

Республикалық “Мақатаев оқулары” байқауында Еламан Балжан “Бас жүлде”, Жәнібекқызы Кәусар І орын, Найман Інжу І орын, Ендібай Аружан І орын, Кендебай Айзере ІІ орын, Дүрмаханбет Ернар ІІІ орын иеленіп, Дипломмен марапатталды.

Республикалық “Абай оқулары” байқауында Еламан Балжан І орын, Найман Інжу І орын, Мейірман Інжу І орын, Дүрмаханбет Ернар І орын, Амангелді Іңкәр І орын иеленіп, арнайы Дипломмен марапатталды.

“Каникулда кітап оқимыз” Республикалық марафон- байқауында Найман Інжу І орын, Еламан Балжан І орын, Әбіш Нұрбек І орын, Арал Інжу ІІ орын, Кендебай Айзере ІІ орын, Амангелді Іңкәр ІІ орын, Мейірман Інжу ІІ орын, Дүрмаханбет Ернар ІІІ орын, Темірхан Елсияр ІІІ орын иеленіп, Дипломмен марапатталды.

Алпысбай Әлия Темірханқызы 2023-2024 оқу жылында аудандық ұстаздар арасында өткен педагогикалық идея байқауында “Бас жүлде” иеленді.

Аудандық мұғалімдер арасында өткен “Ең үздік сабақ” байқауында ІІ орын (2020 және 2021 жылдары).

Республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ұстаздар арасында өткен олимпиадасының жеңімпазы, І орын (2022 жыл).

Аудандық ұстаздар арасында өткен “Поэзия әлемі” байқауында ІІ орын (2021 жыл).

“Үздік ұстаз- 2022” байқауында ІІІ орын, “Білімді ұстаз” номинациясы берілді.

Аудандық ұстаздар арасында ұйымдастырылған “Диуани хикмет” эссе байқауына қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді.

Аудандық дебаттық турнирлерде әділ төрешілік еткені үшін Алғыс хатпен марапатталды. (2023 жыл).

Аудандық дебаттық турнирінде оқушыңыздың ораторлық қабілетін танытып, жақсы нәтиже көрсеткені үшін Алғыс хатымен марапатталды. (2022 жыл).

Қазақстан Республикасы білім беру саласында ерекше еңбегі мен шығармашылығы үшін “Үздік ұстаз” төсбелгісімен марапатталды. (2023 жыл).

Қазақстан Республикасы Білім саласының дамуына сіңірген еңбегі мен жемісті шығармашылық қызметі, “Елеулі еңбегі үшін” медалімен марапатталды. (2022 жыл).

Аудандық тәлімгерлер арасында өткен «Үздік тәлімгер» байқауына қатысып, бас жүлдені иеленді. Алғыс хат пен бағалы сыйлық табыс етілді. (2016 жыл).

Аудандық келіндер арасында ұйымдастырылған “Үздік келін” байқауына қатысып, “Бас жүлде” иеленіп, Алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыс етілді. (2010 жыл).

Национальный центр повышения “Өрлеу” за участие в “Эстафета лучших педагогов страны” с целью распространения передового педагогического опыта в рамках виртуального образовательного маршрутта (2021 жыл).

2023 жылы “Оқуға құштар мектеп” ұлттық жобасының әлеуетін нығайту мен оқу сауаттылығын арттыруды жүзеге асыруда үздіксіз іздемпаздығы , кәсіби жаңашылдығы мен жоғарғы нәтижелері үшін Мадақтамамен марапатталды.

2024 жылы “Каникулда кітап оқимыз” Республикалық марафон-байқауына жеңімпаз шәкірттерді белсене қатыстырғаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

“Қазақстан педагог зерттеушілері үздік мақалалар, әдістеме және инновация” Республикалық конкурсының “Үздік мақала” номинациясы бойынша І орын иеленіп, Дипломмен марапатталды.

2024 жылы “Ұлттық құндылықтар-ұлт мұрасы” тақырыбында өткен сынып жетекшілер сайысында І орын иеленіп, Алғыс хатпен марапатталды.

2022 жылы “Дарынды бала” сайысында зор үлес қосқаны үшін “Халықаралық Білім Академиясы” басшысы: Д.К.Койбагарованың Грамотасымен марапатталады.

Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы: Ш.Нұрабаеваның бірнеше Алғыс хаттарымен, Ордабасы аудандық комитетінің төрағасы : К.А.Тулебаевтың Құрмет грамотасымен, ауыл әкімі: А.Досымовтың және мектеп директоры: А.Н.Стаеваның Алғыс хаттарымен марапатталды.

2023 жылы Республикалық “Дарабоз ” байқауына жеңімпаз шәкірттер тәрбиелеп, жас ұрпақтың бойына адамгершілік тәрбие қалыптастырып, қолдау білдіргені үшін Құрмет грамотасымен марапатталады.

Мектепішілік “Ата-анам және мен” отбасылық спорттық сайыста І орынды жеңіп алып, кубокпен, Алғыс хатпен марапатталды.

“Ән аға, жан аға, Шәмші аға” байқауында “Бас жүлдені” жеңіп, бағалы сыйлықтар табыс етілді.

2022 жылы “Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында SMART технологиясын пайдалану тиімділігі” тақырыбында өткізілген аудандық тәжірибелік семинарда белсенділік танытып, жоғарғы деңгейде өтуіне қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды.

2023 жылы Республикалық «Тағылым» журналына “Үздік сабағы”, 2021 жылы Республикалық “Әдіскер әлемі” ғылыми- әдістемелік педагогикалық журналына “Ахаң салған әдебиеттегі елшілік ұраны” тақырыбында жазылған мақаласы, 2023 жылы Республикалық “Ustaz tilegi” журналында “Үздік сабағы”,

2023 жылы Республикалық “Білім әлемі” ғылыми- әдістемелік педагогикалық мерзімді баспасөз басылымында “Абай шығармаларын интерпретациялау әдісі” атты авторлық бағдарламасы,

2019 жылы Республикалық “Педагогикалық шеберлік” журналына “Түркістан- түркілердің киелі мекені” тақырыбында өткен тәрбие сағаты жарияланды. Бірнеше әлеуметтік желілерде үздік сабақтары да жарияланған.

Республикалық «Абай оқулары», «Мұқағали оқулары» конкурсына жеңімпаз тәрбиелеп, шәкірт бойындағы дарынды шыңдап, білім саласына қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды. (2023 жыл және 2024 жылдары).

Кәсіби шеберлігін арттыру үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде 2023 жылы білім жетілдіру курсынан өткен.

2019 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін дамыту» курсына қатысып, біліктілігін арттырды және сертификатталды.

2022 жылы “Ақпараттық коммуникативтік технологияларды пәндік дәрістерде пайдалану әдістері” курсын бітіргені үшін сертификат табысталды.

2019 жылы “Педагогтердің БАҚ- пен жұмыс жасауы” ақпараттық Республикалық тренинг курсын бітіріп сертификатталды.

2021 жылы “Жалпы білім беру ұйымдарында оқушылардың дебат қозғалысы іс- әрекеттерін нәтижеге бағыттау” тақырыбындағы семинар- тренингке қатысқанын растайтын сертификат табысталды.

Алпысбай Әлия Темірханқызы ұстаздық қызметін атқару барысында шәкірттерінің бойына патриоттық тәрбие мен адамгершілік қасиеттерді қоса дарытып, әркез ұлттық құндылықтарды дәріптеп, өзінің іскерлігін дәлелдеп келеді. Заман талабына сай, бәсекеге қабілетті жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру үшін бар күш-жігерін жұмсап, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып, елі үшін аянбай қызмет етіп келеді.

Әлия Темірханқызы өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті өн бойына жинақтаған нағыз кемел ұстаз деп білеміз.

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.