КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Түркістан облысы Ордабасы ауданы, Жамбыл елді мекені, Қосжан Мүсірепов атындағы жалпы білім беретін мектебінің химия-биология пәнінің мұғалімі Саурбаева Мәншүк Жұпарбекқызы.

Мектепте жалпы білім беру ісімен қоғамдық жұмыстарды атқаруда Мәншүк Жұпарбекқызының жетістіктері айтарлықтай елеулі.

Мәншүк Жұпарбекқызы көптеген жылдардан бері ұстаздық қызмет атқарып келеді. Ұстаздық еңбек жылдарында балаға сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін аянбай еңбек етіп келе жатқан ұстаз. Сабақта оқушыларға көптеген әдіс -тәсілдерді қолдану арқылы көптеген мәліметтер бере алады. Осы мұғалімдік қызметті атқара жүріп, өз білімін үнемі оқу барысында жетілдіріп отырады. Химия пәнін меңгертуде көптеген қызықты тәжірибелер мен есептерді шығару барысында оқушыларға үйретуден жалықпайтын ұстаз. Сабақты өту барысында әрбір оқушының педагогикалық, психологиялық ой өрістерін түсіне отырып, олармен байланысты нығайтып, білімдерін жетілдіруге көп көмегін тигізеді. Сабақта дәстүрлі, дәстүрлі емес әдіс амалдарын қолданып, әртүрлі деңгейдегі тақырыптарды қамти алатындығын таныта біледі.

Мәншүк Жұпарбекқызы 1986 жылы Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық университетіне химия, биология мамандығы бойынша оқуға қабылданады. Өзінің ұстаздық жолын 1990 жылы Ордабасы елді мекеніндегі «Ордабасы» жалпы орта мектебінен бастап қызметін атқарды.

1991-2000 жылдар аралығында Отырар ауданы Ақтөбе бөлімшесінде Қ.Мұңайтпасов атындағы жалпы орта мектебінде химия пәнінен сабақ берді. Осы уақыттар аралығында көптеген жұмыстар атқарып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. 2001 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Мәншүк Жұпарбекқызы Ордабасы ауданы Жамбыл елді мекеніндегі Қ.Мүсірепов атындағы жалпы білім беретін мектепте ұстаздық қызмет атқарып келеді. Ұстаздық қызмет пен қоғамдық жұмыстарды қатар алып жүрген Мәншүк Жұпарбекқызының жетістіктері мынадай:

2001-2023 жылдар аралығында Қ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінде бес жыл көлемінде кәсіподақ комитетінің төрайымы болып қызмет атқарды. Осы жылдар аралығында Мәншүк Жұпарбекқызы оқу ісінің меңгерушісі, директордың міндетін уақытша атқарушы қызметін атқарып мақтау қағаздарымен марапатталды.

2018 жылы «Алтын Ұрпақ» зияткерлік олимпиадасына қатысып, шәкірті Рсатай Жансая жаратылыстану пәнінен І-орын алғаны үшін, «Олимпиада жеңімпазын дайындағаны үшін» Алғыс хатпен марапатталды.

2019 жылы химия пәнінен олимпиадаға қатысып шәкірті 11 сынып оқушысы Сезім Ерсінали жүлделі орынға ие болып, аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.

2019 жылы «Ағылшын, орыс, қазақ тілдерінде» үштілділікті меңгеріп сертификат, мақтау қағаздарын алды.

2020 жылы «Алтын Ұрпақ» зияткерлік олимпиадасына қатысып, 6 сынып оқушысы Әуез Арай сертификатпен марапатталды.

2020 жылы жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігін дамыту, кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында өткізілген, «Ең білімді педагог-2020» ІV облыстық пән олимпиадасының «Бас жүлде» иегері атанып дипломмен және «Ең білімді педагог» төсбелгісімен марапатталады.

Республикалық педагогикалық ғылыми басылым «Өрлеу» баспасынан 2020 жылы «Ғылыми ізденіс» кітабында «Қышқылдар және олардың химиялық-физикалық қасиеттері» тақырыбында мақаласы жарық көрді.

2021 жылы шәкірті 11 сынып оқушысы Ағабек Арай аудандық пән олимпиадасына қатысып, жүлделі І-орынды жеңіп алды және «Олимпиада жеңімпазын дайындағаны үшін» деген Алғыс хатпен марапатталды.

2021 жылы Республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық біліктілікті арттыру орталығының директоры Д.О.Сариеваның «Ы.Алтынсариннің педагогикалық мұралары: «Кеше, бүгін, ертең» тақырыбында республикалық конференциясына қатысып, Ы.Алтынсариннің төсбелгісімен марапатталды.

2021 жылы «Экология және Адам» тақырыбындағы ғылыми жобаға 10 сынып оқушысы Мұратбекова Индира қатысып І-орын алып, Алғыс хатпен марапатталды.

2023 жылы аудандық олимпиадаға қатысып шәкірті Қыпшақ Зарина ІІІ-орын иеленді.

2023 жылы «Химия сабағында оқушылардың функциональдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында авторлық бағдарламасы шығып, аудан көлемінде таратылды.

«Химияны оқытудағы инновациялар мен заманауи технологиялар» тақырыбы бойынша сабақтарға қатысып сертификат алды.

2024 жылы Қ.Сәтбаевтың 125 жылдығына орай өткізілген химия пәнінен 10 сынып оқушылары арасында аудандық пән олимпиадасына шәкірті Қыпшақ Зарина қатысып, жүлделі І-орынды жеңіп алды.

2024 жылы «Педагогикалық шеберлік» журналына «Негіздер. Химиялық, физикалық қасиеттері» тақырыбында мақаласы шығып, Алғыс хатпен марапатталды.

2024 жылы Жас ұрпаққа сапалы білім саналы тәрбие берудегі белсенді еңбегі және сала қызметкерлерін әлеуметтік қорғаудағы қызметі үшін Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Мәншүк Жұпарбекқызы ұстаздық қызметін атқару барысында өзінің іскерлігін, еңбекқорлығын көрсете білді және қазіргі заманғы технологияға сәйкес жаңартылған әдіс- тәсілдерді қолдануда ерекше ұстаздық жолын көрсете отырып, өзінің тәжірибесін жастарға үйрете білді.

Ұстаздардың ұстазы Әль-Фараби атамыз айтқандай: «Ұстаз тамшысымен тас жаратын бейне бір су тәрізді» демекші, ұстаз жаратылысынан шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, ерен еңбек етіп, еткен еңбегінің жемісінде, жеңісінде көретін болса, мейлінше алғыр, білімді, жан-жақты ақыл иесі бола алады.

Саурбаева Мәншүк Жұпарбекқызын еліміздің адал да ақылды, білімді ұл-қыздарының өсіп-өнуіне, сапалы білім, саналы тәрбие алуына үлкен үлес қосатын ұстаз деп білеміз.

 

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.