КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Ұстаз талантты болса, шәкірт талапты болады. Халық даналығы. Түркістан облысы Төлеби ауданы, Ленгір қаласы №2 Ш.Уалиханов атындағы жалпы білім беретін мектебі География пәнінің мұғалімі  Абилдаева Жібек Досыбайқызы

Өмірдің өзі де ұстаз. Бірақ осынау «ұстаз» сөзінің астарында мыңдаған білім мен ғылым, махаббат пен сүйіспеншілік жатқанын байқай бермейміз. Ұстаз болу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Шәкірт тәрбиелеу, оны биікке жетелу, қанаттандыру, жаны мен тәнін, болмысы мен барын беру тек ұстаздың қолынан келетін қасиеттер.Әрбір көзі ашық адам сауатын ашу үшін ең бірінші ұстазға жүгінеді. Ал ұстаздың міндеті ештеңеден хабары жоқ шәкірттен тұлға дайындау. Мың ғасыр өтсе де ұстаздың аты және «ұстаз» деген ұғым өлген жоқ. Өйткені қай дәуір болмасын, ол қоғамға ұстаздың еңбегі керек-ақ. Тіпті зәру. Әр таңның атысы мен әр күннің батысы өзінің емес, сіздің қамыңыз үшін қамығып жүретін әрбір ұстаз атаулы жандардың еңбегін ұлы демей не дейсіз.

Тарыдай болып кірген күніңізден бастап мектеп қабырғасында сіздің еркелігіңізді көтеретін де, қателіктеріңізді кешіретін де, сабақ бере отырып сүйіспеншілікке баурайтын да, махаббатқа тәрбиелейтін де, өмір сүрудің қыр-сырын үйрететін де ұстаздар қауымы. Таудай болып шыққан күніңізде де талабыңызға тілекші болып отыратын тағы да ұстаз.

Ұстаздардың еңбегін ұлы ететін өздері емес, шәкірті. Білім нәрімен сусындатып, үйретуден талмаған ұстаздың сан жылдар бойғы еңбегінің жемісі – аяулы әрі білімді шәкірт. Бәйгеден оза шауып, мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік келген шәкірт үшін ұстаздың қуанышы сіз бен бізге елестетуге келмейтін сезім. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған күні сізді құшаяқ жая қарсы алған аяулы жанның екінші анаңыздай болып кетерін сезініп көрдіңіз бе?! Әрине, жоқ. Бірақ әрбір күн өткен сайын жаныңыздан табылып, әр аптаның жеті күнінде жеті рет көрісіп, көңіл ұясына тұрақтап қалған ұстазға деген махаббат өлмек емес.

Мамандық көп. Бірақ мамандықтың түрлі болғаны маңызды емес, қанша мамандық болса да сізді маман қылатын тағы да ұстаз. Мейлі сіз ғалым болыңыз, жұлдыз, тіпті беделді азамат, президент болып кетсеңіз де сізді осы өмірге жетелеген, осы шыңға жетуге себепші болған ұстазды ұмытуға қақыңыз жоқ. Оның еңбегін сыйлау, оған құрмет көрсету сол адамға деген сый-сияпат емес, сіздің тәрбиелі, тәлімді тұлға болғаныңыз. «Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан» деп Абай хәкім айтпақшы, әрбір ісіңіз жеңіске жетіп жатса, оның артында ұстаздың бір тамшы болса да еңбегі барын есте сақтаңыз.

«Менің ұстаздық жолды таңдауыма әкем мен анамның алар орны ерекше. Әкем мен анам бүкіл өмірлерін балаларға арнаған ардақты да аяулы ұстаздар.Әкем Бегасилов Досыбай Білім Беру ісінің үздігі,ал анам Хамитова Хафизада зейнеткерлікке осы саладан шықты.

Өзімнің педагогикалық жолым туралы қысқаша айтып өтсем, М. Әуезов атындағы ОҚМУ-да 1996 -2000 жылы аралығында білім алдым. Педагогикалық өмір жолымды аудандағы киелі қара шаңырақ аталып кеткен, №2 Ш. Уалиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінде география пәнінің мұғалімі болып бастап,23 жыл талмай еңбек етіп келемін».-дейді білікті маман

Осы орайда соңғы 5 жылдағы кәсіби жетістіктеріне тоқталып өтсек:

2019 жылы Оқущылардың Кіші Ғылым Академиясының облыстық сырттай байқауына өлкетану секциясы бойынша оқушысы Сатыбалды Диас қатысып, ІІ дәрежелі диплом иеленді.

2019 жылы Облыстық пән мұғалімдерінің олимпиадасында география пәнінен ІІ-ші орын иегері атандым.

2020 жылы Облыстық “Пән олимпиадасының үздік педагогы – 2020” БАС ЖҮЛДЕ иегері атанып,төс белгісімен марапатталды

2020 жылы Республикалық “Озаттар-білім саласы үздіктерінің энциклопедиясы”жинағына еніп,білім саласын үздік қызметкерлері қатарынан көрінгені үшін Құрмет граматасымен,“Озат педагог” төсбелгісімен марапатталды.

2020 жылы Ұлттық инновациялық ғылыми-зертеу орталығы ұйымдастырған “БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ – 2020” атты конференцияға қатысып I дәрежелі дипломмен марапатталды.

-2020 жылы Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша өтілген “Президенттік Олимпиаданың” өңірлік кезеңінің жүлдегері оқушысы I дәрежелі дипломмен Әбдіш Зейнеш марапатталды.

2022 жылы Төлеби аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен 2 рет марапатталды.

2022ж. «Өрлеу» БАҰО АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институтының «Мадақтамасымен» марапатталды

2021ж. Түркістан облысы, Төлеби аудандық «Аманат» партиясының Алғыс хатымен марапатталды.

2023ж Түркістан облысының білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.

2021 жылы Алтын Ұрпақ зияткерлік олимпиадасының ІІІ дәрежелі дипломымен оқушысы Сүгір Айжан марапатталды.

2021 жылы Алтын Ұрпақ зияткерлік олимпиадасының ІІІ дәрежелі дипломымен оқушысы Тасболат Асемай марапатталды.

2021 жылы Алтын Ұрпақ зияткерлік олимпиадасының ІІІ дәрежелі дипломымен оқушысы Айбекұлы Жасұлан марапатталды.

2022-2023 оқу жылы жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша аудандық кезеңінде оқушысы Нұралы Жібек ІІ орын иеленді

2023 жылы Республикалық үздік педагогикалық идея байқауының жеңімпазы “География сабағында ІТ технологияларын қолдану” тақырыбы бойынша авторлық бағдарлама ұсынып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.

-2023 жылы Түркістан облысы Төлеби ауданы әкімдігінен Алғыс хатпен марапатталды.

2023 жылы Республикалық үздік педагогикалық идея байқауының жеңімпазы “География сабағында ІТ технологияларын қолдану”тақырыбы бойынша авторлық бағдарлама ұсынып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.

2023 жылы Түркістан облысы Төлеби ауданының әкімінен Алғыс хатпен марапатталды.

-2024 жылы Мерзімді баспасөз басылымында “Үздік нәтиже”көрсетіп І дәрежелі дипломмен марапатталды.

-2024 жылы Республикалық педагогиялық ғылыми-әдістемелік журнал “Қазақстан Ұстазы”құрмет грамотасымен марапатталды.

2024 жылы Астана қаласында «Жаңа Қазақстанның Жүз Жаңа Есімі» атты Республикалық байқауының жеңімпазы атанып,І дәрежелі дипломмен төсбелгісімен және статуеткасымен марапатталды.

 

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.