КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ
Қалдырған ізің мәңгілік…Түркістан облысы Төлеби ауданы, Ленгір қаласы №1 мектеп-гимназия химия пәнінің мұғалімі Жақсыгелдиева Айгүл Ажахайқызы
Ұстаз болу – адамның асылдығы. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр мұғалімнің борышы. Ол – өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында.Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге. Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады.
Мен үшін сол мәңгі сұрақтың бірі де біре-гейі – Мұғалім деген кім? Алдымен осы сұрақтың жауабын тағы да бір айқындап алайық.Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу. Оның адамшылық ар-ожданын, намысын, тұлғасын жасына қарамай силау, құрмет тұту. Бұл мұғалімнің терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады. Сондай-ақ ұстаз күнбе- күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс.Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады.
«Мамандығым өзіме қатты ұнайды. Шәкіртерімнің жүрегіне жол тауып, оларды өз ісіме сүйсіндіре білдім. Бұл ұстаз үшін зор бақыт, үлкен қуаныш. Алдымыздағы әр бала қайталанбас бір ғажайып әлем. Ал сол балалардың жүрегіне, жан-дүниесіне жол таба білу – біздердің, ұстаздардың борышымыз. Мейірімділік, шыдамдылық, кешіре біл, баламен тең жағдайда сырласа біл, оның мүмкіндіктеріне сене біл, әрқашан құлақ қоя тыңдау тәрізді қасиеттері арқылы ғана ұстаз өз мәртебесін көтере алады. Балаға үнемі қолдау көрсету-үлкен ұстаным. «Мұғалім – адам жанының инженері» деп бекер айтылмаған. Бала темір еме, робот емес,ол – өзіндік әлемі бар ғажайып жеке тұлға. Балаға сіздің көз қарасыңыз, жылы жүрегіңіз, ыстық ықыласыңыз өте қажет. Ұстаз ұлылыққа тек шәкірттері арқылы жете алады. Мен шәкірттерімнің биіктерге қол жеткізгеніне шексіз қуанамын.
Мұғалім –қазір елімізде қадірлі жандардың бірі. Білім сапасы- мұғалім қызметінің жетістігі. Қазақстанымыздың нағыз ел сүйер азаматтары, ертеңгі ел иесі –алдымыздағы шәкірттеріміз. Әр шәкірттерімнің жетістікке жетуі-ұстаздың еңбегінің жарқырап жанғаны, саналы өмірінің еш зая кетпегендігін көрсетеді. Ел ертеңі үшін еңбек еткен ұстаздардың ұлылығы да осында дер едім. Келер ұрпақтың алдында зор жауапкершіліктің жүгін арқалап келе жатқандар ұстаздар. Әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен білімді санасына ұялатқан ұстазын мәңгілік есінде сақтайды. Нағыз мұғалім, міне осы. Адам тәрбиелеу-ұлы міндет. Ол міндетті атқарушы – ұстаз.,»- дейді білікті маман.
Бұл салаға келуі туралы баяндап өтсек, 1983 жылы Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық институтының химия-биология мамандығына оқуға түсіп, 1988 жылы бітіріп шығады. Диплом алған жылы отбасын құрып, Төлеби ауданы, Қасқасу елді-мекеніндегі Куйбышев атындағы орта мектепке химия-биология мұғалімі болып орналасты. Оған үнемі қолдау көрсеткен отбасы мен тәжірибелі ұстаздар. Мектеп директоры Б. Аюбаев ағай аға буын ұстаздарды тәлімгерлік етіп бекіткен. Ол ұстасаздарға айтар алғысы шексіз.
1996 жылы Шымкент қаласындағы №47 мектеп-гимназияда химия пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.
1999 жылдан бастап Ленгір қаласындағы №1 мектеп-гимназияда химия пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарып келеді. 42 жылдық пед. өтілі бар. Оқушыларды олимпиада жеңімпазын, ғылыми жоба жарысының жеңімпазын дайындауға қосқан үлесі ұшан теңіз. Республика деңгейінде таратқан авторлық бағдарламасы бар.
Осы орайда соңғы 5 жылдағы кәсіби жетістіктеріне тоқталып өтсемюк:
2019-2020 оқу жылы
2019 жылы Түркістан облысы, Төлеби ауданының әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
2019 жылы аудандық мұғалімдерінің озық іс-тәжірибелер жинағында мақаласы жарық көрді.
2020 жылы оқушылардың аудандық олимпиадасында 10A сынып оқушысы Көкеш Аружан жүлделі II орынды иеленіп, мақтау кағазымен марапатталды.
2020 жылы оқушылар арасында өткізілген ғылыми жоба жарысында 7A сынып оқушысы Асылхан Іңкәр II орынды иеленді.
2020 жылы оқушыларды ғылыми жоба жарысына дайындаудағы шығармашылық еңбегі үшін АББ «Алғыс хатымарға арналған білім беру ұйымдары мұғалімдерінің «Үздік авторлық бағдарлама»Республикалық конкурсының II ші дәрежелі дипломымен марапатталды.
2020 жылы «Ең білімді педагог-2020» VI облыстық пән олимпиадасында I ші дәрежелі дипломымен марапатталды.
Республикалық химия пәнінен ұстаздар арасында олимпиадасына қатысып II дәрежелі дипломмен марапатталды.
2021-2024 оқу жылы
Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылар арасында өткізілген олимпиаданың аудандық кезеңінде «Химия» пәнінен жүлделі I орын иеленгені үшін 10 сынып оқушысы Саятай Бегман марапатталды.
Төлеби ауданының Адами әлеуетті дамыту бөлімінің алғыс хатымен марапатталды.
Халықаралық «Қазақстан педагогтері» ассоциациясының «Алғыс Хатымен» марапатталды.
9-11 сыныптар арасында химия пәніен дәстүрлі XI Менделеев олимпиадасына жүлдегер дайындағаны үшін «Алғыс хатымен» марапатталды.
2022 жылы Төлеби ауданының «Алғыс хатымен» марапатталды.
2022 жылы Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталды.
2023 жылы аудандық кәсіподақ комитетінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
2023 жылы аудандық ғылыми жоба жарысында «Тағамдық бояғыштардың адам ағзасына әсері» тақырыбымен 10 Б сынып оқушысы Элмурат Сымбат жүлделі II орын иеленді.
Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.