КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ
«Ұстаз-ұлағатты есім». Ұстаз шәкірттерін білім нәрімен сусындатып бойына жаксы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар және тәлім-тәрбие беріп, әрқашанда өзгелерге жол сілтеуші, қолдау көрсете білетін, жылы жүрегімен сәулесін шашып, мейірім шапағатын төгіп тұратын тұлға».
Ұстаз-жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам мен халық өзінің үміті мен болашағын тапсыратын сенімді өкіл. Ұстаз сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және азаматтық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде.
Ардақты ұстазымыз 42 жыл мектепте жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп жүрген Б.Оңтаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Ербосынова Калдыкул Амалбаевна.
Ербосынова Қалдыкуль Амалбаевна еңбек жолын 1982 жылы бастаған. Педөтілі – 42 жыл. Б.Оңтаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде қызметін атқарып келеді.
1987 жылы Шымкент пединститутын орыс тілі және әдебиеті мамандығы бойынша аяқтаған. Білімі жоғары, жоғарғы санатты, педагог-зерттеуші ұстаз. Еңбек жолында республикалық, облыстық, аудандық, мектепішілік алғыс хаттар мен марапаттарды иеленген.
«Ұстазы мықты, ұстанымы мықты» дегендей осы уакытқа дейін тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатқан шәкірттері талай биік белестерді бағындырып келеді. Осы еңбектері бағаланып, осы уақытка дейін түрлі марапаттарға ие болып келеді.
1.2015 жылы облыстық «Оңтүстік Қазақстан облысы үздік мұғалімі» медалімен марапатталып, кітабына үздік сабағын жариялаған.
2.2015 жылы республикалық әдістемелік жұмысы озық үлгіде баяндалып, «Өз ісінің шебері» дипломымен марапатталған.
3.2017-2018 оқу жылының аяғында ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Орыс тілі» пәні бойынша біліктілігін арттырып, сертификатталды.
4.2020 жылы республикалық «Құрмет грамотасымен» марапатталып, алғыс хаттарға ие болды.
5.2020-2021 оқу жылында шығармашылық ізденістері арқасында өз шеберлігін, біліктілігін жоғары дәрежеде танытқаны үшін республикалық «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
6.2020 жылы ҚР-ның білім саласына қосқан елеулі еңбегім үшін Қазақстанның педагогикалық академиясы шешімімен «Ұлағат» төсбелгісімен марапатталды.
7.2020 жылы «Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған «Әріптес туралы сыр» байқауына белсене қатысқаны үшін аудандық кәсіподақ комитетінің дипломымен марапатталды.
8.2021 жылы Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
9.2021-2022 жылы оқушылар арасындағы облыстық пәндік олимпиададан оқушысы 3 орын иеленгені үшін «ІІІ дәрежелі дипломмен» марапатталды. Түркістан 2022 жыл.Тіркеу №7566.
10.2021-2022 жылы оқушылар арасындағы аудандық пәндік олимпиададан оқушысы Екудаева Сабина 1 орын иеленгені үшін Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің «І дәрежелі дипломмен» марапатталды. Темірлан 2022 жыл. Тіркеу №283.
11.Республикалық қоғамдық бірлестігі «Білім шыңы-Ғылым сыры» журналы редакциясының 2022 жыл қыркүйек №010 шешімі бойынша «Құрметті ұстаз» төсбелгісімен марапатталды.
12.2023 жылы Түркістан облысы №5234 «Құрмет грамотасымен» облыстық кәсіподақ комитетінің марапатына ие болды.
13.2022 жылы Темірлан е.м. №3361 «Құрмет грамотасымен» аудандық кәсіподақ комитетінің марапатына ие болды.
14.ІІ дәрежелі дипломмен Ұлы Жеңіс күніне арналған аудандық сырттай эссе байқауында жүлделі 2 орынға ие болып, оқушысы Ербосынова Лаура марапатталған. Тіркеу №5699 2023 жыл.
15.2021-2022 оқу жылында «Республикалық ғылыми жобалар» сайысынан «Орыс әдебиеті» секциясы бойынша оқушысы Кулбаба Нурбала ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.Тіркеу №681.
16.2023-2024 оқу жылындағы ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиадасынан І дәрежелі дипломмен 9 сынып оқушысы Артай Мейіржан Жандосұлы марапатталды. Тіркеу №10900.
17.2023-2024 оқу жылындағы ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиадасынан І дәрежелі дипломмен 11 сынып оқушысы Екудаева Сабина Арманқызы марапатталды. Тіркеу №10901.
18.2023-2024 оқу жылындағы ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиадасынан ІІ дәрежелі дипломмен 10 сынып оқушысы Аділ Әсел Асхатқызы марапатталды. Тіркеу №13180.
Оқушылары түрлі сайыстар мен олимпиадаларға қатысып, облыстық, аудандық жүлделі орындардың иегері болды.
Мұғалім ретінде оқушылардың шығармашылығын арттыра отырып, оқушының жан дүниесін түсіне білетін кішіпейіл, инабатты қасиеттерді беретін білікті ұстаз. Білімі мен өнегесін шәкірттеріне арнап, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайды. Білімін үнемі жетілдіріп отырады, білім мен тәрбиені ұштастырған ұстаз ғана емес, ол 3 баланың аяулы анасы, 13 немеренің әжесі.
Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.