КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген халқымыз. Ұстазсыз адам болмайды.Бәрімізде кезінде мұғалімнің тәлімін алып, білімін үйрендік.”-деп айтқан болатын мемлекет басшысы

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқынына арнаған жолдауында.

Ұстаз болу – жай ғана мамандық емес. Ол – адам бағдарын жасаушы. Егер де өмір қоғамға бейім, білім нәрімен терең сусындаған, тәрбиелі де ізгі жүректі адам өмірге менің өмірімнің ең шынайы әрі ғажайып мәні. Мұғалімнің негізгі міндеті — жеке тұлғаны дамытып, оның алғашкы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға дегеп қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға ~ ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады. Ол үшін мұғалімнің ұстанған ұстанымы маңызды рөл атқарады.

Түркістан облысы, Төлеби ауданы, «Қазақстан» жалпы» білім беретін мектеп КММ

математика пәнінің мұғаліміАбдукапарова Раушан Давлеткожаевна

Мектептегі ұстаз- баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл , ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі –өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Осы тұста Абай атамыздың: Ақырын жүріп, анық бас ,еңбегін кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады.Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып,ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе? Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс- тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді. Ұстаз сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде.

Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, жүрген математика пәнінің мұғалімі, педагог –сарапшы Абдукапарова Раушан Давлеткожаевна.

2000-2004 жыл аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде информатика мамандығы бойынша білім алып, 2004 жылы Шымкент Әлеуметтік – педагогикалық университетіне математика мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2006 жылы бітіріп, диплом алды.

2004 жылы Төлеби ауданы Көксәйек елді мекені Қазақстан ауылына тұрмысқа шығып,отбасын құрды. Педагогикалық өмір жолын Қазақстан ауылындағы «Қазақстан» жалпы орта мектепте математика пәнінің мұғалімдігінен бастады.

2004- 2024 оқу жылынан бері қазіргі уақытқа дейін Төлеби ауданы «Қазақстан »жалпы білім беретін мектебінде ұстаздық етуде. Осы еңбек жылдарында талай жетістіктерге мектепішілік, аудандық ,облыстық сайыстарға қатысып, мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденпаз ұстаз. . «Бала жүрегі – кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтің тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек» -деп М. Шаханов ағамыз айтқандай ,әр баланың жүрегіне жол таба алатын ұстаз.

Мұғалім мамандығы –барлық мамандықтың анасы. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ.Ұстаз- білгенін үйретуші ғана емес,баланың жүрегіне жол тауып,оның болашақта адами болмысының қалыптасуына үлкен ықпал ететін тұлға. Ұстаз болу – адамгершілік қасиеттерін баланың бойына дарыту.Ұстаз жүгі –ауыр жүк.

Математиканың ғылымдар саласында алатын орны ерекше.Математика –ғылымдардың іргетасы. Біреуге қиын, біреуге жай сандар болып көрінгенімен, адам ойлау қабілетіне зор пайдасы бар, қызыққа толы ғылым.Біз өмір сүру үшін барлық жерде математика пәні керек.

Өмірде ойлап тұрсаң бәріде есеп

Ауырсақ ішетұғын дәріде есеп

Есепсіз өмір сүрген мазмұңсыз-ау

Дүниенің бір тұлғасы есептесек.- деген өлең шумақтардан байқалады.

Математика –қиындығы мен қызығы қатар жүретін пән.Математика да –өнер: оның өз стильдері мен стильді кезеңдері бар. Математика- ақиқат дүниесінің сандық қатынастары мен кеңістік формалары жайлы ғылым.Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.

Ұстаз болу- сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу- жүректің батырлығы

Ұстаз болу- мінездің күн шуағы

Азбайтұғын адамның асылдығы

Осы төрт қасиет әр ұстаздың бойынан табылу қажет. Себебі мұғалім қай сабақта болмасын оқушысын еркіндікке баулиды. Сондықтан да ұстаздың міндеті талап пен еңбекті оқушыдан талап ете отырып, білімнің теңізінен маржан тергізу . Оқушы сабағыңнан ешқашан жалықпау керек. Оқу жылындағы жетістіктері:

« Облыстық дарынды балдарды қолдау орталығы »

КММ-сі және «Зерделі» ақыл-ой оқушыларына арналған «Алтын түлек » олимпиадасына 10 сынып оқушылары: Полат Е, Әліхан А қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.

9 сынып оқушысы Рахматулла Бағдана математика пәнінен аудандық пән олимпиадасынан жүлделі II орынды иеленді.

18.03 – 03.04.24ж аралығында «Математика мұғалімдерінің пәндік құзіреттерін дамыту» тақырыбы бойынша 80 сағаттық курс оқып, сертификат алды.

«Ustaz ustanymy» ғылыми- әдістемелік журналының №2 (18) (2024ж ақпан) шығарылымына «Тригонометриялық формулалар» тақырыбында ашық сабақ жарияланып, алғыс хатпен марапатталды.

«Ұстаз жаршысы» газетіне «Квадрат теңдеудің формулаларын қолданып есептер шығару» тақырыбындағы сабағын жариялады

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің Алғыс хаты

Төлеби аудандық әкімінің Алғыс хаты

2023 жылдың сәуір айында «Оқушыларды функционалдық сауаттылыққа дайындауда халықаралық зеттеулердің

маңыздылығы » тақырыбында ұстаздарды кәсіби шыңдау мақсатында аймақтық семинарда 7 «Ә» сынып оқушыларымен «Алгебралық өрнектерге есептер шығару » тақырыбында жоғары деңгейде ашық сабақ өтті

«Жаңашыл педагог- 2024» байқауына қатысып ,II орын алды.

«Кенгуру- математика барлығы үшін» халықаралық ойын конкурсынан оқушыларымның жетістігі:

9 «А» сынып оқушысы Шажалиева А – III дәрежелі диплом

9 «Ә» сынып оқушысы Рахматулла Б – III дәрежелі диплом

9 «Ә» сынып оқушысы Абделхан А – III дәрежелі диплом

9 «А» сынып оқушысы Кенжеғали С- II дәрежелі диплом

9 «А» сынып оқушысы Сапаралы Д- III дәрежелі диплом

10 сынып оқушысы Полат Еңлік – II дәрежелі диплом

10 сынып оқушысы Серікбай Жаннұр – II дәрежелі диплом

10 сынып оқушысы Алихан Аружан – II дәрежелі диплом

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.