КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Түркістан облысы мектеп директорлары арасында «Intellctum DD2»Директорлар дебаты» облыстық турнирінде топ арасынан үздік шығып І орын иеленген республикалық турнир дипломанты.

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Қажымұқан ауылы. С.Смайылов атындағы жалпы білім беретін мектеп директорының міндетін атқарушы Шамшиев Еркеғали Нуритдинұлы

Мұғалімдік мамандық-бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер-ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады. К.Д. Ушинский.

Санал ғұмырын оқу мен оқытуға арнаған ата-анасы, ардагер ұстаздар Нүриддин ағайымыз бен Күләнда апайымыздың ұстаздық еңбек жолын жалғастырған Еркеғали Нуритдинұлы да осы саланы таңдаған. Үлгілі өнеге беретін отбасынан шыққан ұстаздар оқушыларды жетістікке жетелеуді бірінші орынға қояды. Тек үйретіп қана қоймай, белестерді бағындырып бәсекелстікке қабілетті жан етіп шығаруды міндет деп санайды. Заман талабына сай заманауи әдістерді қолдану керек дейді олар. Ескімен оқыған ұстаздардың да білімін жаңғыртып тұруларының себебі осы.

Еркеғали 2004-2008 жылдары Алматы қаласы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін оқып физика пәнінің мұғалімі мамандығын бітірген.

Ұстаздық еңбек жолын Шымкент қаласындағы 2009 жылы №67 негізгі орта мектепте физика пәні мұғалімі болып бастады.

– 2009-2010 жылдары Сайрам ауданында Гуманитарлық агроэкономикалық колледжінде физика пәнінің оқытушысы,

– 2010-2013 жылдары Ордабасы ауданында «Шұбарсу» жалпы орта мектебінде (қазіргі М.Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебі) физика пәнінің мұғалімі,

– 2013-2017 жылдары Сыдық Ысмайлов атындағы жалпы орта мектебі директордың бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары,

– 2018-2019 жылдары Ордабасы аудандық білім бөлімінің бас маманы,

– 2019-2023 жылдары Сағадат Нұрмағамбетов атындағы жалпы орта мектеп директоры,

– 2023 жылдың желтоқсан айынан беру Сыдық Ысмайлов атындағы жалпы орта мектебі директордың міндетін атқарып келеді.

Еркеғали Нуритдинұлы өзінің ұстаздық қызметін және мектеп директоры лауазымдық міндетін атқару барысында білім мазмұнын жақсартуда өзінің іскерлігін, оны заман талабына сай дамытуда жетік меңгере білетіндігін көрсетіп келеді. Мектеп мәдениетін дамытуда, ұжым арасында ынтымақтастық атмосферасын орнатуда еңбегі зор.

– 2011 жылы Ордабасы ауданының «Жылдың ең үздік жас ұстазы» номинациясының,

– 2012 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының (қазіргі Түркістан облысы) «Табысты жас Қазақстандық» өңірлік жастар сыйлығының және «Ең үздік жас мұғалім» номинациясының иегері.

– 2023 жылы Түркістан облысы мектеп директорлары арасында «Intellctum DD2»Директорлар дебаты» облыстық турнирінде топ арасынан үздік шығып І орын иеленгені үшін І дәрежелі Дипломмен,

– 2023 жылы 28 маусым күні Қанипа Бітібаева атындағы республикалық ғылыми –әдістемелік зерттеу орталығы «Жыл директоры» білім беру ұйымдары басшыларының республикалық кәсіби байқауындағы үздік нәтижесі үшін ІІІ дәрежелі Дипломмен,

– 2023 жылы Мектеп басшылары арасындағы республикалық ”Director”s CUP”дебат турниріне қатысып Алғыс хатпен марапатталған.

Қасым Аманжолов «Мектепті сыйлағандықтан, мамандығын жан-тәнімен сүйгендіктен мұғалім ең алдымен өзінің интелектісін көтеруі керек, дүниеге деген көзқарастарын биіктетуі керек»-деген ойы Еркеғали Нуритдинұлына арналғандай.

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ