КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы- мұғалім.
Түркістан облысы Төлеби ауданы «Майбұлақ жалпы білім беретін мектебі» КММ
физика пәнінің мұғалімі Ташимбетова Балжан Аскаровна
Еліміздің болашағы-жастар. Білімді ұрпақ тәрбиелеу білікті, шебер ұстаздардың қолында. Ұстаз ғылыми ізденіс пен тәжірибені қатар ұстайтын іскер жан болуы керек.
Заман талабы ұстаздың алдына үлкен міндет қояды, оны арқалау оңай емес. Ең алдымен ұстаздың өзі терең ойлай білетін, сын тұрғысынан пайымдап, бағалай алатын, ойы жүйрік, қыран құстай қырағы болуы керек деп ойлаймын. Өзінің шәкірттерін заман талабына сай озық ойлы шәкірт деңгейіне жетелеу үшін бар күш-жігерін, білімін сарп етуі тиіс. Егер ұстаздың деңгейі тереңінен ойлауға жетпесе, онда оқушы қайдан ол деңгейге баспалдақ табады? Мұғалімнің әр сабаққа дайындаған тапсырмасының өзі бірқалыпты деңгейде болмауы керек. Сол себепті шығармашыл оқушыға күрделі әрі сыни тұрғыда ойландыруға жетелейтін тапсырмалар беріп отыруы керек. Осыдан барып біз баланы алған білімін өмірде қолдана алатын тұлға ретінде қалыптастырамыз.Сапалы білім берудегі негізгі міндет те, мақсат та осы. Ерінбей ізденіп, талмай еңбектенсек, алтын ұядан қанаты талмайтын, биікке, тек алға самғайтын шәкірттерді ұшыра аламыз! «Ұстаз еңбегінің жемісі-шәкіртінің жеңісі»,-демекші біз осындай шәкірттерді тәрбиелесек, ол-біздің еңбегіміздің еш кетпегендігінің белгісі.
Білікті ұстаз 2004-2008 жылдар аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде жоғары білім алады. 2017-2019 жылдары Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде физика мамандығын оқыды. Педагогикалық өмір жолын 2017 жылы Төлеби ауданы Майбұлақ ауылындағы «Майбұлақ» жалпы орта мектебінде физика пәні мұғалімі болып бастады. Оған тәлімгерлік еткен аға буын ұстаздарыма үлкен рақметін айтады.
Физика – қиындығы мен қызығы қатар жүретін пән. Өзінің 7 жылдық педөтілімінде мектеп оқушыларының сапалы білім алуына, сонымен қатар аудандық, облыстық, Республикалық деңгейдегі әртүрлі жарыстарда жүлделі орын алуына өз үлесін қосты.
2021 жылы «Алтын қыран –ерекше дарын иесі» зияткерлік сайысынан
Ажакбар Аружан -2 орын
Әбу Нұрайым – 2 орын
Бакадир Мардан- 3 орын
Әбдікерім Асылай- 3 орын алды.
2021 жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылар арасында өткізілген олимпиаданың аудандық кезеңінен Кеңес Назерке 3-орын иеленді.
2021 жылы Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.
2021 жылы Халықаралық «Қазақстан педагогтері» ассосиациясы ұйымдастырған «Тәуелсіздіктану» атты еркіндік пен елдік танымды арттыруға арналған І Халықаралық жобаға қатысты.
2022 жылы «Өрлеу» БАҰО АҚФ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институтының Мадақтама қағазымен марапатталды.
2023 жылы Daryn.Online желілік басылымына «Ұлттық ұн тағамдарының емдік, тұрмыстық қасиеттері» тақырыбында мақаласы жариялады.
2024 жылы Төлеби ауданының білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.
2023-2024 оқу жылындағы ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық лоимпиаданың облыстық кезеңінен 3-дәрежелі димломымен 9-сынып оқушысы Қамшыбек Ұлту Мадиқызы марапатталды.
Облыстық «Smart сабақ-2023» тақырыбындағы байқауында матамодернистік дәуір талабына сай «Meta Skills» бойынша 3-дәрежелі дипломымен марапатталды.
2023-2024 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылар арасында өткізілген олимпиаданың аудандық кезеңінен Жолшыбекқызы Сезім 3-орын иеленді.
2023-2024 оқу жылында мектебімізде ұйымдастырылған байқауында «Ең үздік сынып» номинациясын иеленді.
Төлеби аудандық кәсіаодақ комитетінің баспасөз қызметі.