Кәсіподақ мінбері

Кәсіподақ мінбері

Раззакова Ирада Рустамбековна 1981 жылы Қазақстан Республикасы Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақбай ауылында зиялы отбасында дүниеге келді. Ирада Раззакова 1987 жылы «Ақбай» ауылындағы №28 «Чапаев» атындағы орта мектептің 1-сыныбына қабылданып, 1998 жылы мектепті бітіріп сол жылы М.Әуезов атындағы Мемлекеттік университеттің «Жаратылыстану педагогика» факультетінің күндізгі бөлімінде оқып, 2002 жылы химия мамандығы бойынша, химия пәні мұғалімі деген диплом алды. 2002 жылы өзі бітірген мектепке яғни жаңа атауы №28 «Ақбай» жалпы орта мектебіне мұғалім етіп жұмысқа қабылданды.

Заман талабына байланысты есептеу техникасын меңгеру мақсатында екінші мамандық алу үшін 2007 жылы Шымкент университетіне түсіп 2009 жылы 050111 « Информатика» мамандығы бойынша диплом алды.

2020 Орталық Азия Инновациялық Университетіне оқуға түсіп 2022 жылы 7М01501- Химия мамандығы бойынша Педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.

2019 жыл «ХХІ ғасыр педагогы» атты біліктілікті арттыру ағылшын курсына қатысып А1, А2, В1, В2, С1 деңгейдегі сертификаттарды алды.

Педагогикалық тәжірибесі барысында бір неше оқушылары аудандық, республикалық, облыстық, халықаралық олимпиадаларға және байқауларға қатысып, жүлделі орындар алып, құрмет граммоталармен алғыс хаттармен марапатталған.

2020 жылы Халықаралық Қазақстандық-Ресейлік мұғалімдер қауымдастығы және «Алые Парус» Халықаралық балалар орталығы бірлескен жобасының «Үздік ғылыми жоба» І -Халықаралық конкурсына 8-сынып оқушысы «Тез дайындалған тағамдар мен күнделікті қолданысқа келетін тағамдардың құрамы мен адам ағзасына зияны» тақырыбында ғылыми жұмыс қорғады ІІ -дәрежелі Диплом мен марапатталды.

2020 жылы «Білім шыңы» қоғамдық бірлестігі, Президенттік « Жас Ұлан» жастар ұйымының ұйымдастырған мұғалімдер арасындағы облыстық пән олимпиадасында «Ең білімді педагог»-2020 Бас жүлдесі және төс белгісімен марапатталды.

2022 жылы информатика пәні мұғалімі Раззакова Муяссар Рустамбековна, Ағылшын тілі пәні мұғалімі Таджиева Айдин Махамаджановналармен бірігіп шығарған «CLIL әдісін қолданудың тиімділігі мен артықшылықтары» авторлық бағдарламасы республикалық деңгейде таратылды.

2021жылы Республикалық үздік педагогикалық идея байқау, «Тіршілік химиясы» тақырыбы бойынша авторлық бағдарлама республикалық деңгейде таратылды.

Тынымсыз еңбектің арқасында түрлі халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі байқауларға, іс-шараларға қатысып, түрлі деңгейдегі жүлде қорларын толықтыруда.

2023 жылы 11 –сынып оқушысы Республикалық жалпы орта мектеп оқушылары арасында өткізілген «ХХІ ғасырдың жас ғалымы» атты ғылыми жоба байқауында үздік деп танылған «НАНОХИМИЯ» тақырыбындағы ғылыми жұмысы республикалық жинақ кітабы басылымға шықты. Оқушысы және жетекшісі диплом және төс белгімен марапатталды.

Атап айтқанда 2016 жылы- «Шығармашыл, тәжірибелі ұстаз», 2023 жылы «Оқу мен тәрбие ісінің үздік ұстазы»,2020 жыл «Ең білімді педагог» төс белгімен, 2024 жылы облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды. Раззакова Ирада барлық қоғамдық жұмыстардың үздігі.

2018 жылдан бастап метептің кәсіподақ комитетінің төрағасы.Ауданның қоғамдық жұмысына белсене қатысуда. Мектепте кәсіподақ комитетінің белсенділігін арттыру және кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік –экономикалық құқықтық мүдделерін қорғаудың әсерін дамыту бағытында үлкен үлесін қосып келе жатыр. Мектепте кәсіподақ мүшелеріне консультативтік-құқықтық көмек көрсетеді. Еңбек дауларын алдын алу және болдырмау, еңбек қатынастарына байланысты түсініспеушіліктер, наразылықтар мен арыз-шағымдарды ұжымда шешеді. Ұжымда сый құрметке ие.

2023 жылы еңбекшілердің әлеуметтік қорғауда атқарған белсенді еңбегі үшін облыстық кәсіподақ комитетінің,аудандық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.