КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

«Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық.

Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі-мұғалім.

Бүгін біз Қазақтан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, тарих пәнінің мұғалімі, педагог–зерттеуші Сапарбек Зубайра Орынбекқызының еңбек жолымен таныстырамыз. Зубайра Орынбекқызы 09 желтоқсан 1964 жылы Түркістан облысы, Бәйдебек ауданы, Ағыбет ауылында дүниеге келген. М.Әуезов атындағы Шымкент педагогика институты «Тарих және қоғам тану» пәндерінің мұғалімі бөлімін тәмамдаған. Еңбек жолын 1985 жылы Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы «Қызыл жар» бастауыш мектебінде мұғалім болып бастады. 1986 жылдан қазіргі уақытқа дейін Түркістан облысы, Ордабасы ауданының «Қ.Сыпатаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқаруда.

Білім беру мекемелеріндегі 40 жылдық жұмыс өтілі кезеңінде оқушылармен үздіксіз жұмыс жасап пән олимпиадаларына дайындап, оқушылары жүлделі орындарды иеленген. Педагог бірнеше рет кәсіби біліктілік байқауына қатысты және оқушылары да республика, облыс деңгейлеріндегі олимпиада, ғылыми жұмыс, байқауларға қатысқан.

2015 жылы Темірәлі Күнай Облыстық пән олимпиадасында ІІІ орын.

2016 жылы Республикалық «Яссауи тану» байқауының облыстық кезеңінде Мамадиярова ІІІ орын.

2023 жылы Республикалық ғылыми жобалар байқауы аудандық кезеңде І орын, облыстық кезеңде ІІІ орын Амалбек Қасиет 10 сынып.

2023 жылы Аудандық пән олимпиадасы ІІІ орын Нариманұлы Нұртөре.

Марапаттары:

1. 2020 жылы ІІ дәрежелі Диплом БжҒМ республикалық ғылыми практикалық орталығы Нұрсұлтан қаласы.

2. 2019 жылы облыстық білім бөлімінің «Құрмет Грамотасы».

3. 2020 жылы Диплом. Түркістан облыстық білім беруді дамыту орталығы.

4. 2023 жылы Жалпы білім беретін пәндер бойынша «Менің шағын отанымның символы» тақырыбында өткен Республикалық шығармашылық байқауында аудандық кезеңде І орын, облыстық кезеңде белсенділік көрсеткені үшін марапатталды.

5. 2020 жылы Қазақстан Республикасы Президенттік кітапханасының ұйымдастыруымен өткен онлайн түрдегі ғылыми жұмыстар байқауында 9 сынып оқушысы Мырзахмет Дастан ІІІ орын.

6. 2023 жылы Тарихшы Нұртас Оңдасынов Республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде 10 сынып оқушысы Нариманұлы Н. жеңімпаз атанды.

7. 2024 жылы Білім беру саласында қосқан үлесі үшін Түркістан облысы, Ордабасы ауданы білім бөлімі Алғыс хат.

8. 2024 «Кемеңгер ұстаз» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналы Алғыс хат.

Зубайра апайдың ұзақ жылдар бойы үздіксіз еткен зор еңбектері-саналы ұрпақ тәрбиесінде алар орны ерекше, кейінгі жас буынға үлгі-өнеге болды. Жақсының жақсылығын дәріптеу, адамның ел үшін еткен игілікті істері мен мұрасын кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге ету-ежелгі ел дәстүрі. «Тауға жақындаған сайын оның биіктігін түсінесің»-деген мәтел бар. Осы керемет сөз біздің ардақты ұстазымызға қатысты айтылғандай, өйткені, сол тау секілді өміріне үңілген пендеге биіктей түсетіндей. Біз ұстазымызды қастерлейміз, құрмет тұтамыз және мақтан етеміз!

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.