КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Шұбарсу елді мекені, «Зерде» жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Турмаганбетова Сандугаш Оралбаевна.
Бала – яғни ұрпақ Аллах тағаланың адам баласына берген үлкен сыйы. Адам ұрпағымен мың жасайды деген аталы сөз де бар. Бала – ата-ананың көзінің нұры, көңілінің гүлі, өмірінің жалғасы. Себебі ұрпақ тәрбиесі бұл ерекше көңіл бөлетін нәрсе.
Ұлы ұстаз, адал ұстаз. Қазақтың қасиетті сөздерінің ұстазға қосыла айтылуында үлкен мән, терең ой жатқандай. Абай атамыздың қырық бес қара сөзінің бірінде, адамның өн-бойын жүрек басқарады деп келтірсе, мектепті басқарып, әрбір шәкіртінің білім алуына ғұмырын арнап, жетістігіне қуанып, шәкіртті жүлделі болғанда денесіне құмырсқа жүгіргендей махаббатпен мақтана алатын, ұстазды мектептің жүрегі деп атасақ артық дүние болмас. Таудағы арша қандайда бір өмір суынан нәр алып өседі, сондықтан да ол мың жыл өмір сүреді. Сол секілді ұстаз да қаншама шәкірттерге мәңгілік білім суын ішкізген, ішкізе білген адал жан саналмақ.
Турмаганбетова Сандуғаш Оралбайқызы 1979 жылы ұстаздар отбасында дүниеге келді. Отбасындағы асыл тәрбиені бойына сіңіріп өскен Сандуғаштың арманы ұстаз болу еді.
1993 жылы 9-сыныпты бітіріп, өзі қызыққан оқу орнына түсіп, 1997 жылы Өзбекстан Республикасы, Жыззақ қаласындағы мемлекеттік педагогикалық училищесін жақсы оқып, қызыл дипломмен бітірді.
2003 жылы Өзбекстан Республикасы, Жыззақ қаласындағы мемлекеттік педагогикалық ниститутына түсіп 2005 жылы бітірді.
Ата-бабаламыздың дәуірінде шырақ жарығымен білім алып, өмірде тұлға болып қалыптасқан жандар аз емес. Шырақ-бүкіл әлемге жарық сыйлай алмаса да, жарықтың бар екенінен үміт сыйлайды. Шырақ секілді әрбір шәкірт жүрегіне үміт сыйлап, бір жарықпен алған білімнің бүкіл ғұмырын жарқ еткізер қасиетін ұғындыра білген ұстазды, ұлы деп атайтынымыз осыдан болса керек.
Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу. Оның адамшылық ар-ожданын, намысын, тұлғасын жасына қарамай сыйлау, құрмет тұту. Бұл мұғалімнің терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады. Турмаганбетова Сандуғаш ұжымдағы әрбір ұстазбен тіл табысып, қолынан келген көмегін аямайтын жанның бірі.
«Мұғалімнің бүкіл мақтанышы-шәкірттерінде, өзі шашқан ұрпақтарының өсіп өнуінде» деп ұлы ғалым Д.И.Мендеелев айтқандай, өзі тәрбиелеген шәкірттерінің жеткен жетістіктерімен ұстаз мамандығын мамандықтардың ең қастерлісі, қадірлісі санайтын Сандугаш Оралбаевна әлі талай дарынның бойындағы талантын ашып, биік шыңдарға жетелейтіні сөзсіз.
Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.