КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, «Төрткүлтөбе» жалпы білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі Қамшы Бегайым Серікбайқызы.

Қамшы Бегайым Серікбайқызы 1964 жылы 28 қарашада дүниеге келген. Арыс қаласындағы Ә. Жанкелдин атындағы орта мектепті үздік бітірген. 1982 жылы Шымкент педагогикалық институтының «Физика-математика» факультетіне оқуға түсіп, 1987 жылы «Математика-физика пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітіріп шыққан.

Еңбек жолын 1987 жылы бастаған. Еңбек өтілі 38 жыл. Қазіргі таңда Төрткүл аймағындағы «Төрткүлтөбе» жалпы білім беретін мектепте математика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарады.

Шығармашылықпен жұмыс істейтін, шеберлігін үздіксіз жетілдіріп, кәсіби деңгейін арттырып отыратын ұстаз. Бастаған ісін соңына дейін жеткізу, тиянақтылық пен жинақылық, қайсарлық оның бойындағы қасиеттер.

Оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру мақсатында талмай еңбек етіп келеді. Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыра біледі. Мұғалім сабақта оқушылардың ой-өрісін, функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда жаңа технологияны пайдалану шеберлігін ұштастырады. Қандай іске болмасын аса жауапкершілікпен қарайтын ұстаздың еңбегі бағаланып, жаңа ғасырдың саналы азаматын тәрбиелеудегі еселі еңбегі үшін облыстық, аудандық білім беру мекемелерінің «Алғыс хаттарымен» марапатталған. Мектепте қоғамдық жұмыстарға белсене араласады, бірлестік жетекшісі қызметін атқарады.

Осы жылдар арасында шәкірттері аймақтық, аудандық, облыстық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған.

Соңғы жылдардағы еңбегін атап өтетін болсақ;

Шәкірті 10-сынып оқушысы Артықбай Алтынай жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Әл-Фараби атындағы халықаралық олимпиадаға қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды (2020 ж).

«Математика оңайлан күрделіге» деген тақырыпта авторлық бағдарламасы жарияланған (2021 ж).

Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының аудандық кезеңінде математика пәні бойынша «Төрткүлтөбе» жалпы орта мектебінің 8 – сынып оқушысы Шобан Меруерт марапатталған (2022 ж).

Мемлекетіміздің рухани әлеуетін нығайту мен білім беру сапасын арттыру саясатын жүзеге асыруда кәсіби жаңашылдығы, үздіксіз ізденімпаздығы және жоғары нәтижелері үшін облыстық «Мақтау қағазымен» марапатталған (2022ж).

Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңінде математика пәнінен «Төрткүлтөбе» жалпы орта мектебінің 11 – сынып оқушысы Артықбай Алтынай ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды (2022 ж).

2022-2023 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңінде математика пәнінен 9- сынып оқушысы Шобан Меруерт ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды (2023 ж).

Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңінің жүлдегерін дайындағаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталған (2023 ж).

Математика пәнінен «Алтын сақа» олимпиадасының аудандық кезеңінде 6 – сынып оқушысы Нұрлыбай Аружан 2 – орын иеленді (2023 ж).

2023-2024 оқу жылында математика пәнінен 10 – сынып оқушылары арасында өткен «Алтын түлек» Республикалық олимпиадасының өңірлік кезеңінің жеңімпазы Шобан Меруерт 1 – орын иеленді (2023 ж).

Оқушы шығармашылығы үнемі ұстаз, сынып ұжымы тарапынан қолдау тауып отыру керек. Қазақта «Тамыздығын тапсаң, тас та жанады» деген сөз бар. Өйткені, оның мақсаты – әрбір балаға терең білім мен тәрбие беріп ғана қоймай, әр баланың табиғи қасиетін, жеке қасиетін ашып, жеке тұлғаны қалыптастыру.

Алдағы уақытта да ардақты ұстаз Бегайым Серікбайқызына жемісті жеңістер мен шығармашылық табыстар тілейміз.

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.