КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ
Сұлтан рабат жалпы білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі Өзбек тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Нарбекова Намуна Батыровна.
Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. 25 жыл бойы ұстаздық етіп келе жатқан Нарбекова Намуна Батыровна 21.12.1980 жылы Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Сұлтан рабат ауылында дүниеге келген. 1998 -2002 жылыдар аралығында Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Қазақ тілі және әдебиеті және өзбек тілі мен әдебиеті мамандығын бітірді. Еңбек жолын Сұлтан рабат жалпы білім беретін мектебінен бастады. 25 жылдық педөтілінде мектептің мыңдаған оқушылардың сапалы білім алуына, соның нәтижесінде жүздеген шәкірттің саналы ұрпақ болып қалыптасуна үлес қосып келуде. Соңғы 10 жылда білім нәрімен сусындалып келе жатқан шәкірттері 3 рет республикалық пән олимпиадасынан , 3 рет облыстық пән олимпиадасынан , 8 рет аудандық пән олимпиадасынан жүлделі орындар иеленді. 2022жылы Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының ұйымдастырумен Алматы қаласындағы «Жас ғалым -2022» атты Республикалық мектеп оқушылары арасында өткен ғылыми жоба байқауына қатысып Ι дәрежелі дипломмен оқушысы Ахмеджанова Дилноза марапатталды.
Осы орайда жетістіктеріне тоқталып өтсем:
– 2008 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялар , педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы өзбек тілі әдебиеті пән мұғалімдері облыстық олимпиадасының қорытындысы бойынша «Жаңашыл мұғалім» номинациясымен марапатталды.
– 2007 ж «Өрлеу» БАҰО АҚФ ОҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институнының мадақтамасымен марапатталды.
– 2018 жылы «Астана – Мәңгілік елдің Елордасы» тақырыбында өткізілген облыстық эссе байқауында ΙΙΙ дәрежелі дипломмен марапатталды.
– 2021 жылы Ы.Алтинсариннің 180 жылдығына орайй ұйымдастырылған дәстүрлі «Ыбырай жазуары» облыстық жазба жұмыстары байқауында жүлделі ΙΙΙ дәрежелі дипломмен марапатталды.
– 2022 жылы «Ұлағатты ұстаз» Республикалық ғылыми – танымдық , педагогикалық журналының 24 санына үздік жұмысын жариялағаны үшін дипломмен марапатталды.»
– 2022 ж «Қазақстанның білім беру саласы:өзекті мәсеелер және көзқарастар» атты Ι республикалық ғылыми – тәжрибелік конференциясына қатысып білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін дипломмен марапатталды
– 2022 ж Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен білім саласы қызметкерлеріне арналған «Шебер – Педагог – 2022» атты ΙΙ халықаралық байқауына «Ең үздік сабақ жоспары « номинациясы бойынша қатысып үздік нәтиже көрсеткені үшін жүлделі Ι дәрежелі дипломмен марапатталды.
Оқушыларының жетістіктері
1 .Умарова Севинч – республикалық пән олимпиадасынан ΙΙ орын
2. Бердибаева Индира – республикалық пән олимпиадасынан ΙΙΙ орын
3. Ахмеджанова Дилназа – республикалық пән олимпиадасынан Ι -орын
Осы жұмысының нәтижесінде 2021 жылы «Мәртебелі ұстаз» төсбелгісімен марапатталды.
Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.