КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Түркістан облысы білім басқармасы Ордабасы аудандық білім бөлімі Елтай Ерназаров атындағы жалпы білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жақыпбек Ұлбала Қалдыбекқызы.

Біліктілік санаты: «Педагог-шебер», «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері.

Еліміздің ертеңі-бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрақтың тағдыры-ұстаздардың қолында екені белгілі.. «Мұғалім мамандығы-барлық мамандықтың анасы»- деп, қалай дәл тауып айтылған. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Қиындығы да, қызығы да жетерлік, ең бастысы – жауапкершілігі жоғары мамандықты Ұлбала Қалдыбекқызы өміріне арқау етті. Шәкірттері — оның өмірінің бір бөлшегі. Осы бір «Балалар әлемінің теңізіне» бір бойласа, ешқашан өз мамандығымды өзгерткісі келмейді. Абай атамыз айтқандай: «Бала тәрбиесіне үш жақ әсер етеді, ата-анасы, ұстазы және жүрген ортасы. Қайсысының ықпалы зор болса, баланың мінезі солай қалыптасады» -деген.

Жақыпбек Ұлбала Қалдыбекқызы 1973 жылы Бөген ауданы Ақжол ауылында туылды. Мектепті «Алтын медалмен» бітіріп, асқақтаған арманы Алматыдағы қыздар мемлекеттік институтының қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын алды. 1993 жылдан бері отыз жылға жуық ұстаздық жолын шәкірттеріне арнап келеді. Отбасында Пернеханұлы Абаймен 1 ұл, 2 қыз өсіріп отырған ардақты ана,аяулы жар.

Жақыпбек Ұлбаланың шәкірттері аудан, облыс, республика көлемінде өтілген сайыстар мен жарыстарда жоғары деңгейде көрініп, ұстаз беделін асқақтатуда.

Соңғы бес жыл көлемінде:

Алматы қаласы республикалық ғылыми-әдістемелік «Білім әлемі» «Стилистика» тақырыбындағы авторлық бағдарлама жарияланды Алматы 2024ж №445 санында жарияланды.

«Ыбырай Алтынсарин ізбасарлары» республикалық ғылыми-тәжірбиелік журналының «Алғыс хаты» (дипломы №19 қараша 2022ж),

«Қазақстан ұстаздары» редакциясы мен «Talent Akademy» ұжымы ұйымдастыруымен республикалық байқауға шәкірттерді белсенді қатыстырғаны үшін «Алғыс хат» 2023ж «Үздік нәтиже «көрсеткені үшін ІІ дәрежелі диплом.

«Балалар мен жасөспірімдер»арасындағы өнер байқауына сіңірген еңбегі үшін «Құрмет» грамотасы ( 2022ж №783).

Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі елеулі еңбегі үшін «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен (18.09.2024ж№2024-2/00002254).

«Балалар жылы» аясында «Оқуға құштар ұлт» жобасында «Каникулда кітап оқимыз» атты марафонға шәкірттерін қатыстырғаны үшін «Алғыс хатпен» (01.11.2022ж №79937) марапатталған.

Түркістан облыстық педагогтарының кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында «Пән олимпиадасының» ІІ орын иегері (13.01.2020ж №437 Түркістан қаласы).

Оқу-ағарту саласына қомақты үлес қосқаны үшін «Алғыс хат» (№157027).

Түркістан облыстық «КітапХан» жобасы негізінде педагогтардың арасында 2023ж 29 апталық сайысында жүлделі ІІ орын иегері атанды.

Оның шәкірттері заманауи қоғамға сай өмір сүре алатын білімді де, білікті, елін, жерін қорғайтын нағыз ұлтжанды тұлға болып өсіп келеді.

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.