КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Түркістан облысы білім басқармасы Арыс аудандық “Білім бөлімі” мемлекеттік мекемесіне қарасты “№4 бастауыш мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Тұрғанбаева Сәулекүл Орынбасарқызы
Біліктілік санаты: “Педагог-зерттеуші”, «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК МҰҒАЛІМІ» төсбелгісінің иегері.
Жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге өлшеусіз. Сырттай қарапайым болғанымен, тарихтағы ұлы істі атқарып жүрген жұмыс — ұстаздыкі. Біліммен баулып, биікке ұшыратын оқушыларының оқуда озат, өмірде патриот болуы ұстаздың ұстанымына байланысты.
Тұрғанбаева Сәулекул Орынбасарқызы 12.11.1964 жылы Түркістан облысы, Арыс қаласының дүниеге келген. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінен бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша үздік бітіріп шықты. Турганбаева Саулекул Орынбасарқызы еңбек жолын 1986–1988 жылдары Ленгір ауданы «Балдыберек» мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастады.1988-1995 жылдар аралығында Шымкент облысы Темір орта мектебінде бастауыш сыныпты оқыту мұғалімі қызметін жалғастырды.
1995-2025жылдардан бастап №4 бастауыш мектепте бастауыш сыныпты оқыту мұғалімі болып жұмыс атқарып келеді. Бүгінгі таңда осы мекемеде өз еңбегін абыроймен атқарып келеді.
Тұрғанбаева Сәулекүл Орынбасарқызы шәкірттері аудан, облыс, республика көлемінде өтілген сайыстар мен жарыстарда жоғары деңгейде көрініп, ұстаз беделін асқақтатуда.
— 2018 жылы Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивальі» байқаудың қалалық кезеңінде 1 орын иеленгені үшін ДИПЛОММЕН;
–2018 жылы Облыстық «Педагогикалық идеялар фестивальі» байқауында I дәрежелі ДИПЛОММЕН;
–2019 жылы Қазақстан Республикасы БІЛІМ және ҒЫЛЫМ министрлігі оқу әдістемелік орталығының Алғыс хатымен;
–2019 жылы Облыстық «Ең үздік әдістемелік басылымдар» сырттай байқауында үлгілі әдістемелік жинақ номинациясын иеленгені үшін Турганбаева Саулекул ДИПЛОММЕН;
–2020 жылы «Білім беруді жаңартуда сабақ үдерісіндегі кері байланыстың маңыздылығы» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар барысында үздік сабақ көрсеткені үшін Турганбаева Саулекул мадақтамамен марапатталды.
–10.04.2023 Бұйрық № 132 Арыс қаласы Бастауыштар сыныптар білім сапасын арттырудың –жаңаша әдіс-тәсілдері жинағы облыстық деңгейде іс-тәжірибесі таратылды. 4 кітаптың авторы.
Сәулекүл апайдың шәкірттері аудандық, облыстық, республикалық байқаулаға қатысып, жүлделі орындарды иемденіп мектептің атын биіктетіп, абыройын асқақтатуда.
Арыс қалалық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.