КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Түркістан облысы білім басқармасы Арыс аудандық “Білім бөлімі” мемлекеттік мекемесіне қарасты “№32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің биология пәнінің мұғалімі Мырзалы Айзада Көпжанқызы.
Біліктілік санаты: “Педагог-модератор”.
Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зеделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде.
Мырзалы Айзада Көпжанқызы 31.07.1995 жылы Түркістан облысы, Арыс қаласында дүниеге келген. Шымкент қаласындағы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін биология пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шықты. Мырзалы Айзада Көпжанқызы еңбек жолын 2018 жылы Арыс қаласы “№32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мекемесінде өзін-өзі тану пәні мұғалімі болып бастады. 2021 жылдан қазірге дейін осы мектепте биология пәні мұғалімі қызметін абыроймен атқарып келеді.
Мырзалы Айзада Көпжанқызы шәкірттері аудан, облыс көлемінде өтілген сайыстар мен жарыстарда жоғары деңгейде көрініп, ұстаз беделін асқақтатуда.
— 2019жылы «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» байқауының қалалық кезеңінде III орын алғаны үшін диплом;
-2021жылы Диплом «Дарынды балаға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының қалалық кезеңінің II орын иегері;
-2022жылы Қалалық пән мұғалімдерінің олимпиадасында биология пәні бойынша III орын иеленгені үшін Диплом;
-2022жылы Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне дарынды оқушыны дайындаған еңбегі үшін Алғыс хат;
-2022 жылы Алғыс хат «Арыс қалалық Адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
-2022 жылы оқушысы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің Диплом Ш дәрежелі жүлдегері;
-2023 жылы оқушысы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің Диплом I дәрежелі жүлдегері; -2023 жылы «SMART сабақ-2023» байқауының III орын иегері; -2024 жылы оқушысы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің Диплом II дәрежелі жүлдегері; -2024 жылы Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқаудың облыстық кезеңінде 3 орын иеленгені үшін ДИПЛОММЕН; -2024 жылы Арыс қаласының әкімінің алғыс хатымен марапатталған.
Айзада апайдың шәкірттері аудандық, облыстық байқаулаға қатысып, жүлделі орындарды иемденіп мектептің атын биіктетіп, абыройын асқақтатуда.
Арыс қалалық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.