Кәсіподақ мінбері

Кәсіподақ мінбері

Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Майтөбе ауылы Ю.Гагарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы Туремуратова Гулжанат Жаңабайқызы

Осы жылдар аралығында шәкірт бойына білім мен қатар адамгершілік дәнін егіп, рухани кеңістігін кеңейтіп, кемел ұрпақтың келешекте жайқалып өсіп,дамуына өз үлесімді қосып келемін.

Мен үшін мұғалімдік – тек білім беріп қана қоймай, оқушының бойындағы қабілетті ашу, оны дамыту жолында еңбек ету. Әсіресе қазақ тілі пәнінде шығармашылыққа мүмкіндік мол. Сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушыларды еркін ойлауға, өз көзқарасын жеткізуге, тың идеялар ұсынуға баулимын.

Шығармашылық тапсырмалар, эссе жазу, рөлдік ойындар мен жобалық жұмыстар арқылы олардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін және өзіндік ойлау қабілетін дамытамын. Әр оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдап, мадақтау арқылы сенімділік пен қызығушылық оятуға тырысамын.

Менің басты мақсатым – оқушыны дайын біліммен ғана шектемей, өз бетінше ізденуге, жаңа дүниелер жасауға үйретіп, оқушы бойындағы дарынын дамыту. «Бұлақ көрсең, көзін аш» деп дана халқымыз тектен-тек айтпаса керек. Аудандық, облыстық шығармашылық топтың құрамында жүріп, талай дарын мен таланттарды анықтауда шығармашылық пен білім шыңына бағдар беріп келеміз. Осы жолда шығармашыл, белсенді, өз ойын ашық жеткізе алатын тұлға тәрбиелеуге бар күшімді салып келемін. Кәсіби үздіксіз даму мен еңбектің нәтижесін оқушыларым аудандық, облыстық, республикалық білім додаларында жоғары деңгейде білім мен өнерлерін көрсетіп келеді. Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлы «Сен де – бір кірпіш, дүниеге, кетігін тап та, бар қалан!»-деп жазғандай, әр бір оқушымыз ойлы боп, шәкіртіміз еліміздің болашағына тұлға боп қаланса, ұстазға онан асқан мәртебе мен абырой жоқ шығар, сірә!

2019 жылы Сағындық Сұлтан Облыстық ” Қадыр оқулары” байқауында 3- орынды иленді

2019 жылы облыстық Құрмет грамотасымен Туремуратова Гүлжанат марапатталды

2020 жылы Елбасының болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасы аясында және Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған мұғалімдер арасында өткізілген ” Өлең – сөздің патшасы,сөз сарасы…”атты аудандық байқауынды жазба ақындар мүшайрасында жоғары деңгейде өнер көрсетіп Бас жүлде иленгені үшін Туремуратова Гулжанат марапатталады

2021 жылы облыстық ” Тұлпар мініп ,ту алған ” жыр жаттаудан Алғыс хат Жузжасар Ғазиза

2021 жылы Республикалық «Бабалар аманаты» мәнерлеп оқу 1- орын Сағындық Сұлтан

2021 жылы “Ақберен” шығармашылық байқауы аудандық кезеңі көркемсөз номинациясы Сағындық Сұлтан 1- орын

2021 жылы Облыстық ” Ақберен” шығармашылық байқауы көркемсөз номинациясы Сағындық Сұлтан 2- орын жетекшісі: Туремуратова Г

2021 жыл аудандық ” Ақберен” шығармашылық байқауында білгір- шешен номинациясы бойынша Жузжасар Ғазиза 2- орын иеленді

2021 жылы “Даланың дара ұстазы” тақырыбы аясында Ыбырай оқуларына қатысып 2- орын иеленгені үшін Туремуратова Гулжанат марапатталды

2021 жыл облыстық ” Ақберен” байқауы көркемсөз 2- орын Сағындық Сұлтан

2022-2023 оқу жылында ” Мархабат оқуларының” ақындық номинациясы бойынш 2- орын Бексұлтан Ертай

2023 жылы облыстық ” І.Жансүгіров оқулары ” 1-орын Сағындық Сұлтан

2023 жылы Республикалық “І.Жансүгіров оқулары” Бас жүлде Сағындық Сұлтан

2023 жылы Жетісу облыстық Дарын орталығынан шәкіртінің жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін Алғыс хат Туремуратова Гулжанат Джанабаевнаға

2023 жылы Облыстық Дала данышпандары. Үш би ақындық номинация бойынша 2- орын Бексұлтан Ертай

2023 жылы облыстық Х “Ақберен ” республикалық өнер байқауының облыстық кезеңінде 2- орын Сағындық Сұлтан

2023 жылы «Өрлеу ұйымдастырған онлайн Републикалық ” Абай дана, Абай дара” мәнерлеп оқу 1 – орын Сағындық Сұлтан

2023 жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Салаева Эльназ 2- орын иегері атанды

2023 жылы ” Мұқағали Мақатаев оқулары” байқауының аудандық кезеңінде Сағындық Сұлтан 1- орын иеленді

2023 жылы Түлкібас ауданы білім бөлімінің Алғыс хаты Білім саласының дамуына , өскелең ұрпақтың рухани және зияткерлік деңгейін арттыруға қосқан үлесі үшін Туремуратова Гулжанат марапатталды

2023 жылы “Мұқағали Мақатаев оқулары” байқауының аудандық кезеңінде жас жазба ақындар номинациясы бойынша Бексұлтан Ертай 2 – орын иеленіп ,марапатталды

2023 жыл 5-7, 8-10 сынып оқушылары арасында «Ақын -ұлттың жүрегі , шешен көптің тірегі» тақырыбында өтен аудандық жас жазба ақындар байқауында Бексұлтан Ертай 1- орын иеленді

2023-2024 оқу жылында аудандық “Мархабат оқулары” байқауында үздік әңгіме жазып, Алғыс хатпен Махаметжан Аружан марапатталды

2023-2024 оқу жылында аудандық “Мархабат оқуларының” ақындық номинациясы бойынша 1 – орын Бексұлтан Ертай иеленді

2024 жылы дәстүрлі республикалық “М.Мақатаев оқуларының” облыстық кезеңінде 2- орын иеленгені үшін Сағындық Сұлтан марапатталды

2024жылы «Өрлеу» БАҰО Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институт филиалы Мадақтама Мемлекетіміздің рухани әлеуетін нығайту мен білім беру сапасын арттыру саясатын жүзеге асыруда кәсіби жаңашылдығы, үздіксіз ізденпаздығы және жоғары нәтижелері үшін Туремуратова Гулжанат марапатталды

2024 жыл Түлкібас аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды

2023-2024 оқу жылындағы ауыл мектептерінің оқушыларына арналғани білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде үздік білімімен 3 – орын иеленгені үшін Махаметжан Аружан Ернатқызы марапатталды

2024 жылы облыстық Дарын орталығынан Алғыс хат Туремуратова Гулжанатқа

2024-2025 оқу жылында республикалық пән олимпиадасының аудандық кезеңінде 5 -сынып оқушы Абзалқызы Аяулым 3 – орын иеленді

2025 жылы республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасының аудандық кезеңінде Сапар Айда 3- орын иеленді

2025 жыл Түркістан облысының білім басқармасы «Білім беруді дамыту орталығы» КММ

С.Сейфуллин 130 жылдық мерейтойына орай « Сәкен Сейфуллин – қазақ әдебиетінің ақсұңқары» тақырыбындағы облыстық-ғылыми–тәжірибелік конференциясында озық іс- тәжірибесімен бөліскені үшін Мадақтама берілді.

 

Түлкібас аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.