КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Республикалық «Үздік оқырман» байқауына қатысушы ұстаз.

Түркістан облысы, Сауран ауданы, Қарашық ауылы, «Тұран» жалпы білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Хайруллаев Жумадулла Алиакбарұлы.

Ахмет Байтұрсынов айтқандай, мектепке бірінші керегі мұғалім. Мұғалім-мектептің жүрегі. Мұғалім қандай болса, мектебі сондай болмақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогикадан, методикадан хабары бар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Жумадулла Алиакбарұлы 2012 жылы №3 Кентау қазақ-түрік дарынды ер балаларға арналған лицей интернатын «Алтын белгі»ге аяқтап, сол жылдың қыркүйек айында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне грант негізінде оқуға қабылданады. 2015 жылы Республикалық студенттер арасындағы ғылыми жобалар конференциясының III орын жүлдегері. Аталмыш университетті 2016 жылы қызыл дипломмен тәмамдап, қыркүйек айында «Тұран» жалпы орта мектебіне ағылшын тілі пәні мұғалімі ретінде қабылданады. 2017 жылы 29-30 наурыз аралығында The 14th International Conference «Recognizing learning abilities and teaching possibilities in the era of trilingual education» Association of Teachers of English of the Repubic of Kazakhstan «KazTEA» конференциясында баяндама оқиды. ҚР-ның Білім және Ғылым министрлігінің 2017 жылғы жоспары бойынша «Astana School of Business and Technology» компаниясына Үштілділікті оқыту бойынша ағылшын тілі тренері ретінде мамыр – желтоқсан айлары аралығына жұмысқа қабылданды.

2017 жылы Халықарылық IELTS емтиханын тапсырды.

2017 жылы екі шетел тілі пәні бойынша Халықаралық қазақ-түрік университетіне магистратураға грант негізінде оқуға қабылданды.

2018 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Хабаршы, «Көптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы «Effective ways of critical thinking technology at the English lesson» атты мақаласы жарық көрді.

2019 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «Білім саласындағы рухани жаңғыру мәселелері» атты VII дәстүрлі Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында «Appearance of critical thinking technology in education system» атты мақаласы жарық көрді.

2019 жылы Кентау қаласы бойынша Ағылшын тілі пәні мұғалімдері арасында өткізілген қалалық олимпиада I орын иегері атанды.

2019 жылы Халықаралық қазақ-түрік университетінде магистратураны жоғары нәтижемен аяқтап, педагогика ғылымдарының магистрі атанды.

2019 жылдан бері мектебімідің ағылшын тілі бірлестігін басқарып келеді.

2019 жылы «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық олимпиадасының қалалық және облыстық кезеңдерінде Бас жүлдені иеленіп Республикалық кезеңге жолдама алды.

2019 жылы «Адами капиталды дамытудың көзі ретінде Қазақстандық білім беру мазмұнын жаңарту: бәсекеге қабілетті білім-бәсекеге қабілетті ұлт» тақырыбындағы тамыз педагогикалық оқуының жеңімпазы атанды.

2019 жылы «Заманауи білім беру: көптілді және көпмәдениетті оқытудың мәселелері» тақырыбындағы облыстық конференцияға қатысқаны және инновациялық идеяларымен бөліскені үшін марапатталды.

2020 жылы тағы бір рет Халықаралық IELTS емтиханын тапсырып С1 яғни 7.0 деген жоғары нәтиже көрсетті.

2021 жылы «Ағылшын тілі пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» атты авторлық бағдарламасы жарық көрді.

2021 жылы педагог-зерттеуші категориясын иемденді.

2021 жылдан бері «Заңғар-М» жекеменшік мектеп интернатында ағылшын тілі пәні бойынша қосымша сабақтар берді.

2022 жылы Пән мұғалімдерінің облыстық олимпиадасында озық идеясы және шығармашылық ізденістерімен ерекшеленіп жүлделі ІІ орын алғаны үшін марапатталды.

2020 және 2022 жылдары Түркістан облыстық өзбек этно-мәдени бірлестігі тарапынан алғыс хатпен марапатталды.

2022 жылы Тамыз айында «Өрлеу» БАҰО АҚ-на Түркістан облысы бойынша ағылшын тілі пәні тренері ретінде жұмысқа қабылданды.

2022 жылы «Өрлеу» БАҰО АҚның құрмет грамотасымен марапатталды.

Оқушылары пәндік олимпиада, ғылыми жоба сайысы, дебат ойындарының аудандық облыстық кезеңдерінің жеңімпаздары.

Атап айтар болсақ Атажанова Диана және Бабажанова Рухшаналар 2022 жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жоба сайысының облыстық кезеңінің ІІ орын жүлдегерлері, сондай ақ Атажанова Диана 2023 жылы республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың облыстық кезеңінің ІІІ орын иегері. Сондай ақ Аматжанова Диана және Жораханова Орзубону 2023 жылы Облыстық дебат ойындарының ІІ орын жүлдегерлері. Шәкірттері соңғы 3 жылда Халықаралық IELTS емтиханын тапсырып, Тураева Ж- 5,5 Аминжанов Д- 6,5 Атажанова Д- 5,5 секілді нәтижелерге қол жеткізді.

2023 жылы «Тіл достықтың кілті, ынтымақтастың бастауы турнирінің облыстық кезеңінде «Төрешілік» жасағаны үшін марапатталды

2023 жылы Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер №1041 куәлік және төсбелгісімен марапатталды.

2023 жылы 04 – 08 желтоқсан күндері аралығында «Оқуға құштар мектеп» жобасына үлес қосу және оқушылар мен мұғалімдер арасында кітап оқу мәдениетін насихаттау мақсатында аудан көлемінде өткізген «Үздік оқырман» байқауына қатысып өзінің кітапқұмарлығы мен білімділігін танытты.

2023 жылы TOEFL емтиханын тапсырып АҚШ елшілігінің ұйымдастыруымен өткізілетін Fulbright TEA бағдарламасының 2024 жылғы кезеңіне бүкіл республика бойынша жолдама алған 3 мұғалімнің бірі болып, 2024 жылы 24 қаңтар және 13 наурыз арасында АҚШ, Массачусетс штаты, Лоуэлл қаласындағы Массачусетс университетінде 6 апталық тағылымдамадан өтеді

2024 жылы қазан айында мұғалімдер арасындағы “Delve Lingua” пәндік аудандық кезеңінің І орын иегері және облыстық кезеңінің ІІ орын иегері

2025 жылы облыстық KitapХАН сайысының топтық кезеңінің жеңімпазы, ширек финал кезеңінің ІІ орын иегері

2025 жылы 17.03.2025 жылы «PISA-2022 халықаралық зерттеуінің нәтижесін негізге ала отырып, ағылшын тілі сабақтарында мәтінмен жұмыс жасаудың тиімді жолдарын ұсыну» тақырыбында ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған семинар тренингте «PISA бойынша оқушылардың оқу сауаттылығы деңгейін арттыру: нәтижелер, мәселелер және тиімді шешімдер» тақырыбында баяндама оқығаны үшін марапатталды

2024 жылы Сауран ауданының Сарыағаш ауданындағы «Қазіргі білім беру парадигмасында білім алушылардың құндылықтары мен дағдыларын дамытудың инновациялық әдістері» тақырыбындағы әдістемелік күнінде тәжірибесімен бөліскені үшін марапатталды

2024 жылы оқушылар арасындағы республикалық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңінде жоғары дәреже көрсеткені үшін «Youth of Turan» дебаттық командасы ІІІ орынмен иегері атанды

2025 жылы оқушылар арасындағы республикалық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңінде жоғары дәреже көрсеткені үшін «Youth of Turan» дебаттық командасы ІІІ орынмен иегері атанды

2024 жылы оқушылар арасындағы республикалық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңінде Төрешілік жасағаны үшін марапатталды

2025 жылы оқушылар арасындағы республикалық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңінде Төрешілік жасағаны үшін марапатталды

2025 жылы оқушылар арасындағы республикалық «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының облыстық кезеңінде «әділқазылық» жасағаны үшін марапатталады

Расул Гамзатов «Өзіңді-өзің тану үшін кітап керек. Өзгені де тану үшін кітап керек» деген ойы Жумадулладай жанға айтылғандай….. Жумадулла Алиакбарұлының деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылық табыстар тілейміз.

 

Сауран аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.