КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

“Ы.АЛТЫНСАРИН ТӨСБЕЛГІСІ” — БІЛІМДЕГІ ҮЗДІКТІҢ БЕЛГІСІ
Бүгін 30 жылдық еңбектің нәтижесі болған, абыройлы марапаты “Ы. Алтынсарин төсбелгісі” мәртебелі сыйлығына ие болған Жиделі жалпы білім беретін мектебінің педагог – шебері Кабланова Гульжан Сапаралиевна ұлағатты ұстаз. Бұл төсбелгі — Қазақстан Республикасының білім беру саласында ерекше көзге түскен мұғалімдер мен педагогтардың кәсіби жетістіктерін тануға арналған жоғары марапат.
Кабланова Гульжан Сапаралиевна Ғани Мұратбаев атындағы училищенің және ОҚПУ түлегі. Жиделі жалпы білім беретін мектебінде 1994 жылда еңбек жолын бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған. Осы аталған мектепте 30 жылдан бері бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс жасап келеді.
Кабланова Гульжан Сапаралиевна оқушылардың білім сапасын арттыруға, жаңа әдістемелер мен инновациялық технологияларды енгізуге ерекше үлес қосқан жанның бірі. Оның «Мазмұндамалар жинағы», «Кретериалды бағалау» тақырыбындағы авторлық бағдарламалары мен әдістемелік құралдары бар.
“Ы. Алтынсарин төсбелгісін” жеңіп алған әрбір ұстаз — Қазақстанның жарқын болашағы үшін жасалып жатқан жұмыстардың нағыз үлгісі. Гульжан әріптесіміз де оқушыларымыздың білімін шыңдап, жастардың білім алып, тәрбиеленуіне өзіндік зор үлесін қосып келеді!
Ұстаздың жеткен жетістіктері де үлгі болар мақтаныш
– Кабланова Гульжан Сапаралиевна – педагог-шебер
– -2020-2021 жылы «Бастауыш сынып мұғалімдер олимпиадасы» облыстық олимпиада жеңімпазы Бас жүлде;
– 2019 жылы «Ең үздік сабақ жоспары» атты қалалық байқауында жүлделі 3 орын;
– -«Жылдың үздік мұғалімі -2019» Арыс қаласының «Білім бөлімі»мемлекеттік мекемесі;
– 2020 жылы «Ең білімді педагог -2020» IV Республикалық пән олимпиадасының жеңімпазы ІІ дәрежелі Диплом;
– 2020 жылы Арыс қалалық мәслихаты хатшысының Құрмет грамотасы;
– 2019ж 1 дәрежелі диплом республикалық «Үздік сынып жетекші»
– 2021 жылы Түркістан облыстық мәслихаты Грамота
– 2020 ж ККО 1 Дәрежелі диплом «Бастауыш сыныптар »бойынша республикалық олимпиада
– 2019 «Алтын қыран » Мақтау қағазы
– 2021 «Алтын қыран- ерекше дарын иесі » Алғыс хат
– 2020Диплом ІІ дәрежелі «Қазақстан ұстазы»
– 2021 жылы 2019 «Алтын қыран » Мақтау қағазы
– 2020ж Алғыс хат Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы
– NIO.KZ Алғыс хат 2020ж
– Vpo.kz сайты бастауыш сынып мұғалімдері арасында ұйымдастырған Рес виртуалды –олимпиада жүлдегері І дәрежелі диплом
– 2019 ж KIO Аудан бойынша бірінші орын
– Облыстық «Инновациялық сабақ-2021» байқауында жаңа форматтағы қысқа мерзімді сабақ жоспарлауда кәсіби шеберлік танытқаны үшін ІІ дәрежелі диплом;
– 2023 жылы Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен білім саласы қызметкерлеріне арналған «Білім үздігі -2023» атты І Республикалық байқауына «Үздік сабақ жоспары» номинациясы бойынша қатысып, үздік нәтиже көрсеткені үшін І орын;
– 2024 жылы Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының қолдауымен өткен білім саласы қызметкерлеріне арналған «Пед старт-2024» атты шығармашылық байқауы бойынша қатысып, үздік нәтиже көрсеткені үшін І дәрежелі диплом ;
– 2023ж “Жас ғылым жастар” Алғыс хат
– 2024 ж Республикалық марафон –байқауына шәкірт қатыстырғаны үшін АЛҒЫС ХАТ «Білім шыңы»қоғамдық бірлестігі
– 2023-2024 оқу жылы Алғыс хат «Атамұра»республикалық ғылыми-әдістемелік орталық «Мағжан оқулары»байқауына шәкірт дайындағаны үшін
– 2024ж ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министірлігі «Алтын білім кілті» әдістемелік ғылыми -зерттеу орталығы Алғыс хат
– 1 дәрежелі диплом «Үздік ұстаз»Республикалық сайыста үздік нәтиже көрсеткені үшін
– Диплом «Үздік мұғалім методикасы «Даму» Республикалық ғылыми –практикалық педагогтер шығармашылығындамыту орталығы
– 2024 жыл Құрмет грамотасы Ақпараттық және Қоғамдық Даму МинистірлігіҚР
– 2024 жыл Мадақтама Ақпараттық және Қоғамдық Даму Министірлігі ҚР
– Арыс қаласы білім бөлімінен Алғыс хат Мадақтама. Қалалық «Заманауи ұстаз-жасампаз тұлға» цифрлы білім беру ресурстарын қолдану бойынша шебер сынып өткізуде кәсіби шеберлігін танытып, өз тәжірибесімен бөліскені үшін Арыс-2024ж
– Куәлік. Қазақстан Республикасы Оқу –ағарту министрлігі
– №2024-2 І 00002256
– Осы куәлік жас ұрпақты оқыту жәнеитәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы.Алтынсарин»төсбелгісімен марапатталғандығы туралы берілді, 18.09.2024ж
– Мадақтама «Ілияс оқулары»атты республикалық конкурсынамбалалар мен жасөспірімдерді белсенді түрде қатыстырғаны үшін
– Арыс қаласы білім бөлімінен Алғыс хат.Өскелең ұрпақты тәбиелеу жолындағы кәсібишеберлігі мен білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін. Арыс-2024ж
Арыс қалалық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.