КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ
Жас маман тұғыр биігінде. Ұстаздық жолда бар білімін,күш жігерін шәкірттеріне арнаған,талай биік белестерді бағындыра білген білікті ұстаз – Жолдас Ерлан Болысбекұлы келешек жас буынға үлгі болуға лайықты жан!
Жолдас Ерлан Болысбекұлы Түркістан облысы Төле би ауданы Леңгір қаласында 1996 жылы 29-желтоқсанда дүниеге келген. Текті отбасында тәрбие алып, тынбай еңбек етіп, елдің алғысын алу үшін өнерге бет бұрған жас өркен. Төлеби топырағынан нәр алып . болашағынан үміт күттіретін перзенті. Білім жолы алғаш қызығушылығы арқылы көрініс тауып, 2009-2012 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы дарынды балаларға арналған Өнер мектеп-интернатынан бастау алды, 2012-2016 жылдары Шымкент қаласы,Оңтүстік Қазақстан Саз колледжінде оқуын жалғастырып,кейіннен 2016-2019 жылдары М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да жоғарғы оқу орнын тәмамдаған.
Еңбек жолы: Қазіргі уақытта Түркістан облысы Леңгір қалалық балалар саз мектебінде домбыра сыныбы бойынша ұстаздық қызметін атқарып келеді. Бірінші санатты педагог-сарапшы.2016 жылдан бері өзінің шығармашылық еңбек жолында көптеген жетістіктерге қол жеткізе білді.Ұстаздық мәртебесін еңбегі және ізденісімен бірге шәкірттері арқылы да айқындай білді.
Атап айтар болсақ: 2017 жылы Алматы қаласында өткен <<7-өнер>> атты халықаралық байқауда қос шәкірттері Дайырбекұлы Дулат пен Абдукаримов Мұхаммеджан жүлделі 2-ші, 3-ші орын лауреат атанды,сондай-ақ, 2017 жылы Сүгір Әлиұлының 135 жылдығына арналған “Күй құдіреті” атты облыстық күйшілер байқауында жүлделі 3-орынды иеленді.
2018 жылы Төлеби аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасымен марапатталды.2018 жылы Республикалық <<Қазақстан үміті>> атты жас өнерпаздар байқауында шәкірті Әтрет Бекзат бас жүлде иегері атанғаны үшін “Үздік тәлімгер” дипломымен марапатталды.
2019 жылы “Қазақстан таланттары” атты көпжанрлы халықаралық фестиваль-конкурста шәкірті Абдукаримов Мұхаммеджан бас жүлдені иемденді.2019 жылы облыс оқушылары арасында “Жастар – мәңгілік тәуелсіз елдің болашағы” атты өнер фестивалінде шәкірттерінің орындауындағы “күй сайыс өнері” 1-орын Лауреаттық дипломмен марапатталды.2019 жылы “Төлеби аудандық Мәслихатының Грамотасымен” марапатталды.2019 жылы Алматы қаласында өткен Республикалық XXXXXII-ші жас музыканттар байқауында 1-орын алған шәкірттерінің бірі Жарылқап Дәнекер.2019 жылы Республикалық UZDIK_KZ TALANTTARY өнер байқауында 1-орын лауреат жеңімпазы болған шәкірті Әтрет Бекзат.
2021 жылы облыстық күйшілер байқауында “Cүгір атындағы арнайы жүлдені” иемденді.2021 жылы аудандық мәдениет үйінде өткен “Күй құдірет – күй кие” атты күйшілер фестивалінде көрсеткен шығармашылық деңгейі үшін арнайы диплом мен жүлделі сыйлық табысталды.2022 жылы “Ұлы дала ұрпағы” V-Республикалық байқауында шығармашылық еңбегі үшін Атадан мұра ҚҚ Президенті Т.Сауранбаев Құрмет Грамотасын табыстады.
2022 жылы Республикалық XXXXXIII-ші жас музыканттар байқауының бас жүлде иегері шәкірті жарылқап Дәнекер.2023 жылы Төле би аудандық білім бөлімінің басшысының және аудандық кәсіподақ комитетінің “Алғыс хатымен” марапатталды.
2023 жылы Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласында өткен “Азия Таланттары” атты халықаралық байқауында 1-орын иемденген шәкірті жолдыбай Нұрай.2023 жылы Түркістан қаласында өткен “TURAN BALA FEST” телевизиялық байқауынан жүлделі 1-орынды қанжығасына байлаған шәкірті Нұржанұлы Диас.
2023 жылы Елордамыз Астана қаласында Ұлттық Домбыра күніне орай ҚР Президентінің қатысуымен өтілетін мерекелік концертке арнайы шақырту алды.
2023 жылы ҚР Конституциясы күніне орай Астана қаласында ҚР Президенті қатысуымен өтілетін “Ата заң – тәуелсіздік тірегі” атты мерекелік іс- шараға қатысуға арнайы шақырту алды.
2023 жылы 25-қазанда Мемлекет басшысының қатысуымен өтілетін Республика күніне орай салтанатты концертке ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің “Қазақ әуендері” акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен, Вице Президент Н.Мұсағалиевтен арнайы шақырту алып,Президент алдында өнер көрсетті.
Жұмыс өтілі он жылға жетпесе де,Республикалық іріктеуден өткен солақай домбырашылар ондығы қатарынан табыла білген шығармашыл жас маман болашақта да биік белестерді бағындыра береді деген үміттеміз!
Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.