КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ.
2023 жылғы Ордабасы ауданы әкімінің «Жылдың ең үздік ұстазы» дипломының иегері.
Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Жеңіс ауылы, Ө. Тұрманжанов атындағы жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Қоңырбай Бекжан Көшербайұлы.
«Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол-нағыз ұстаз»,-деп Ыбырай Жақаев айтқандай бұл мамандық иелерінің білімді болашақ ұрпақ қалыптасуындағы еңбегі ерен.
Бекжан Көшербайұлы 1992 жылы Шымкент қаласындағы Қ.А.Яссауи атындағы шығыстану институтына түсіп, 1996 жылы қазақ тілі мен әдебиеті және араб тілі пәнінің мұғалімі мамандығын алды. Ұстаздық еңбек жолын 1996 жылы Ордабасы ауданы, Жеңіс ауылында Ө.Тұрманжанов атындағы жалпы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдігінен бастап қазіргі таңға дейін еңбек етуде. Білімі-жоғары. Санаты: Педагог-зерттеуші. 28 жыл педагогика саласында қызмет атқарып келе жатқан, білікті маман. Аталмыш мектепте 20 жылдан бері бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы және аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті атқару комитетінің мүшесі. Сонымен қатар Жеңіс ауыл округінде жеті жылдан бері «AMANAT» бастауыш партия ұйымының төрағасы.
Негізгі мамандығы мен қоғамдық жұмыстарды қатар алып жүрген Бекжан Көшербайұлының айтарлықтай жеткен жетістіктері елеулі. Кәсіподақтың негізгі міндеті жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы алтын көпір. Кәсіподақ жұмыс беруші жұмыс күшіне қатысты әр түрлі мәселелерді шешуде сенімді серіктесі деуге болады. Бекжан Көшербайұлы ұжымда еңбек тәртібін орнатуға, қызметкерлердің өз міндеттерін орындауға жауапкершілікпен қарауына көмектеседі. Еңбек дауларын болдырмауды заңды негізде қадағалайды. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбек заңнамасының орындалуына әсер ететін мәселелерді шешуге, жұмысшылардың әлеуметтік кепілдіктерін сақтауға және жүзеге асыруды басты назарында ұстайды. Жұмыс барысындағы келеңсіз оқиғалардың алды-алуға да септігі мол. Сондықтан ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалын қалыптастырып одан әрі дамытуға кәсіподақ ұйымының тиімді жұмыс жасауына үлес қосып келеді.
– 2016 жылы «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгісімен,
– 2019 жылы «Ордабасы ауданының 55 жылдық мерекесіне орай «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» мерекелік төсбелгісімен,
– 2019 жылы жалпа орта білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігін дамыту, кәсіби біліктілігін дамыту мақсатында өткізілген «Ең үздік педагог» III облыстық пән олимпиадасында белсене қатысып, жақсы нәтиже көрсеткені үшін «Білім шыңы» қоғамдық бірлестігінің Алғыс хатымен,
– 2020 жылы «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінде жаңа технологиялық әдістерді қолдану жолдары» тақырыбында өткен аудандық тәжірибелік семинарда үздік сабақ өткені үшін Ордабасы аудандық білім бөлімінің алғыс хатымен,
– 2021 жылы Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлуметтік дамуы жолында жас жеткіншектерге тәрбие мен білім беруге қосқан үлесі үшін «Қазақстан мұғалімі» газеті редакциясының Алғыс хатымен,
– 2021 жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай тұңғыш президент Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хатымен,
– 2021 жылы «AMANAT» Партиясының стратегиялық бағытын, партияның бағдарламалық міндеттерін іске асыруға, сондай-ақ балаларға жақсы тәлім тәрбие беріп, аянбай еңбек етіп, зор үлес қосқаны үшін және еліміздің дамуы мен партияның мақсат міндеттерін орындағаны үшін «AMANAT» партиясының Алғыс хатымен,
– 2022 жылы мемлекетіміздің рухани әлеуметін нығайту мен білім беру саласын арттыру саясатын жүзеге асыруда кәсіби жаңашылдығы, үздіксіз ізденімпаздығы және жоғары нәтижелері үшін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Алғыс хатымен,
– 2022 жылы білім беру жүйесінде, сала қызметкерлерін әлеуметтік қорғауда атқарған көп жылдық мүлтіксіз және белсенді еңбегі үшін Түркістан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің Алғыс хатымен,
– 2023 жылы «Мәшhүр-Жүсіп оқулары» байқауының облыстық кезеңінің «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, сөзімді сөйлеп бақтым мен деп білген» бағыты бойынша 11-сынып оқушысы Алпамыс Нұрболат «Бас жүлде» иеленгені үшін және үздік шәкірт тәрбиелегені үшін Түркістан қаласы адами әлеуметтік дамыту басқармасының дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының Алғыс хатымен,
– 2023 жылы Павлодар қаласында өткен III республикалық «Мәшhүр Жүсіп оқуларынан» 11-сынып оқушысы Алпамыс Нұрболат жүлделі III орын иеленгені үшін және үздік шәкірт тәрбиелегені үшін «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының Алғыс хатымен,
– 2023 жылдың 28-29 қараша күні Атырау қаласында өткен республикалық «Махамбет оқуларынан» 11- сынып оқушысы Алпамыс Нұрболат жүлделі III орын алғаны және үздік шәкірт тәрбиелегені үшін «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының дипломымен,
– 2023 жылы Төле бидің 360 жылдығы, Қаз дауысты Қазыбек бидің 355 жылдығы және Әйтеке бидің 340 жылдығына арналған «Дала данышпандары» тақырыбында ұйымдастырылған іс-шараға белсене қатысып, жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқаны үшін және елдің ертеңі болашақ жас ұрпақтың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, рухани байлық пен ұлттық құндылықтарды сіңіріп, үздік шәкірт тәрбиелегені үшін облыстық білім басқармасының алғыс хатымен,
– 2023 жылы 11-13 желтоқсан күндері Түркістан қаласында өткен республикалық «Тарих өткеліндегі қазақтың үш биі» атты байқаудан 11-сынып оқушысы Алпамыс Нұрболат «Бас жүлде» алғаны үшін білім басқармасының дипломымен,
– 2023 жылы Республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының облыстық кезеңінде «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды» номинациясы бойынша 11-сынып оқушысы Алпамыс Нұрболат жүлделі II орын иеленгені үшін «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының дипломымен,
– 2023 жылы «Ұстаз борышы» Республикалық ғылыми әдістемелік журналында «Үздік сабақ» айдары бойынша іс-тәжірибесі жарияланғаны үшін Алғыс хатпен,
– 2023 жылы Білім саласының дамуына, өскелең ұрпақтың рухани және зияткерлік деңгейін арттыруға қосқан елеулі үлесі үшін білім басқармасының алғыс хатымен,
– 2023 жылы «Өрлеу» Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің «Кәсіподаққа сінірген еңбегі үшін» медалімен,
– 2023 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық өркендеуі мен дамуына үлес қосқаны үшін Ордабасы ауданы әкімінің «Жылдың ең үздік ұстазы» дипломымен марапатталды.
– 2023 жылы 18 қыркүйек күні «Отырар» телеарнасына, 8 желтоқсан күні «Түркістан» телеарнасына «Жаңа толқын» бағдарламасына оқушысы Алпамыс Нұрболат пен Бекжан Көшербайұлы телеарналардың шақыртуымен арнайы сұқбат берді.
«Ұстаздық-ұлы іс» деп кемеңгер жазушымыз М. Әуезов айтқандай, бұған лайық болу-үлкен абырой, ұстаздың басты борышы. Мұғалім-мамандық болса, ұстаздық қасиет, табиғат дарытқан құдірет екен. Бойыңа қуат, жүрегіңе жарық жігер беріп өрге сүйрейтін де, жаныңа азық, өміріңе өзек боп төрге сүйрейтін де осы ұстаздық қасиет. Қазағымның, елім мен жерімнің және ана тілімнің мерейін өсіретін ұстаздық ұлағатты істе адал болу және еңбекерлердің және кәсіподақ мүшелерінің құқығы мен мүддесін қорғау Бекжан Көшербайұлының басты ұраны.
Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.