КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ
Ұстаз ұғымы кісі өмірінде үлкен мəнге ие. Əсіресе, қазіргі заманда ұстаз алдын көрмеген адам кемде-кем. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Осындай ұстаз атты ізгіліктің иесі болу кез келгенге бұйыра бермейді. Білім беру кеңістігінде тәжірибелі де білімді, өз маманының хас шебері кәсіби ұстаздар жетерлік. Солардың бірі – № 10 «Қайнар» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог-шебер ұстаз Ташева Болсынай Аханқызы.
Болсынай Аханқызы – ҚР Білім және ғылым министрінің Алғыс хаты иегері, «Түркістан облысының Үздік Ұстазы», «Білім саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің иегері, «Деңгейлік саралай оқыту», «Тереңдетілген сыныптардағы ағылшын тілін оқыту» әдістемелік құралдарының, «Enjoy English», «Көркем мәтін және аударма» авторлық бағдарламаларының, «Ағылшын тілінің грамматикасы» оқулығының авторы.
Аудандық, облыстық, Республикалық пән олимпиадасы мен оқушылардың ғылыми қоғамы жоба байқауының жеңімпаздарын, Халықаралық FLEX бағдарламасы жеңімпаздарын, Халықаралық «British Bulldog», «Кенгуру-Лингвист» байқауларының жеңімпаздарын дайындаған ұстаз.
Әріптесіміз Болсынай Аханқызы ұлағатты ұстаз. Себебі ғибратты ғұмырының қымбат шақтарын болашақ буынды оқыту мен тәрбиелеу ісіне арнап келеді. Талай шәкірттің қиялына қанат бітіріп, арманына қол жеткізуіне жол көрсетті. Қазіргі таңда түлеп ұшқан шәкірттерінің алдыңғы буыны алыс-жақын шет мемлекеттерде, еліміздің беделді компанияларында еңбек етіп жүрсе, кейінгілері ҰБТ-де жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, грант иегерлері атанып, еліміздің жоғары оқу орындарында білім алуда.
Бойындағы қабілетін шығармашылыққа шыңдаған әріптесіміз мектепте құрылған шығармашылық топ жетекшісі жұмысын да қоса атқарады. Пән мұғалімдерін шығармашылыққа жетелеп, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде жемісті жұмыс жасауда.
Болсынай Аханқызы сонымен қатар Республикалық «МЕТА» ағылшын тілі пәні мұғалімдері қауымдастығының төрайымы. Аудандық, Облыстық, Республикалық, Халықаралық ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің қауымдастығы ұйымдарымен тығыз байланыста жұмыс жүргізеді. Атап айтатын болсақ Аудандық СпикерTime жобасы, облыстық TESH, Республикалық KazTEA (Қазақстандағы ағылшын тілі пәні мұғалімдері ассоциациясы) және Халықаралық CATEC (Орталық Азия ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің қауымдастығы) конференцияларына озық идеяларын ұсынып, өскелең ұрпаққа ағылшын тілін меңгертудегі өзекті мәселелерді талқылауға белсене араласады.
Ташева Болсынай Аханкызы биылғы оқу жылының жаңалығы болған Ауыл олимпиадасында аса белсенділік танытып, 6 оқушысы облыстық кезеңде І орын иеленсе, Қайып Аяжан республикалық кезеңнің ІІ орын иегері атанып, мектеп мерейін асқақтатты.
Болсынай Аханқызы тек оқуда озат болып қоймай, кәсіподақ саласында, оның ішінде бастауыш кәсіподақ ұйымы комиссиясының белсенді мүшесі. Осыған орай 2023 жылы Облыстық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Құрметті Болсынай Ташева Аханқызы! Республика деңгейінде білім саласы мен кәсіподақ саласына қосқан елеулі үлесіңіз үшін Алғыс айта отырып, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз!
Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.