КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ
Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау. Ж.Ж.Руссо.
Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Жаңажол ауылы, Жаңажол жалпы білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі Бегасилов Берік Досыбайұлы
Әрбір саналы азамат үшін өмірінің мән-мағынасына айналатын өзі ұнатқан мамандықты дұрыс таңдап алуы зор табыс, елеулі жетістік деп білеміз Ұстаздық жолды таңдауын өзінің өмір жолындағы дұрыс шешім, зор жетістігіне балайды. «Әрбір бала – болашақ данышпан» деген ойлы қағидаға мән берсек, бала бойындағы табиғи талантын ашу, жас талапкерлердің жарқырап көрінуі үшін мұғалімге жүктелер міндет аз емес. Ол міндет – оқушылардың шығармашылық қабілетін, танымдық белсенділігін, ой-өрісін дамыту үшін аянбай еңбек ету, оқушының жеке тұлғаның білім алуға деген құлшынысын, күшін мейлінше дамыту.
Өзінің педагогикалық жолы туралы қысқаша айтып өтсек, М. Әуезов атындағы ОҚМУ ды 2002 жылы тарих мамандығы бойынша үздік дипломмен бітіріп аспирантураға түсті. Отбасылық жағдайыма байланысты 2004 жылы ауылым Жаңажолға келіп, Жаңажол жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі болып орналасты. Қазіргі күнге дейін осы қызметті атқарып келеді. Оқушының оқуға деген ынтасын арттыру, ұстап тұру үшін мұғалім әр сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданып отыруға тиіс. Тарих пәні басқа пәндермен салыстырғанда күрделі. Бұл пәнде алынған білімді синтездейтін формула, теорема, лоборотория деген атымен жоқ. Көптеген тарихи даталар, оқиғалар, хронологиялардың бәрі оқушының есінде қалу үшін мұғалімге көп әдіс-тәсіл талап етіледі, әсіресе салыстыру, байланыстыру, сызба-кесте, жүйелеуді үнемі қолдану керек.20 жылдық педөтілінде мектептің мыңдаған оқушыларының сапалы білім алуына, соның нәтижесінде жүздеген шәкірттің мемлекеттік білім грантын жеңіп алуына үлес қосты. Соңғы 12 жылда шәкірттері аудандық пән олимпиадасынан 25 рет жүлдегер (21 рет бірінші орын), облыстық пән олимпиадасынан 6 рет жүлдегер (3 рет бірінші орын), республикадан 3 рет жүлдегер болып оралғанын және «Өлкетану» оқулығының құрастырылуына үлес қосып, әдістемелік құралдардың авторы болғанын жеке жетістігі ретінде мақтанышпен айтқым келеді.
2022 жылы наурыз айында Петропавл қаласында Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырған Республикалық тарихшылар съезіне облыстан делегат болып барды.
Осы орайда кейінгі 10 жылдағы кәсіби жетістіктеріме тоқталып өтсек:
2014 жылы аудандық мұғалімдер арасындағы пән олимпиадасында тарих пәнінен 1-орын иеленді.
2014 жылы облыстық мұғалімдер арасындағы пән олимпиадасында 2 – орын иеленді.
2015 жылы қаңтар айында ІІІ Халықаралық «Қазақстан білім беру жүйесіндегі тарих пәндерінің өзекті мәселелері» конференциясында баяндама жасады.
2016 жылы «Білім берудегі инновациялар мен тәжірибе – уақыт талабы» тақырыбындағы облыстық конференциясына үздік баяндама жасады.
2016 жылы облыстық семинарда формативтік және суммативтік бағалау бойынша арнайы коучинг-сабақ өтті.
2017 жылы «Дүниежүзі тарихын ҰБТ-ға дайындалуға арналған әртүрлі деңгейдегі тест тапсырмаларының жинағы» атты әдістемелік құралы шыққан.
2018 жылы облыстық тамыз оқуларында «Оқу процесін бағалау және ұйымдастыру. Оқытуды жетілдірудегі мәнмәтіндегі бағалау» атты баяндама оқыды.
2018 жылы «Өлкетану» оқулығына арналған көмекші құралдың авторы. Әріптестері тарапынан құнды деп бағаланып, Төлеби аудандық білім бөлімінің әдістемелік кеңесінде қаралып, (13.01.2018ж. №3 хаттама) аудан көлемінде таратылды.
2020-2021 жылдары онлайн білім беру платформасы аясында Ютуб-тың арнайы арнасына 4 сабағы енгізілді.
Оқушыларымның жетістігі:
Б. Шайқасым – ІІ орын республикалық пән олимпиадасы
Н. Қарабек – ІІІ орын республикалық пән олимпиадасы
3 оқушым І орын облыстық пән олимпиадасы
3 оқушым ІІІ орын облыстық пән олимпиадасы
2014 жылы 8- сынып оқушысы Б.Шайқасым аудандық пән олимпиадасынан 1-орын иеленді.
2015 жылы оқушылар 9-сынып Б.Шайқасым мен 6-сынып оқушысы Н.Қарабек аудандық пән олимпиадасынан 1-орын иеленді.
2016 жылы оқушылар 10-сынып Б.Шайқасым мен 7-сынып оқушысы Н.Қарабек аудандық пән олимпиадасынан 1-орын иеленді.
2016 жылы облыстық пән олимпиадасында Б.Шайқасым 1- орын иеленді.
2016 жылы Петропавлда өткен республикалық пән олимпиадасында 10-сынып оқушысы Б.Шайқасым ІІ дәрежелі дипломмен және білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің Алғыс хатымен марапатталды.
2017 жылы оқушылары Б.Шайқасым, Н.Қарабек, Ә.Омархан аудандық пән олимпиадасында 1-орын иеленді.
2017 жылы облыстық пән олимпиадасында Б.Шайқасым 3-орын иеленді.
2019 жылы 10-сынып оқушысы Н.Қарабек пен 9-сынып оқушысы Ә.Омархан аудандық пән олимпиадасында 1-орын иеленді.
2019 жылы өткен облыстық пән олимпиадасында 10-сынып оқушысы Н.Қарабек 1-орын;
2019 жылы өткен облыстық пән олимпиадасында 9-сынып оқушысы Ә.Омархан 3-орын иеленді.
2019 жылы Қызылордада өткен республикалық пән олимпиадасында Н.Қарабек ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, білім және ғылым министрі К.Шамшидинованың Алғыс хатымен марапатталды.
2020 жылы 11-сынып оқушысы Н.Қарабек пен 10-сынып оқушысы Ә.Омархан, 6 сынып оқушысы Ж. Әбілқасымқызы аудандық пән олимпиадасында 1-орын иеленді.
2023 жылы тұңғыш ұйымдастырылған Республикалық ауыл мектептеріне арналған олимпиадасының облыстық кезеңінде 9 сынып оқушысы Р.Мырзатай І орын, 10 сынып оқушысы А. Бақберген ІІ орын, 11 сынып оқушысы Н. Жұман ІІІ орын алды.
Осы жетістіктерімнің нәтижесінде:
2014 жылы аудан әкімінің қолынан жыл үздігі номинациясы бойынша «Үздік сынып жетекші»медалымен марапатталсам, 2019 жылы жыл үздігі номинациясы бойынша «Үздік пән мұғалімі» медалымен марапатталды 2020 жылы облыс әкімінің қолынан «Жылдың үздік педагогы» номинациясын иемденді;
2014-2020 жылы екі мәрте облыс әкімінің Алғыс хатын, бес мәрте облыстық білім басқармасының Алғыс хатын, үш мәрте аудан әкімінің Алғыс хатын, бес мәрте аудандық білім бөлімінің Алғыс хатын алды.
Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.