«КӘСІПОДАҚ ТҰҒЫРЫ»

Шымкент қаласы Жол-көлік колледжінің бастауыш кәсіподақ комитетінің төрағасы Ешимов Рахыманберді Анарбайұлы.

Ешимов Рахыманберді Анарбайұлы 1972-1974 жылдары мекемелерде жұмысшы болып, 1979-1982 жылдар аралығында Сарыағаш ауданындағы «Комсомол» жалпы орта мектебінде мұғалім болып істеген. 1982 жылдан бастап осы күнге дейін, жол-көлік колледжінде жұмыс істеп комсомол және партия комитетінің хатшысы, директордың оқу-ісі және тәрбие жөніндегі орынбасары болған,қазір қоғамдық-гуманитарлық пән бірлестігінің жетекшісі, қызметкерлер кәсіподағының төрағасы қызметінде.

Ешимов Рахыманберді Анарбайұлы қызметі барысында өзін білікті, білімді маман, ұйымдастырушылық, іскерлік қабілеті жоғары басшы, тәрбиеші ретінде көрсете білді. Өзіне және басқаларға талапшыл, принципті, ізденімпаз.

Колледжде және кәсіподақ жұмысында көп жылдар қызмет атқарған кезінде оқытушылар мен қызметкерлердің ұйымдастырушылық жұмыстарының дәрежесін арттырып, ұжым мүшелерінің құрметіне ие бола білді. Жұмысына өте жауапты, белсенді кәсіподақ мүшесі, ұжыммен тез тіл табыса алатын беделді маман, заң нормаларын ұқыпты пайдалана отырып кәсіподақ мүшелерінің құқығын қорғауда аянбай еңбек етіп келеді. Білім саласында қызметшілердің қаржы мәселерін жауапкершілікпен атқарады. Өте тиянықты, шыншыл, білікті, сауатты маман.

Ешимов Рахыманберді Анарбайұлы – нағыз маман иесі, шәкірттерінің жүрегіне жол таба білген ұстаз. Сабағында жаңа технология элементтерін жүйелі түрде қолданып, оқушылардың білім сапасын көтеріп келеді. Өз жұмысына аса ұқыптылықпен, жауапкершілікпен қарайтын байсалды, тыным таппайтын ұстаз. Әрбір баланың сапалы білім алуына, адамгершілік пен ізгілікті тәрбие алуына көп көңіл бөледі. Болашақ жастарды үлкендерді құрметтеуге, Отанды сүюге, өзге ұлттардың салт-дәстүрін құрметтеуге, достықты бағалай білуге тәрбиелейді. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының белсенділігін арттырып, бастауыш кәсіподақ ұйымы республикалық конкурсте 2-ші орынды иеленді және озат тәжірибені насихаттауға үлкен көңіл бөліп отырады. Кәсіподақ мүшелерінің тиісті еңбек жағдайының жасалуына, олардың әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерінің қорғалуына өз үлесін қосуда. Өз еңбегінің өтеуі ретінде түрлі құзырлы органдардан марапаттар алған. Атап айтсақ, ҚР «Еңбек ардагері» медалі, «Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі», «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісі, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Алғыс хаты», Білім және Ғылым минстрінің «Құрмет Грамотасы», «ОҚО әкімінің облысқа сіңірген еңбегі үшін» – медалі, «Кәсіподаққа арнайы сіңірген еңбегі үшін» Алтын төс белгісі және т.б.

Рахыманберді Анарбайұлы өзінің адамгершілік, іскерлік қасиеттері арқасында ұжымда үлкен құрметке ие. Қазіргі таңда тәжірибелі ұстаз және білікті маман ретінде колледждің оқу және тәрбие жұмысының жандануына, кәсіподақ қозғалысының нығаюына зор үлес қосып келеді.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

«КӘСІПОДАҚ ТҰҒЫРЫ» «КӘСІПОДАҚ ТҰҒЫРЫ» «КӘСІПОДАҚ ТҰҒЫРЫ» «КӘСІПОДАҚ ТҰҒЫРЫ» «КӘСІПОДАҚ ТҰҒЫРЫ» «КӘСІПОДАҚ ТҰҒЫРЫ»