«КӘСІПОДАҚ ТҰҒЫРЫ»
Мақтаарал аграрлық колледінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы – Байжанов Қайрат Маратұлы.
Қ.Байжанов 1983 жылы 16 қарашада Өзбекстан Республикасы, Сырдария облысы, Ақ-алтын ауданында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары, ҚР-ның азаматы. Орта мектепті бітіргеннен кейін, 2002 жылы ОҚО Шымкент қаласындағы «Отырар» университетінің «Тарих» факультетіне оқуға түсіп, оны 2006 жылы үздік дипломмен бітірген. 2006 жылы ОҚО Мақтарал ауданы Атакент кентіндегі Мақтаарал аграрлық колледжіне тарих пәнінің оқытушысы болып жұмысқа орналасты.
Қ.Байжанов өз ісін жетік білетін, тәжірибелі маман. Ол өзінің қызметтік барысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары арасында өткізілген «Үздік бейне сабақ – 2021» байқауына қатысып І дәрежелі дипломымен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай білім беру жүйесінде, сала қызметкерлерін әлеуметтік қорғауда атқарған көп жылдық мүлтіксіз және белсенді еңбегі үшін Құрмет грамотасымен, Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі игілікті істері, ұлағатты ұстаздық жолындағы шығармашық ізденістері арқасында өз шеберлігін, біліктілігін жоғары дәрежеде танытқаны үшін Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы мен Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының бірлескен Құрмет грамотасымен, «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалының Алғыс хатымен марапатталған.
Қ.Байжанов қазақ, орыс тілдерін жетік біледі, компьютермен жұмыс істеуде тәжірибесі мол. Студенттерге сапалы білім берумен қатар, олардың бойында саналы ой қалыптастырып, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып, тұлға боп жетілуінде аянбай еңбек етіп келеді. Әріптестерінің арасында үлкен құрметке ие, білікті қызметкер әрі үлгілі отбасы иесі.
Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.