КӘСІПОДАҚ ТҰҒЫРЫ

Отырар аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы – Қасым Егемберді Жанызақұлы.

Егемберді Жанызақұлы 1959 жылы 15 тамыз айында Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар (Қызылқұм) ауданында малшы жанұясында дүниеге келген. 1977 жылы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебін бітіріп,  сол жылы «Овцевод» совхозының №2 фермасына жұмысшы болып жұмысқа орналасады.   1981 жылы Алматы қаласындағы Шетел тілдері институтына оқуға түсіп, 1986 жылы француз, неміс тілі мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шығады. 1986 жылы (Қызылқұм) қазіргі Отырар  ауданының шалғайда орналасқан Қожатоғай совхозының Байтоғай бөлімшесіндегі М.Мәметова атындағы сегізжылдық мектепке француз тілі мұғалімі мамандығы бойынша жұмысқа орналасады. 1987 жылы қаңтарда осы мектепке, мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалып, аудандағы алдынғы қатарлы мектептердің қатарына қоса білді.

Е.Қасым іскер, ізденімпаз, талапшыл басшы бола білді. 1992 жылы осындай еңбектерін аудандық білім бөлімі бағалай келе, Отырар ауданындағы Сарыкөл негізгі мектебіне директор қызметіне тағайындады. Ол жердегі мектепті заман талабына сай жабдықтай отырып, оқушылардың білімін жоғары деңгейге көтере білді.

2005 жылы Отырар ауданы, Қостерек аулындағы Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебіне директор етіп ауыстырылды. Е.Қасым қай жерде болсын өз ісінен, мемлекеттік істі жоғары қоя білген іскер басшы бола білді.

2006 жылы қазан айында аудандық кәсіподақ комитетінің пленумында білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағалығына  сайланды. Аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитеті арасында әлеуметтік әріптестік қарым-қатынас негізінде білім саласы қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған барлық іс-шараларда белсенділік танытып келеді. Әрбір кәсіподақ мүшесінің мұң-мұқтажын ескеріп, заң аясында кәсіподақ тарапынан көмек көрсетіп, қолдау білдіріп отырады.

Еткен еңбегінің өтеуі ретінде республика облыс, аудан көлімінде алған мақтау қағаздары мен алғыс хаттары жетерлік. Атап айтсақ, 1997 жылы «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» төс белгісі, 2010 жылы «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төс белгісі, 2015 жылы «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен, 2019 жылы білім саласының ең жоғары марапаты «Қазақстан Республикасының Алтынсарин» медалі және «Қазақстан Республикасының  білім саласының еңбек ардагері» медалімен марапатталды.

Бүгінде ауданда үлкен абыроймен қызмет атқарып, білім саласының, кәсіподақ қозғалысының дамуына аянбай еңбек етіп келеді.

 

        Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ ТҰҒЫРЫ КӘСІПОДАҚ ТҰҒЫРЫ КӘСІПОДАҚ ТҰҒЫРЫ КӘСІПОДАҚ ТҰҒЫРЫ КӘСІПОДАҚ ТҰҒЫРЫ КӘСІПОДАҚ ТҰҒЫРЫ КӘСІПОДАҚ ТҰҒЫРЫ КӘСІПОДАҚ ТҰҒЫРЫ