КӘСІПОДАҚ ТҰҒЫРЫ

Мақтаарал аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы – Жолдасов Алданияз Бастарұлы.

Алданияз Бастарұлы 10.04.1957 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай ауданы, Шверник атындағы колхозда дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары. 1974 жылы мектепті бітіріп, еңбек жолын 1974 жылы Мақтарал ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте пионер жетекшісі болып бастаған.

1975 жылы Алматы шетел тілдері педагогикалық институтына түсіп, 1979 жылы ағылшын тілі пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірді.

1979-1980 жылдары Мақтарал адуанындағы Ж.Нұрлыбаев, С.Киров атындағы, «Мақталы» сегіз жылдық мектептерінде, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болған.

1983-2003 жылдары Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарында қызмет еткен.

1991-1995 жылдары ҚР ІІМ-нің заң академиясында оқып, бітіріп заңгер мамандығын алған.

2004-2005 жылдары Қ.Аманжолов атындағы орта мектепте директордың орынбасары, 2005-2014 жылдары «Мырзакент» мектеп-гимназиясының директоры, 2014-2018 жылдары «Мақтарал» мектеп-гимназиясының директоры қызметін атқарып, 2018 жылдан бастап Мақтаарал аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметін атқарып келеді.

А.Бастарұлының басшылығымен кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған іс-шаралар, оларды сауықтыру жұмыстары аудандық кәсіподақ тарапынан жоғары дәрежеде атқарылып келеді.

Алданияз Бастарұлының ұзақ жылғы еңбегінің өтеуі ретінде алған марапаттары жетерлік. Атап айтсақ, 2011 жылы ҚР Президентінің Алғыс хаты, 2013 жылы Ұлы Отан және Ауған соғысы ардагерлер ұйымдарының «Қазақстан ардагерлер» қауымдастығының Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» медалі, 2014 жылы «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» медалі, 2015 жылы «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісі, 2017 жылы Мақтарал ауданының «Құрметті азаматы», «За службу в милиции. 100 лет Советской милиции» медалі, 2018 жылы «Мақтаарал ауданының 90 жылдығы» медалі, 2020 жылы «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының Алғыс хаты, 2021 жылы Түкістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы мен Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымының бірлескен Құрмет грамотасы, ҚР Ұлттық экономика вице-министрінің Құрмет грамотасы, Қазақстанның педагогикалық академиясы мен «Мектеп» республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журналының «І дәрежелі білікті басшы» атағы, «Қазақстан Республикасының Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі жарлығына сәйкес «Халық алғысы» мерекелік медалі, 2021 жылы Нұр Отан партиясының төрағасы Н.Назарбаевтың Алғыс хаты, ҚР Кәсіподақтар Федерациясының грамотасы, 2022 жылы «Аmanat» партиясының төрағасының Алғыс хаты, ҚР Президенті Қ-Ж.Тоқаевтың Алғыс хаты, «Аmanat» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төс белгісі.

Қазіргі таңда өзінің талапшыл, іскерлік қабілеттерін ұштастыра отырып, аудандық кәсіподақ комитетін абыроймен басқарып келеді.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ ТҰҒЫРЫ КӘСІПОДАҚ ТҰҒЫРЫ КӘСІПОДАҚ ТҰҒЫРЫ КӘСІПОДАҚ ТҰҒЫРЫ КӘСІПОДАҚ ТҰҒЫРЫ КӘСІПОДАҚ ТҰҒЫРЫ КӘСІПОДАҚ ТҰҒЫРЫ КӘСІПОДАҚ ТҰҒЫРЫ