КӘСІПОДАҚ ТҰҒЫРЫ

Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, М.Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясының шет тілі пән мұғалімі Аимбекова Айгуль Сейдылдаевна.

Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, болашақты білімді ұрпақ айқындайды, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаз қолында, сондықтан ел ертеңі мен болашағы ұстаз еңбегімен бағаланбақ. Өзінің ісімен, өзінің сөзімен егемен еліміздің болашағын ойлайтын, тәуелсіздігін қорғайтын білімді ұрпақтың тәлімгері – ұстаз. Осындай ұрпақ тәрбиелеуде өзінің үлесін қосып жүрген Аимбекова Айгуль Сейдылдаевна 1995 жылы М.Х.Дулати атындағы мемлекеттік университетін қызыл дипломмен оқып аяқтады. Өз еңбек жолын 1995 жылы Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясында ағылшын тілі пән мұғалімі болып қызмет етуден бастады.

Сонымен қатар, 2022 жылы Шымкент университетін аяқтап, магистр дәрежесін алды. Қазіргі таңда оның еңбек өтілі – 29 жыл және Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясының кәсіподақ ұйымының төрайымы болып табылады.

Осы орайда кейінгі 5 жылдағы кәсіби жетістіктеріне тоқталып өтсем:

2019 жыл – Мерзімді баспасөз басылымы ұйымдастырып отырған жаңа білім беру жүйесіндегі іс-шараларға қосқан үлесі мен шығармашылық табыстары үшін грамотамен марапатталды.

2019 жыл – Мерзімді баспасөз басылымы ұйымдастырып отырған «Бүгінгі таңдағы жаңа білім берудің мәселелері мен болашағы» атты конференцияда баспа ретінде «Үздік сабақ» көрсеткені үшін дипломмен марапатталды.

2019-2020 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде үздік ғылыми жоба жұмысымен танылып, ІІ дәрежелі диплом иегері атанды.

2019-2020 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде оқушысының үздік білімімен танылып, жеңіске жету жолында сіңірген еңбегі үшін «Алғыс хатпен» марапатталды.

2019-2020 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде оқушысының үздік білімімен танылып, жеңіске жету жолында сіңірген еңбегі үшін «Алғыс хатпен» марапатталды.

2019-2020 оқу жылында Түлкібас ауданы әкімінен болашақ ұрпаққа білім беру мен тәрбие ісінде жаңашылдық танытқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталды.

2019 жыл – Ұлттық біліктілік тестілеуден өтіп, педагог-зерттеуші санатын алды.

2020 жыл – ҚР Білім және Ғылым министрлігі “Дарын” Республикалық ғылыми – практикалық орталығынан жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсында ерекше жетістікке жеткені үшін грамотамен марапатталды.

2020 жылы оқушысы республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде І орын, облыстық кезеңінде ІІ орын иеленді.

2021 жыл – Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінен білім беру саласында аянбай еңбек еткені үшін «Алғыс хатпен» марапатталды.

2021 жыл – Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінен Республикалық «Үздік педагог» байқауының аудандық кезеңінде үздік жұмысын көрсеткені үшін «Алғыс хатпен» марапатталды.

2020-2021 оқу жылы білім саласында жемісті қызмет атқарғаны үшін «Құрмет Грамотасымен» марапатталды.

2021 жыл – Түркістан облысының Адами Әлеуетті Дамыту басқармасынан «Ағылшын тілін оқытуда тілдік дағдылардың тиімді қолданылуы тақырыбында өткізілген тәжірибелік семинарда озық идеялары үшін «Мадақтамамен» марапатталды.

2021-2022 оқу жылында Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде І дәрежелі дипломмен марапатталды.

2021-2022 оқу жылында Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде Ідәрежелі дипломмен марапатталды.

2021 жылы оқушысы республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде І орын, облыстық кезеңінде ІІ орын иеленді.

2021 жылы оқушысы «TURAN» олимпиадасына қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

2022 жылы – Тәуелсіз Қазақстанның рухани даму жолында ұрпақ тәрбиесіне сіңірген еңбегі үшін «Құрмет Грамотасымен» марапатталды.

2022 жылы – Аудандық Маслихаттан «Грамотамен» марапатталды.

2022 жылы – «Жылдың үздік авторы – 2022» атты шығармашылық байқауына «Ағылшын әдебиетіндегі мақал-мәтелдердің орны» тақырыбы бойынша қатысып, үздік нәтиже көрсеткені үшін І дәрежелі дипломмен марапатталды.

2022 жылы республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде І орын, облыстық кезеңінде І орын иеленіп, республикалық кезеңінде грамота және сертификатпен марапаталлды.

2023-2024 оқу жылында Ғылыми жобаның аудандық кезеңінде І орын, ал облыстық кезеңінде ІІІ орын иеленді.

Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға, – деп Абай атамыз айтқандай, білім нәрімен сусындатқан ұлағатты ұстаздарды шәкірттері әрдайым мақтан тұтары сөзсіз! Қажырлы ерен еңбектің арқасында шәкірт жүрегінен жол таба білген ұстаз болу – қандай бақыт!

Түлкібас аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ ТҰҒЫРЫ