Кәсіподақ ұйымы қолдау көрсетті
Кәсіподақ ұйымы қолдау көрсетуге келді
Шардара аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Ұлықбек Жұман, “Қоссейіт” жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ибадулла Саухатов өрт құшағына оранған мұғалімнің шаңырағында болды .
Қоссейіт ауылында тұратын Сейтжаппаров Асқар мен “Қоссейіт” мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Бота Шораеваның шаңырағы түк қалмай өртеніп кеткен . Кәсіподақ ұйымының төрағасы Ұлықбек Назарұлы басу айтып, кәсіподақ атынан қаржылай көмек беретінін жеткізді.
Әрбір мұғалім кәсіподақ ұйымының мүшесі болғандықтан, қолдау көрсету басты парызымыз.
Ел болып көмек қолын созып жатқан жаны жомарт жандар да табылуда.
Кәсіподақ ұйымының атынан ол кісілерге рақмет айтамыз.