Көңілді эстафета тақырыбында мұғалімдер арасында спорттық сайыс

Жетісай ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты 2023 оқу жылының 18 ақпан күні “М. Горький атындағы №1 мектеп- гимназия” КММ-де мектеп директоры Роза Құрбанқызының ұйымдастыруымен мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абилдаева Гулнар Ахметқызының туған күніне орай “Көңілді эстафета” тақырыбында мұғалімдер арасында спорттық сайыс -сабақ турнирі өткізілді.

Мақсаты : Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, мұғалімдер арасындағы жақсы қарым- қатынасты қалыптастыру, ұжымды ұйымшылдыққа баулу, ынтымақтастықты нығайту. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абилдаева Гулнар Ахметқызын құттықтау үшін Жетісай ауданының Бастауыш Кәсіподақ ұйымының маманы Сәкен мырза мен Білім бөлімінің юрист маманы Артыхов Мұхан мырзаның құттықтау сөздері қабыл алынды. Сайыс 7 турдан тұрды

  1. Пингвиндер жүрісі.
  2. Допты кедергілерден алып өту
  3. Қаппен секіру
  4. Зат тасымалдау
  5. Допты себетке лақтыру.
  6. Секіртпемен секіру
  7. Эстафеталық жарыс

Сайысқа 9 команда қатысты.

Сайыстың қорытындысы бойынша І орын “Қыран” тобы, ІІ орын “Хан тәңірі” тобы, ІІІ орын “Бірлік” тобы иеленді. Қалған командалар “Номинация” мен марапатталды.Жетісай ауданы Бастауыш Кәсіподақ ұйымының маманы Сәкен мырза жүлделі орын иеленген командаларды және туған күн иесін Мақтау қағазын табыстай отырып сыйлықтармен марапаттады

 

Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі!

Көңілді эстафета тақырыбында мұғалімдер арасында спорттық сайыс Көңілді эстафета тақырыбында мұғалімдер арасында спорттық сайыс Көңілді эстафета тақырыбында мұғалімдер арасында спорттық сайыс Көңілді эстафета тақырыбында мұғалімдер арасында спорттық сайыс Көңілді эстафета тақырыбында мұғалімдер арасында спорттық сайыс