«Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті» спорттық сайыс
«Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті»
Мектеп – білім кені, тәлім – тәрбиенің қайнар бұлағы. Келешек ел басқарып, халқының мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетержасампаз жандарды жетілдіретін киелі де, қасиетті ұя. Ал ұстаз – мектеп жүрегі демей ме? Ал, ендеше сол алтын ұя «Ы.Алтынсарин атындағы №63 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, Ы.Алтынсаринның 180 жылдығымен, тұспа -тұс келген Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында ұстаздар арасында « Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті» атты салауатты өмір салтын насихаттау бағыты бойынша спорттық сайыс өтті.
Сайысқа 2 команда шығып күш сынасты.
1 «Жалын» тобы жетекшісі Жасұзақова Айна апайымыз
Батырбеков Дүйсенбек география пәнінің мұғалімі
Анасова Салтанат қосымша білім беру педагогы
Толыс Албина математика пәнінің мұғалімі
Қайырбекова Жадыра биология пәнінің мұғалімі
Сүлеева Феруза ағылшын пәнінің мұғалімі
«Барыс» тобы жетекшісі Айтөреева Айнұр апайымыз
Жайлауова Қалияш қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Әмзе Заңғар дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Кенжеева Аякөз іс жіргізуші
Баратова Маржан медбике
Жарылқасын Ақерке ағылшын пәнінің мұғалімі
Сайыс төмендегі 7 кезеңнен тұрады:
«Өз тобыңды таныстыр», «Кедергі арасымен жүгіру»”Доп”, «Нейрогимнастика», «Нысаны көздеу», «Қасықпен жұмыртқаны алып жүгіру», «Сурет салу», «Арқан тарту»
Осы жоғарыда айтылған жеті кезең бойынша апайларымыз өз топтарын таныстырып, әр кезеңнің шарттарын күшті дайындықпен келгендігін және өздерінің жан – жақты екендігін көрсете білді. Сонымен қаттар Ы.Алтынсаринның 180 жылдығымен, тұспа -тұс келген Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған сұрақтар қойылып, командалар өздерінің дұрыс жауаптарын беріп жатты.
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру – қазіргі міндеттердің бірі.Спорт салауатты өмір салтының кепілі демей ме? Олай болса ұстаздарымыз “Дені саудың -жаны сау “- деген ұранды алға тартып, сайыста өз белсенділіктерімен, ептіліктерін және шапшаңдықтарын көрсете білді.
Сайыс қорытындысы бойынша “Барыс” командасы жеңіске жетті. Мектеп директоры Мырзахасов Ануарбек ағай мен оқу ісінің меңгерушісі Көлбаев Болат ағай сөз сөйлеп өздерінің сый -сияпаттарын тапсырды. Мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Джайлауов Нұрлан ағай аудандық кәсіподақ ұйымының аттынан құттықтап дипломдармен, сыйлықтарын тапсырды. Келген қонақтар өз ризашылығын білдіріп, өте жоғары деңгейде, қызықты жарыс болғанын айтты. Ұйымдастырушы мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Джайлауов Нұрлан ағайға, мектеп директоры өз алғысын білдіріп, отбасына амандық, жұмысына шығармашылық табыс тіледі.