Лагерь
2018 жылдың 15-19 маусым күндері аралығында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында «Кәсіподақ жастар қозғалысы – Рухани жаңару мен жаңғыру жолында» атты жас кәсіподақ көшбасшыларының және жас ұстаздардың республикалық жазғы лагері өтті. Лагерге Түркістан облысының атынан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының маманы,республикалық жастар комиссиясының мүшесі Қорғанбаев Ж.А., М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ң студенттік кәсіподақ комитетінің төрағасы Мұхтаров Д.Б., Бәйдібек ауданы «Күлтөбе» негізгі орта мектебінің химия пәні мұғалімі Көбеева А. ,сонымен қатар
Қазақстанның барлық аймағынан кәсіподақ жастары мен жас ұстаздар, жастар ұйымдарының өкілдері, жоғарғы және орта кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттік кәсіподақ жетекшілері қатысты.Сонымен қатар Еліміздегі іргелі оқу орындарының бірі – Ш.Есенов атындағы мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің мәжіліс залында өткен республикалық жас ұстаздардың жазғы лагерінің салтанатты ашылуынан соң қатысушылар Ақтау қаласының киелі де қасиетті жерлерін аралап, тарихымен танысты.
Лагерьдің екінші күні жастар кәсіподақ төрайымы Майра Амантаевамен «Еркін кездесу» форматында өткен басқосуда пікір алмасу өткізіп, көкейде жүрген сұрақтарына жауаптар алды. Майра Тұрғанқызы өз сөзінде еңбек етуші және студент жастардың құқықтары мен мүдделерін әлеуметтік қорғау бойынша шаралар Кәсіподақтың жастар саясатының негізгі міндеттері болып анықталғанын, олар біздің даму жоспарымызда, салалық облыстық, аудандық келісімдер және ұжымдық шарттарда қарастырылғанын, сонымен қатар, жас жұмыскерлердің заңнамалық құқықтары мен кепілдіктері былтыр қабылданған Келісімде бекітілгенін баса айтты.
Үшінші күні лагерь демалушылары 4 топқа бөлініп, әр топ жұмысшы жастардың әлеуметтік, мәдени дамуына, спортпен шұғылдануына, жастарға тәрбие мен білім беру, кәсіподақ жұмысына жаңа формалар мен тәсілдер енгізу, қоғамдық маңызы бар бастамаларды іске асыру, жастардың әлеуетін кәсіподақ ұйымдары және оның мүшелері үшін пайдалануға жәрдем ету мәселелерін талқылады. Семинар барысында Кәсіподақ төрағасының орынбасары Айгүл Мұқашеваның «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы – республикадағы азаматтық қоғам институты іспетті» дәрісі, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының бас маманы,жастар комиссиясының төрайымы Әбиева Әлия Әділханқызының «Дау-жанжалдардың алдын-алу » және ҚР жастар саясаты саласындағы ұлттық тренерлер пулының мүшесі Еркебұлан Күнтуғанның «Өзін-өзі жетілдіруді жақсартуға арналған коммуникативтік қасиеттерді дамыту» тақырыбындағы жүргізген дәрістерін ерекше атап өту керек.
Лагерьдің негізгі мақсаты болып табылатын – жастардың қоғамдық белсенділігін арттыруды мақсат тұтқан ұйымдастырушылар жастардың құқықтары мен мүдделерінің қорғалу деңгейін анықтау және оларды жетілдіру жолдарын іздестіруді жастардың өзіне жүктеді. Осылайша, дәстүрге айналған үшінші жазғы лагерь қорытындыланып, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды, үздік деп танылып, белсенділік көрсеткен жастарға Кәсіподақ төрайымы атынан Алғыс хаттар берілді.