Лэпбук дегеніміз не?
30.01.2019 ж күні "Ақбұлақ" жом "Лэпбук дегеніміз не?" деген тақырыппен
шеберлік сыныбы өтті.Бұл шараға жалпы білім беретін мектептерде жұмыс
істейтін мектеп алды дайындық топтарының мұғалімдері қатысты.
Семинарды ұйымдастырушы аудандық білім бөлімінің әдіскері Досқара
Раушан. Аудандық кәсіподақ комитеті тарапынан "ҚР Педагог мәртебесі
туралы" заңының жобасы түсіндірілді.Мектеп жаңа ғимаратқа көшкелі
бірінші рет барған екенмін.Мектеп құрылысының сапасы және ұсталуы
жақсы.Сондай-ақ мектеп директоры Табылды Бекмаxанбет тазалықты нақты
жолға қоя білген,материалдық құндылықтар жақсы сақталған!Мектептің
пайдалануға берілгеніне 5 жыл болса да жап-жаңа,шегесі шығып,кафелі
жарылып,сылағы түсіп,сыры көшкен,өңі кеткен жерлері жоқ. Мәжіліс залы
ерекше стильде соғылған,орындықтар бір бұрыштан екі жаққа қарай
қойылған,өте тиімді және ыңғайлы!Семинар өте тартымды және сапалы өтті!
С.Сейфуллин,С.Ысмайылов,Б.Нұрлыбеков,М.Исламқұлов,Б.Кенжебаев,
М.Жұмабаев, Б.Оңтаев,Қ.Бектаев,Қ.Сыпатаеватындағы,"Ақбұлақ","Көкарал"
мектептерінен келген мұғалімдер қолдарынан келген барлық мүмкіндіктерін
пайдаланып,кәсіптік деңгейлері мен шеберліктерін көрсетті!Ешқандай
жасандылығы жоқ,көпшіліктің алдында дайындалғанын көзімізбен
көріп,қолымызға ұстадық.Кәсіптерін жақсы меңгере білген ылғи ісмер
мұғалімдер бір-біріне үйретіп және бір-бірінен үйреніп дегендей уақыттың
зымырап қалай өткенін байқамай да қалыппыз!Көпшілікті жинап
алып,"әйтеуір өткіздің бе" емес,жүйелі де жоспарлы, мағыналы да,тәлімді
жиын болды!Егер әрбір кәсіп иесі өз міндетіне құрметпен қарайтын болса
нәтиже де өз жемісін берері сөзсіз!Дегенмен де мені ойландыратын бір
мәселе болды.Нақтырақ айтқанда сабақта көрнекі құрал ретінде
пайдаланатын лэпбукті дайындау шығыны. Лэпбукты дайындау үшін
көптеген заттар (әсіресе кеңсе заттары, қатты-жұмсақ ойыншықтар,
фотосуреттер,картиналар, мата,жүн,бояулар,түрлі формалы заттар,заттарды
құрастыру үшін қажетті құрал-саймандар т.с.с) мұғалімдердің жеке
қаржысына сатып алынады екен (әрине үйдегі кейбір жарамсыз деп және
артық болып табылатын заттар да пайдаланылды).Дегенмен де мұғалімге
жалақы педагогтік қызметі үшін ғана төленуі керек екенін белгілі!Сонда
мұғалім әрбір сабағына керекті қыруар көрнекіліктер үшін өзі
шығынданатын болса аз ғана жалақысымен қалай күн көреді?Педагог
мәртебесін көтеру жөніндегі заң жобасына осы мәселе жөнінде талап орынды
ұсынылған екен!Жиын соңында семинарға келгендер өз ара пікірлерімізді
бөлісіп, ұйымдастырушыларға ізгі тілектерімізді айтып,тарқастық!