Марапаттау
Түлкібас аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен аудан мектептері мен балалар бақшасының кәсіби мамандықтары бойынша жеткен жетістіктері үшін тамыз конференциясы аясында Абай атындағы мектеп-лицейінде марапаттау өткізілді.
Марапаттауға аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Е.Қадырбеков, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Д.Абишев қатысып, Қазақстан Республикасы білім министірлігінің, облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы және облыстық, аудандық кәсіподақ комитетінің “Құрмет грамотасы” және алғыс хаттары мен білім саласы қызметкерлерін тиісті бағалы сыйлықтармен марапатады.