Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитеті
Мақтаарал ауданы әкімдігінің және Қазақстанның педагогикалық академиясының ұйымдастыруымен 9 қыркүйек күні «Елбасы сыныптастары мен курстастары Түркістан өлкесінде» атты шығарылымның тұсау кесу рәсімі өткізілді.
Іс-шараны Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сыныптастарымен бірге өткерген балалық шағы туралы бейне фильммен басталып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сыныптасы Р.Төлемісованың, Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асановтың және Қазақстанның педагогикалық академиясының президенті Ж.Төлтебайдың құттықтау сөздерімен жалғасып, «Елбасы сыныптастары мен курстастары Түркістан өлкесінде» атты шығарылымның тұсау кесу рәсімі салтанатты түрде кесілді.
Іс-шараға Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сыныптасы Р.Төлемісова, Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асанов, Мақтаарал ауданы мәслихатының хатшысы Қ.Сәрсекбаев, Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов, Шардара аудандық білім бөлімінің басшысы А.Бердалиева, Қазақстанның педагогикалық академиясының президенті Ж.Төлтебай, Мақтаарал аудандық әжелер алқасының төрайымы Ш.Құрбанбаева қатысты.
«Елбасы сыныптастары мен курстастары Түркістан өлкесінде» атты шығарылымның тұсау кесу рәсімі барысында Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасовка «І дәрежелі БІЛІКТІ БАСШЫ» төсбелігici табысталып, марапатталды.
Мақтаарал аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.