Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитеті
Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі мен Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен №1 «Мырзакент» мектеп-гимназиясы мен №2 Абылайхан атындағы жалпы орта мектептерінде «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойы» мен «Кеңес әскерінің Ауғанстан Республикасы жерінен шығарылғанына 32 жыл толуына» орай білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен қызметкерлері арасында барлық санитарлық талаптарды қатаң түрде сақтай отырып спорттың волейбол түрінен жарыс ұйымдастырылып өткізілді.
Еліміз үшін маңызы зор мерекелерге орай ұйымдастырылған жарысқа Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы М.Серікбаев, Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов, Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитеті Атқару комитетінің мүшесі Б.Абилов, Ауған соғысының ардагері, «Құрмет орденінің» иегері Х.Сапаров қатысты.
Жарысқа барлығы үздік деп танылған 12 мектептің құрама командалары қатысып, шын мықтыны анықтады.
Жарыстың қорытындысына сәйкес жүлделі орындарға ие болған мектептерге Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің арнайы дайындаған «Кубоктары» мен мадақтама қағаздары және алғыс хаттарды Атқару комитетінің мүшесі Б.Абилов пен Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Ж.Нұрымбетов салтанатты түрде табыстады.
Мерекелерге орай ұйымдастырылған жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.