Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитеті
Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетілді…
Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі мен Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен білім саласында қызмет атқарып жүрген Ауған соғысының ардагерлеріне сый-құрмет көрсету жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі таңда білім беру саласында еңбек етіп жүрген бес Ауған соғысының ардагерлері бар. Атап айтқанда Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінің директоры Шағдаров Әбдімәлік, Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінің әскери жетекшісі Исонбаев Хамро, Жас алаш жалпы орта мектебінің директорының шаруашлық істері жөніндегі орынбасары Ауелбеков Нурмурад, Мәдениет жалпы орта мектебінің кіші қызметкері Лыжин Сергей және Болашақ жалпы орта мектебінің кіші қызметкері Бапаев Дәулет.
Ауған соғысының ардагерлерінің құрметіне орай ұйымдастырылған шара барысында Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы М.Серікбаев пен Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов білім саласында қызмет атқарып жүрген Ауған соғысының ардагерлерін мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп, Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің дайындаған Алғыс хаттары мен сыйлықтарын табыстады.