МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА БІЛІМ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

Мақтаарал ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен, аудандық кәсіподақ комитетінің қолдауымен «Ақ алтын» мәдениет үйінде «DIGITAL KAZAKHSTAN: заманауи білім беру» тақырыбында аудандық тамыз педагогикалық кеңесі өтті.
Кеңес жиынына аудан әкімінің орынбасары Б.Төребеков, аудандық мәслихат төрағасы Қ.Сәрсекбаев, аудандық білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Қ.Арап, аудандық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары С.Айтынбетов, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы М.Оспанов, ардагер ұстаздар, аудандағы білім беру мекемелерінің басшылары мен бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағалары және БАҚ өкілдері қатысты.
Шара барысында ауданның білім саласындағы жемісті еңбектері үшін бір топ ұстаздар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің “Ы.Алтынсарин” және “Білім беру ісінің құрметті қызметкері” төсбелгілерімен, облыстық кәсіподақ комитетінің түрлі деңгейдегі марапаттарымен, аудан әкімі мен аудандық мәслихат төрағасының алғыс хаттарымен марапатталды.
Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары С.Айтынбетов арнайы «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Еркінбектің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбелігісімен Қажымұқан атындағы жалпы білім беретін мектебінің директоры Ж.Адехановты, Мырзакент мектеп-гимназиясының директоры А.Ниязбековты, А.Тұяқбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.Шамуратованы марапаттаса.
«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен Алғыс хатын: Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Т.Тегисбаеваға, Береке жалпы білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Мырзабековаға, Т.Әубәкіров атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Алибаевқа, Ә.бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ж.Толебаеваға, Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Л.Султановаға, Қ.Әбдалиев атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Садвакасқа табыстады.
Шараның соңы концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, тамыз кеңесіне келген қонақтар мен білім беру саласының қызметкерлері көтеріңкі көңіл күймен тарасты.
Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі